ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: (Жылдамдық) Қысқа қашықтыққа жүгірудің әр-түрлі старттық жұлқулар мен жылдамдықтың жалпы және арнайы жаттығуларды дамыту, (ерсілі қарсылы жүгіруді дамыту)
Орындаған: Болысбек Алина
Тобы:ЖБИ-011
Түркістан 2021
(Жылдамдық) Қысқа қашықтыққа жүгірудің әр-түрлі старттық жұлқулар мен жылдамдықтың жалпы және арнайы жаттығуларды дамыту, (ерсілі қарсылы жүгіруді дамыту)
Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, Жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары. Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, Секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай Топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер Балалар мен қыз балаларға арналған. Жеңіл атлетика бойыншаәйелдерге арналған, ашық Стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған – 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де Арналған 14 спорт түрі. Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс Болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші Жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт Алаңдары мен залдары. Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір Бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондайақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық Пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік.
Сонымен қатар, жеңіл атлетиканы классикалық (к) (олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі. Қазіргі таңда олимпиада ойындары бағдарламаларына ерлерге Арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24 түрі, ал әйелдерде 22 Түрі кіреді. Жеңіл атлетика топтарының түрін қарастырайық. Спорттық жүру- арнайы бағытты түрі, арнайы Шыдамдылықты қажет етеді. Бұл ерлермен бірге әйелдерге де Қатысты. Әйелдерге : стадионда -3,5, 10км
Манежде – 3,5 км
Жол бойында -10,20 км
Ерлерге: стадионда -3,5,10,20 км
Манежде – 3,5 км
Жол бойында – 35, 50 км
Классикалық (К) түрі ерлерде – 20, 50 км, әйелдерде -20 км.
Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен,
кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.
Тегіс жермен жүгіру -жылдамдықты талап ететін қысқа қашықтықтағы жүгіру(спринт), 100-400м аралықты жүгіру жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді. Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі.30, 60, 100(К), 200 (К)м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. Ұзақ қашықтықтағы спринт стадиондар мен манеждерде өткізіледі.300, 400, (К), 600м, әйелдер мен ерлерге бірдей
қашықтық.
Шыдамдылылыққа жүгіру: - орта қашықтық: 800(К), 1000, 1500 (К) м, 1миль.
Стадиондар мен манеждерде өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - алыс қашықтық: 3000, 5000 (К), 10 000 (К)м, тек
стадиондар мен манежде (3000) өткізіледі,әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - өте алыс қашықтық:15; 21,0975; 42,195(К); 100 км жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - ультра алыс қашықтық: тәуліктік жүгірустадионда немесе жолда өткізіледі. Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қашықтық. Сонымен қатар 1000миль(1609,3м) мильге және ең ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін. Кедергімен жугіру құрылымы бойынша шыдамдылық пен жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық тек стадионда ғана өткізіледі. Тосқауылдан өтіп жүгіру – арнайы шыдамдылықты, ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000, 3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін. Эстафеталық жүгіру – құрылымы бойынша бір бағытты жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді. Классикалық түрі 4х100 м және 4х400м, ерлер мен әйелдерге бірдей, стадионда өткізіледі.Манежде 4х200 м және 4х400 м, бұл да ерлер мен әйелдерге бірдей. Сонымен қатар стадионда әр түрлі қашықтықта мысалы, 800,1000, 1500 м және адам санына шек қойылмай өткізіле береді. Қала көшелері бойымен де әр түрлі адам санымен жәнеәр түрлі қашықтықта эстафеталық жүгірулер болады, Аралас эстафеталарда болады (әйелдер мен ерлер). Бұрын ең атақты эсатфеталардың бірі шведтерде болатын: 800+400+200+100 м ерлерде; 400+300+200+100 м
әйелдерде. Кросстық жүгіріс –(ағыл cross) ойлы- қырлы жерлермен, табиғи кедергілерден өте жүгіру. Орманды жерлер мен саябақтарда өткізіледі. Арнайы шыдамдылық пен ептілікті қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км; ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км. Жеңіл атлетикалық секірулерекі топқа бөлінеді: биіктікке және ұзындыққа секіру. Біріншісіне: а) жүгіріп келіп биіктікке секіру; б) жүгіріп келіп сырықпен секіру. Екіншісіне: а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру; б) жүгіріп келіп үштікке секіру. Жеңіл атлетикалық секірулердің бірінші тобы: а) жүгіріп келіп биіктікке секіру (К) – спортшыдан жылдамдық пен күштілікті,ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
б) жүгіріп келіп сырықпен секіру (К) - спортшыдан
жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететн секрудің периодтық емес түрі. Техникалық жағынан жеңіл атлетиканың ең қиын түрлерінің бірі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі. Жеңіл атлетикалық секірістердің екінші тобы: а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (К) – құрылымы бойынша аралас түрге жатады, спортшыдан жылдамдық пен батылдықты талап етеді. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі. б) жүгіріп келіп үштікке секіру (К) – спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |