Оқытушының студенттерді сабаққа қатынасуын белгілеуі, олардың назар зейінін дәрістік мақсаты, міндеттеріне сабаққа аударуы, ұйымдастырылуы және бұл іс-шараларға уақытты үнемді пайдалануына назар аудару қажет
___________________________________ факультеті ___________________________________ кафедрасы
АШЫҚ САБАҚТЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЖУРНАЛЫ 20__ -20___ОҚУ ЖЫЛЫ
ШЫМКЕНТ 20____ж.
І. АШЫҚ САБАҚ, СЕМИНАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ ҮЛГІСІ Сабақтың ұйымдастырылу кезеңін бағалауда:оқытушының студенттерді сабаққа қатынасуын белгілеуі, олардың назар зейінін дәрістік мақсаты, міндеттеріне сабаққа аударуы, ұйымдастырылуы және бұл іс-шараларға уақытты үнемді пайдалануына назар аудару қажет.
Сабақтың жетістіктерін бағалауда:оқытушының өзін-өзі еркін сезінуі, сөйлеу мәнері, дауыс екпіні, сөйлеу мәдениеті, тақырыптың мазмұны жетік білуі, оқу материалын түсінікті жеткізуіне (ғылыми дәрежеде, кітап тілінде немесе өз сөзімен студенттерге түсіндіру қабілеті) назар аударыңыздар. Сабақтың басқа пәндермен байланыстылығы, осы ғылымындағы соңғы жаңалықтарды, және педагогикалық технологияларды пайдалануы, студенттердің тақырыпқа қызығушылығын арттыра білуі, аудиторияны өзіне қарата алуы және студенттермен кері байланыс дәрежесі, тақырыптың өтілген тақырыптарымен байланыстылығ, сабақта көрнекі және техникалық құралдарды, интерактивті әдістерді пайдалануы және т.б. ескерілуі тиіс. Өтілген сабақ тақырыбының пәннің типтік, күнтізбелік бағдарламаларға сәйкес келуіне көңіл бөліңіздер.