Жугинисова Айнур Сагындыковна химия пәні мұғалімі Шалқар қаласы №6 орта мектеп



Дата27.03.2024
өлшемі31.52 Kb.
#496683
түріҚұрамы
Су тіршілік көзі


Жугинисова Айнур Сагындыковна химия пәні мұғалімі
Шалқар қаласы №6 орта мектеп

Зерттеудің мақсаты: Адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық, құрамымен, ағзада әсер ететін факторлардың болуы не болмауын сипаттау.


Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Жер бетінде адамзат баласы өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, өзі аясында тіршілік ететін табиғатынан тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болмақ.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысы барысында газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдарын қолданылды, зерттеу жүйелеу қорыту әдістері қолданылды..
Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі: Судың құрамын, сапасын зерттей отырып, қолданылатын судың экологиялық жағынан қауіпсіз болуын көрсету.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының кепілі екенін көрсетеді.
Мазмұны

І. Кіріспе............................................................................................. 3 - 4


ІІ. Зерттеу бөлімі
2. 1 Судың физикалық - химиялық және биологиялық қасиеті............. 5 - 6
2. 2 Ауыз судың сапасы........................................................................... 7 - 12
2. 3Экологиялық таза су адам денсаулығының кепілі........................ 13 - 23
ІІІ. Қорытынды.................................................................................. 24
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер......................................................... 25

Кіріспе


Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады.
Су – қасиетті зат. Судың маңызды рөл атқаратының мына қасиеттерінен көруге болады.
Су - еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді.
Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады;
Су қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.
Судың қасиетін халқымыз ертеде білген, өйткені сумен жуынғанда адам денесіндн мынадай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген: ақыл ойы анықталады; адам бетіне жас өң береді; сергектік; денсаулық; күш; сұлулық; жасару құбылысы; тазалық адам терісі жұмсарып, әрленеді; сұлу әйелдер көңіл аударады. Осыдан барып «Судай сұлуға жолық» деген қанатты алғыс сөз шыққан.

Су адам денсаулығының кепілі екені бәрімізге белгілі. Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі осының бәрі судың қажеттілігін өсіреді және қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек.


Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі дәмі жоқ болып, ең бастасы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. сонымен қатар, адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың, темірдің, күкірттің марганецтің, мыстың, мырыштың және басқа да химиялық заттардың қоспалары бар.
Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеттері де бар. Сулар емдеу орындарында екі түрлі жолмен – ауыз суы ретінде және шомылатын су ретінде пайдаланады.
Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су дегеніміз – өмір.

Су – жер бетіндегі тіршілік көзі. Су – бір тұтас және бөлінбейтін зат.


Су - сутек пен оттектен тұрады. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77, 5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 - ге жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12 - 18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200 - 400 литрге жетіп отыр. Су ресурстарының “мұхит - атмосфера - жер - мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.

Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.


Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк - жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және құрамында хлор мен оның табиғи қоспалары, ауыр металды тұздар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, бактериялар, вирустар және басқалары болмауы қажет.

Су биологиялық тұрғыдан қол жетімді, тез сіңетін болу қажет, яғни су молекулаларының арасындағы беткейлік қысым (БҚ) деңгейі аса үлкен болмау керек. БҚ су молекулалары арасындағы тіркесу күшін, сонымен қатар сұйықтық бетінің пішінін анықтайды. Мысалы, ҮК күшінен тамшы, шабындық, жіңішке ағыс және т. б. пайда болады. Сұйықтықтың буға айналуы молекулалардың тіркесу күшіне байланысты болады. Су құбырының суында ҮК - 73 мН/м, қанда - 53 мН/м бар, ал ішкі және жасушаның сыртындағы суда шамамен 43 мН/м болады. Төмен беткейлік қысымды су биологиялық тұрғыдан қол жетімді. Ағзадағы сұйықтықтың электролиттік құрамын қуаттау үшін су нашар минералданған болуы керек. Судың қаттылығы орта болуы керек. Жасуша үшін тым жұмсақ және тым қатты су бірдей қолайлы. Су аз сілтілі болуы қажет. Негізгі тіршілік аз сілтілі ортадан тұратындықтан, бұл ағзадағы сұйықтықтың қышқылдық - сілтілік тепе - теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Осы орталардың сілтілігін төмендету кезінде биохимиялық үрдіс өзгереді, ағза қышқылданады. Бұл аурулардың пайда болуына әкеледі. Рұқсат етілетін значение қан рН 7, 38 - 7, 42 және осы диапазоннан 10 %- ға да ауытқып кете алмайды. Жансақтау бөлімінің дәрігері аурудың өмір үшін күресі қышқылдық - сілтілік тепетеңдігін қалпына келтіруден басталатынын растайды. 1931ж. физиология және медицина бойынша тыныс алу ферменттері әрекетінің механизмі мен табиғатын ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болған, неміс биохимик - физиологы, Отто Варбург(Warburg, Otto) тарамдарда ауаның жетіспеуі (қышқылды орта рН 7. 0 аз) қалыпты жасушалардың қауіпті жасушаға айналуына әкеледі. Нәрсіз жұқпадан онкологияға дейінгі барлық патология қышқыл ортаға әуес болады. Қышқыл ортада қалыпты жасушаларды зақымдайтын және жоятын еркін радикалдар белсенді түрде пайда болады. Сілтілі ортада олардың бәрі қалыпқа келеді, ал онкологиялық жасушалар – дамымайды. Қышқылдық – сілтілік балансты үйлесімді қолдану - бұл өз өміріңді ұзарту мен оны жоғары сапалы деңгейде сақтау деген сөз! Кез келген сұйық ортада ағып кететін тотығу - тотықсыздану реакциясының параметрлерін реттеудің ең маңызды факторларының бірі тотығу - тотықсыздану әлеуеті (ТТӘ) болып табылады. Судың қышқылдану (+) бола алады, яғни қартаю үрдісіне мүмкіндік туғызады немесе тотықсыздану (-), яғни бұл үрдіске кедергі жасайды. Адам ағзасы (- 100 - 200 милливольт, мВ) мен ауыз судың (+150 -+400мВ, норма бойынша +60 мВ жоғары емес) ішкі ортадағы ТТӘ ерекшелігі ағзадағы ауыз судың ТТӘ өзгертіп, аса зор энергия жұмсау керектігін білдіреді. Ағза тозады, қартаяды, өмірлік маңызды органдардың қызметі ауырлайды. Бұл үрдіс ағзаның ішкі ортасына жақындаған (аз сілтілі, ТТӘ 100 - 300 мВ дейін) ТТӘ бар су енген кезде бәсеңдеуі мүмкін. Бұл ағзаның ішкі энергиясын сақтауға көмектеседі. Су құрылымдалған болу керек. Ағзадағы барлық су құрылымдалған, сонымен қатар бүлінбеген жемістер мен көкөністердегі суда құрылымдалған. Кез келген тірі ағза, өсімдік өзінің тіршілік әрекетінде сырттан келген суды құрылымдауға тырысады. Осы кезде көп энергия жұмсалады. Су молекулалары орналасуының құрылымдық – кристалдық үлгісі. Су туралы жағымсыз ақпараттар аз болуы керек. Жасушаға берілген жағымсыз ақпарат оның биоэнергоақпараттық сипаттамасын бұзады (судың емдік қасиеті мен оны ұзақ сақтау сыры «киелі негіздерден», «Зам - Зам - Су»). Қазіргі кезде судың физикалық - химиялық құрамын өзгерту үшін және оны: таза, «сұйық», биологиялық тұрғыдан қол жетімді, тез сіңетін, қауіпсіз, химиялық белсенді, тірі жасушаның талаптарына сәйкес етуге арналған табиғатта жалғыз ғана зат бар, ол Окинав аралы ауданындағы теңіз түбінен алынатын «О2 рН Сoral Сalcium» (Жапония тұрғындарының ұзақ өмір сүру құпиясы) минералды құрылысы. Бұл күміс және оттегімен байытылған, жоғары - кальцийленген ұнтақ. 1. 5 литр суға 1 г қалта кальций, магний және 70 - тен астам микроэлементтердің бір күндік мөлшерін таза ионды түрде сақтайды, бұл біздің ағзамен оның жоғары биологиялық сіңімділігін көрсетеді. О2 біздің суды қазіргі адам өмірі талабымен пайда болған, стресс салдарынан қорғайтын қуатты сілтілі сусынға айналдырады. 40 жастағы 50% адамға ағзада кальций жетіспейді және 90 % адам осы мәселені 60 жаста кездестіреді екен. Сумен қамтамасыз ету жүйесі – көзден суды алуға, оны реттеуге ж/е қысммен жеткізуге арналған ғимраттар кешені С. қ. е. ж. су алу ғимараттары, сорғы станциялары, суға тұтыну қасиеттерін беру қондырғылары қосалқы ж/е реттеуші ыдыстар, су құбырлары ж/е жабу, реттеу, су алу ж/е тежегіш арматуралармен жабдықталған су құбырлары тораптары кіреді. С. қ. е. ж. жер үсті көздеріне су алу жағалық ж/е арналық әртүрлі су тартқыш құрылғыларымен жүргізілетін өзендер, көлдер, бөгендер, теңіздер жатады. Жер асты көздеріне артезиан грунтты су, арна асты суы, бұлақ көздері жатады. Олардан су алу ұңғымалар шахталық құдықтар, горизонталь ж/е сәлелік су тартқыштар, құрғату ғимараты ж/е жерасты суын жинау құрылыстары арқылы жүргізіледі.
Өнеркәсіптік кәсіп орындарда суды пайдалану сулбасына байланысты С. қ. е. ж. суды тізбектеп пайдаланатын тура ағу ж/е айналма болып жіктеледі. Тура ағу жүйесінде су технологиялық циклде пайдаланғаннан кейін суқоймаға жіберіледі қайтадан пайдалану жүйесінде су өндірістің 1 технологиялық процесінде қолданылады. Осы жүйеде технологиялық процесте пайдаланылған су суқоймаға жіберілмейді, өңдеуден өткен соң қайтадан өндірістік циклге қайтарылады. Ол оттекпен сутектің өзара қосылысы. Оның сыры табиғатта кездесетін оттекпен сутектің әртүрлі изотоптарының болуында. сутектің 3 изотобы бар, жеңілі қарапайым 1Н протий, ауыр 2Н – дейтерий, Д әрпімен белгіленеді. Аса ауыр сутек изотобы 3Н – тритий – Т, радиоактивті жартылай ыдырау мерзімі - 12 жыл шамасы. Табиғатта ең көп тарағаны жеңіл сутек – протий, ал дейтерий одан 6700 еседей аз. Аса ауыр сутек – тритийдің жер бетіндегі мөлшері килограммнан аз. Соған қарамастан, оны әр тамшы судан табуға болады.
Оттекте үш изотоптан тұрады: 16О, 17О, 18О. тыныс алатын оттектің әрбір 600 атомының біреуі 17О, бесеуі 18О, қалғандары 16 Ос изотобы болып келеді. Міне осындай изотоптардың бәріде бірімен - бірі әрекетесіп су түзе алады. Осыған орай химия ғылымы 9 тұрақты су түрі бар деп есептейді. Олар Н2О16 Н2О17 Н2О18, НДО16 НДО18, Д2О16 Д2О17 Д2О18.

Кәдімгі су ең жеңілі, табиғаттағы ең молы. Бірақ осы формулаға сай келетін таза су табиғатта еш уақытта кездескен емес, кездеспейді де. Қарапайым судың изотоптық құрамы үнемі өзгеріп отырады, басқа судан дейтерий көлдегіден әлде қай аз. Буланған суда протий молайып «тазара» түседі қыста өзен көлдері суы қатқанда мұздың изотоптық құрамы өзгеріп сала берді. Онда ауыр сутек азайып керісінше, ауыр оттек көбейеді. Сөйтіп, қатқан мұзбен еріген судың бір еместігі анықталады.


Қолдан жасанды дайындалған, кәдімгі қарапайым су дүниеде бірнеше ірі зертханаларда ғана бар. Сондықтан оның құны алтыннан да қымбат. Ауыр суда таза күйінде кездеспейді. Оның таза болуы қажетте емес. Ауыр су деп құрамында дейтерий мол суларды атай береді, оны ғылым мен ядролық техникада қолданады.
Судың негізгі атқаратын функциялары:
а) Су сыйымдылығына байланысты дененің температурасын бір қалыпты ұстап тұрады.
ә) Дененің қызуы жоғарылағанда су тер болып буланады. Бұл үрдіс энергия жұмсалу арқылы жүреді. Осының нәтижесінде температура қайтадан төмендейді. Осылай ағзада жылу балансы сақталады.
Су ағзадағы қажетті орта. Ағза 12 - 15 су жоғалтса, зат алмасу үрдісі бұзылады, ал 25 өмірі тоқталады. Әр ағзада су белгілі бір мерзімде жаңартылып тұрады.
Адам 30 - 40 күнде өмір сүрсе, сусыз 3 күн ғана шыдай алады екен.

Су ағзада қышқылмен негідік ортаны тепе - теңдігін сақтайды адам ағзасының мүшелерімен ұлпалары судан тұрады: ми, сұр түсті зат - 84, бүйрек - 82, өкпе - 79, бұлшықеттер - 76 бауыр - 70, жүрек - 79, тері - 72, сүйек - 40, қан плазмасы - 92.


Биологиялық сүйықтардаға судың мөлшері 88 - 99, 5 шамасында болады. Кәрі ағзамен салыстырғанда, жас ағза құрамда су көп болады. Тірі ағзаға су ауыз арқылы енеді, ал сорылып сіңуі асқазанда басталады. Суды өте көп ішкеннің өзінде қан сұйылмайды. Өйткені су қан бөлініп, жасушааралық сұйыққа қосылады. Судың бір бөлігін бауыр ұстап қалады.
Табиғи минералды және бұлақ сулары жерасты ауыз суымен жабдықтау көздерінің белгіленген санитарлық аймақтары болған кезде өнеркәсіптік санаттар бойынша бекітілген суды пайдалану қоры бар жерасты сулары орналасқан жерлерде ғана өндіріледі.

Ауыз сумен жабдықтау кезіндегі табиғи минералды және бұлақ суларының құрамы, температурасы мен басқа да елеулі сипаттамалары көзді пайдалану кезеңінде жерасты суларының табиғи гидродинамикалық режимінің ауысуы шегінде тұрақты болып қалуға тиіс.


Ауыз суды өндіруге арналған жабдық судың ластану мүмкіндігін болдырмайтындай және су көзінен шығардағы сол суға тән қасиеттерін сақтайтындай етіп орнатылуға тиіс.
Табиғи минералды және бұлақ суы алынған көзіне жақын жерде ыдысқа құйылады.
Осы Техникалық регламент күшіне енгенге дейін табиғи минералды суды шығарған өндірістер үшін алған көзінен құю орнына дейін мамандандырылған цистерналарда табиғи минералды суларды тасымалдауға жол беріледі.

Табиғи минералды суларды мамандандырылған цистерналарда тасымалдау судың ластануын болдырмайтын санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталған кезде, мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдары белгіленген тәртіппен берген санитарлық паспорты бар көлік құралдарымен жүзеге асырылады.


Табиғи минералды және бұлақ суы ыдыстарға құйылар алдында оларға физиологиялық толыққандылық қасиеттерін беретін, олардың бастапқы химиялық және микробиологиялық құрамын өзгерте алатын қандай да бір өңдеуге ұшырамайды.

Атап айтқанда, УФ - зарарсыздандырудан, озонданудан басқа, қандай да бір тәсілмен дезинфекциялық өңдеуге немесе табиғи минералды және бұлақ суындағы автохтонды бактериялардың тірі тізбегін өзгертуге қабілетті басқа кез келген өңдеуге тыйым салынады.


Табиғи минералды және бұлақ суындағы бактериялардың туындайтын тізбектерінің автохтонды жалпы мөлшері тіршілік етуге қабілетті тізбектердің қалыпты мөлшеріне сәйкес келуге және су көзін барлық ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
Тіршілік етуге қабілетті тізбектердің қалыпты мөлшері қандай да бір өңдеуге дейін су көзіндегі тізбектердің жалпы қолданбалы мөлшерін білдіреді.

Ыдыстарға құйылған табиғи минералды және бұлақ суындағы тіршілік ететін тізбектердің жалпы саны жерасты суы көздерінде қандай болса, сол сияқты болуы тиіс.


Су көзінен алынған табиғи минералды су үшін граммен микроорганизмдердің пайда болған бірліктері тізбектерінің (бұдан әрі - ПБТ) саны бактериялардың басталу температурасы жиырма екі градус Цельсий болғанда жиырма граммнан және бактерия бапталуының температурасы отыз жеті градус Цельсий болғанда бес граммнан аспауға тиіс.
Ыдыстарға құйылған табиғи минералды су үшін ПБТ саны бактерияларды баптау температурасы жиырма екі градус Цельсий болғанда бір жүз граммнан және бактерияларды баптау температурасы отыз жеті градус Цельсий болғанда жиырма граммнан аспауға тиіс.

Автохтондық бактериялар тізбегінің сандық және сапалық құрамы табиғи минералды судың физиологиялық толыққандылығын медициналық - биологиялық бағалау кезінде, сондай - ақ суды зерттеу кезінде сәйкестендіру көрсеткіштері ретінде назарға алынады және мезгіл - мезгіл бақыланады.


Су көзіндегі жай - күйде болғандағыдай табиғи минералды және бұлақ суларына көмірқышқыл газын енгізуден басқа, ешқандай қоспа қосылмауы тиіс.
Табиғи минералды және бұлақ суларын өңдеудің мынадай әдістеріне рұқсат етіледі:
оның құрамынан темір және күкірт қосындыларын алып тастау мақсатында аэрациядан кейін суды сүзгілеу немесе декантирлендіру;
темірдің, марганецтің, күкірттің, сондай - ақ кейбір табиғи минералды суларда болатын тотияйынның қосындыларын алып тастау үшін озонмен байытылған ауаны өңдеу;
тек физикалық әдіспен ғана көмірқышқыл газын толық немесе ішінара алып тастау.
Өңдеу әдістері судың құрамын өзгертпеуі тиіс.

Табиғи минералды және бұлақ суларын өңдеу әдістері туралы мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдары хабардар етіледі.


Табиғи минералды және бұлақ суларының физиологиялық толыққандылығы ғылыми медициналық - биологиялық зерттеулермен дәлелденуге тиіс.
Ғылыми бекітілген әдістеме бойынша жүргізілуге тиіс талдаулар табиғи минералды сулардың жеке сипаттамасын және оның адам организміне, мәселен, зәр шығаруға, асқазан мен ішектің жұмыс істеуіне, минералдар тапшылығын толтыруға әсер етуін айқындау үшін жарамды болуы тиіс.

Табиғи минералды судың сапасы мен физиологиялық толыққандылығын медициналық - биологиялық бағалау клиникаға дейінгі және қажетіне қарай, клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша беріледі, олар медициналық қорытынды түрінде ресімделеді.


Табиғи минералды суға берілетін медициналық қорытынды егер оны қолданған уақытта су шығатын жерді пайдалану режимінде, судың химиялық және микробиологиялық құрамында, өндіріс технологиясында өзгерістер болса, қайта қарауға жатады.
Жерасты сулары шығатын жерді пайдалану процесінде табиғи минералды және бұлақ суы ластанып, осы Техникалық регламенттің 24 - тармағында белгіленген талаптарға және химиялық және микробиологиялық сипаттамаларға сай болмағанда, өндіруші су өндіру жөніндегі операцияларды, сондай - ақ ыдыстарға құю процесін судың ластануы жойылып, әрі ол белгіленген қауіпсіздік талаптарына жауап бергенге дейін дереу тоқтата тұрады.

Шығатын жері белгілі ауыз сулар мынадай жалпы сипаттамаларға ие болуы тиіс:


жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көздерінен өндірілуі;
олардың белгілі бір және нақты шығарылатын жері болуға тиіс және орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесі арқылы өтпеуге тиіс; ауыз сумен жабдықтау желісі арқылы берілетін су алдын ала дайындалған деп саналады және осы тармақтың 5 - тармақшасының талаптарына жауап бере алмайды, сондықтан шығарылған жеріне қарамастан, шығарылған жерден алынған су ретінде ыдысқа құюға жарамайды;
жерасты сулары халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы және жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтай отырып өндіріледі;
суды алу шарттары бойынша оның бастапқы микробиологиялық тазалығының сақталуына кепілдік беруге және оның бастапқы химиялық құрамы сақталуға;
суды дайындау тәсілдері оның физикалық - химиялық сипаттамаларын елеулі өзгертпеуге және оның химиялық, радиациялық және микробиологиялық қауіпсіздігін нашарлатпауға;
микробиологиялық қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында су суды дайындаудың микробқа қарсы тәсілімен өңделеді.

Ауыз сумен жабдықтаудың бірнеше көздерінен алынған суды тұмшалауға, сондай - ақ судың ластануын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде шығу көзінен құю орнына дейін мамандандырылған цистерналарда су тасымалдауға рұқсат етіледі.


Адам ағзасына судың пайдасы мол. Іш қатуға түрлі ем қолдануға болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы – оны сумен емдеу. Ол үшін күнделікті таңғы астан 30 - 40 минут бұрын ашқарында қайнаған су ішіп тұру керек. Суға әркім өз қалауы бойынша бал, қант, тосап қосып ішуге де болады. Суды күніне үш рет ішуге болады, бірақ таңертең ішкен судың пайдасы зор.
Су туралы ата - бабаларымыз өте ертеден - ақ құнды пікірлер айтқан. Су қазақ халқы үшін философиялық ой түюдің негізі болды. Әлемдегі түрлі жүріп жатқан құбылыстарды су арқылы не сумен салыстыра қабылдады.

«Аққан суда тоқтау жоқ, тіршілікте талас жоқ» деген нақыл сөзде әлемдік шексіз дүниенің мәңгілік екенін, олар тоқтаусыз үнемі қозғалыста болатынын ағын сумен салыстырады. «Тау мен тасты су бұзады» деген сөзден судың энергетикалық күшінің бар екенің ата - бабаларымыз қазіргі пайдаланып жүрген су электр станциялар жасағаннан бұрын айтқанда аңғармыз. Бабаларымыз судың құдіретті күш екенін ертеден аңғарып, оны қорлауға, ластауға болмайтынын ескеріп, экологиялық тазалық жағына көңіл бөледі. Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі - су. Су - өмір көзі, жер нәрі, тіршілік көзі. Сусыз ешбір ағза өмір сүре алмайды. Өйткені барлық тіршіліктің пайда болуында, жер шарының климаттың қалыптасуында аса маңызды рөл атқарады. Су іс жүзінде технологиялық үрдістердің міндетті компоненті. Судың ең басты функциясы тіршілікті қамтамасыз ету болады. Су - тіршілік тірегі Сусыз тіршілік болмайды.

Экологиялық таза су деп - барлық параметрлері белгіленген нормаларға сәйкес келуімен, қатар адам денсаулығын нығайтатын суды айтамыз. Сондықтан жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының керілі. Жоғарыда айтылғандай, көптеген көздері әр түрлі жерге салынған және су құбырларының істен шығуын, пайдаланылатын су құбырларын тазалау өте сирек жүргізіледі. Егер қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, материалдық жағдай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Осы себептерден ауыз суының сапасының дер кезінде бақылаудың және су сапасын жақсартуды алдын - ала ойластырудың қиындығы туады. Алдымен қазіргі уақытта пайдаланатын судың сапасының өзгерісін уақытында бақылау үшін экологиялық тұрғыдан бақылау қажет. Бұл мәселені шешу үшін біз осы ауылдағы ауыз судың экологиялық сапасын зерттедік. Біздің зерттеулеріміз оң нәтижелер берді. Судың зерттелген органилептикалық қасиеттері барлық талаптарға сай келеді, оның көрсеткіштері белгіленген нормаға сәйкес. Бірақ бірінші және екінші скважиналардан алынған су сынамаларында нитраттардың көп мөлшері байқады.
Төртінші және бесінші скважиналар суында басқалармен салыстырғанда судың кермектілігі жоғары болды, бірақ бұл жер асты сулары үшін санитарлық - гигиеналық талаптарға сай.
"Ас - адамның арқауы" демекші астан алса, астың негізі су болып табылады.
Ең таза адам ағзасына пайдасы зор - бұлақ суы.

"Бұлақ көрсең көзін аш", "Су анасы - бұлақ" деп ата - бабаларымыз бекер айтпаған. Ата - бабаларымыз сонау ерте заманнан - ақ бұлақ көздерін ашып, суларының шипалы қасиеттерін түрлі ауруларды емдеуге пайдалана білген.


Сонымен, жан - жақты іздену зерттеу нәтижелеріне, жеке пайдалану барысында өз бойымызда болған оңды өзгерістерге сүйене отырып, осы көзін өзіміз ашып, атын қойған бұлақ суымыздың шипалы, қасиетті су екендігін сенімді түрде айта аламын. Осы бұлақ суын бабаларымыз сияқты "Халықтың медицинада " пайдалансақ деймін. Және жалпы ішік құрылыстарды емдеу мақсатында халыққа емдікке пайдалануға ұсынамын!

Ел Президентінің "Қазақстан 2030" Жолдауында былай деп жазылған: "2030жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Барыс өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін табиғатпен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады". Ендеше жер бетіндегі басқа да су көздерін зерттеп, олардың тазалығы экологияға, адамға әсері туралы өте қажет қорытындылар, ұсыныстар жасауға болады.


Су - табиғаттың теңдесі жоқ байлығы. Сондықтан да жер бетінде тұщы су қорын көбейтіп, таза ұстау, ластамай үнемдеп, орынды жұмсау әрбір азаматтың парызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет