Оқыту шеберханасындағы техникалық қауіпсіздік ережелері



бет1/5
Дата02.01.2022
өлшемі24.93 Kb.
#452384
  1   2   3   4   5
Оқыту шеберханасындағы техникалық қауіпсіздік ережелері


Оқыту шеберханасындағы техникалық қауіпсіздік ережелері

Автокөлік жөндеу алаңындағы жұмыстарға техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж өткен адамдар ғана жіберіледі. Автокөлік жөндеу алаңындағы жұмысшылар арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі керек. Оқыс жағдайларға ұшырап қалмау үшін жоғары кернеулі заттар мен беттері айналып тұрған заттар қажетті қоршаулармен қоршалып немесе арнайы белгі қойылуы керек. Автокөлік жөндеу алаңындағы көлік құралдарының ұзақ жұмыс істеуіне тыйым салынған. Жанар-жағар май материалдары арнайы ыдыстарда не болмаса арнайы бөлінген орындарда сақталуы керек. Автомобильді тексеру үшін кернеуі 96 В-тан жоғары жылжымалы шамдарды қолдануға болмайды.

 Жабдықтар мен аспаптарға қойылатын талаптар:

— слесарь аспабының жұмыс басы зақымдалмауы керек (жарықтар, кетіктер, ойықтар);

— қолмен қысатын жерлерінде өткір қырлары мен кетіктері, майысқан жерлері болмауы керек;

— балка ағаш сапқа нық отырғызылып темір сына қағылуы керек;

— слесарь қысқыш еріндерінің кертіктері жаңа болуы керек;

— аспап пен жабдықты тексеріп тұру қажет;

— кернеуі 96В-тан 1000В-қа дейін электроаспаптармен жұмыс жасаған кезде диэлектрикалық қолғаптарды қолдану қажет;

 Рұқсат етілмейді:

— ескірген ашасы бар гайкалы кілттермен жұмыс жасау;

— кілт тұтқасын басқа кілттермен немесе тұрбамен ұзартуға;

— электроаспапты жетегінен ұстауға немесе айналмалы бөліктерніе қол тигізуге.

 Электр қауіпсіздігі:

  Жұмыс істеп тұрған электр қондырғының ток өткізгіш бөліктеріне адамның жанасуынан токпен жарақаттану қауіпі туады. Күші 0,05 А болатын ток адам өміріне қауіпті болып табылады, ал күші екі есе артық, яғни 0,1 А ток-адамды өлтіріп жібереді. Изоляцияланбаған ток жүретін бөліктерді адам өз бетімен кіре алмайтындай етіп қоршап тастау керек.


  1. Электр сайман арқылы жиі-жиі токтың корпусқа тұйықталуы болмауын, сондай-ақ жұмыс алдында ток келетін сымның дұрыстығын тексеріп отырған жөн, электр аспабы жерге қосылған болуы тиіс. Жерге қостырылмаған жағдайда электр аспабымен жұмыс істеуге тиым салынады.

  2. Қорғауыш резеңке құралдарды пайдалану алдында қарап тексерген жөн, шаң тозаңнан сүрту қажет.

  3. Электр қондырғыларын түрлі станоктар пайдалану немесе жұмыс орындау барысында токқа түскен адамды ажырата білулері және алғашқы жәрдем көрсете алулары қажет.

  4. Адам токқа түскен кезде ажыратқыш қосқышты, қорғағыштарды және т.б. айыру арқылы оған токтың әсер етуін дереу тоқтау керек.

  5. Жарақаттанушыны құтқаратын адам алдымен өзін қауіпсіздендіруі тиіс, ол үшін галош, резеңке қолғап, құрғақ жүн қолғап киюі немесе қолдарын құрғақ шүберекпен орап алуы керек. Мұндай заттар қолда болмаған жағдайда ток өткізгіш сымдарды адамның денесінен құрғақ таяқпен резеңке жіппен, құрғақ киіммен және т.б. алыстатуға болады. Токтың келуін тоқтатқаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін дереу дәрігер шақырған жөн.

  6. Электр шиттің жинақ бөлігі арнайы кіші бөлмелерде орналастырылып, сырты арнайы қораптармен бікітілуі қажет.

Өртке қарсы іс-шаралар:

  Майлауға арналған материалдарды сақтау бөлмелерінде таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар бөлменің сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тікелей сыртқа шығатын есігі болуы тиіс.

Жылжымалы құрамның ТҚК және ТЖ бекеттерінің бөлмелерінде егер көлемі 5 м 3 аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ, майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етіледі.

 1. Электр жабдықтар туралы жалпы мәліметтер


Автомобильдерде электр құрал жабдықтары қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға, жұмыс үдерістерін автоматтандыру мен жүргізуші еңбегіне қолайлы жағдай жасауға арналған. 

Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын қозғалтқышты іске қосуға (стартермен), жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу жабдықтары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.

Электр энергиясын өндіретін приборлар электр тоғының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.

Генератор мен аккумулятор батареясы ток көздері, ал тұтынушылар – электронды басқару блогы, электрқозғалтқыштар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу жабдықтары т.с.с.

 

Электр тоғының көздері механикалың және химиялық энергияны электр энергиясына айналдырады (аккумулятор және генератор).



Тұтынушылар электр тоғы энергиясын - энергияның басқа түріне (механикалык, жарық, дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.

Автомобильдің қаңқасы (метал бөліктері) электр жүйеде «масса» қызметін атқарады, ал жүйе өткізгішін оң полюске жалғастырады. Электр жүйесінің кернеуі әр көліктің сұранысына байланысты 12 В және 24 В.

Автомобильдердің электр жабдықтау жүйесінде микропроцессор мен микроЭВМ-ді қолдану оның түбегейлі күрделенуіне алып келіп соқтырды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, автомобильді пайдалану кезіндегі пайда болған ақаулардың 15-40%-ы электр жабдықтардың үлесіне тиеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет