Ойын бизнесiн ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі54.05 Kb.
#7495
Ойын бизнесiн ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 60, 859-құжат; "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 19 сәуiрдегi № 164-168 (27242); "Казахстанская правда" от 19.04.2012 г., № 108-109 (26927-26928)


Баспасөз релизi

      «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) ойын бизнесiн ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi;
      2) ойын бизнесiн ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың нысандары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекiтiлген    

Ойын бизнесiн ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға (лицензиарға) өзiнiң «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) букмекерлiк кеңсе үшiн:
      меншiк немесе мүлiктiк жалдау (сенiмгерлiк басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлiгiнiң) болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылған, көрсетiлген ойын жабдығына меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге ойын жабдығының тiзбесi;
      күзет қызметiн жүзеге асыруға заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшiрмесi;
      ойын мекемесi жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткiзiлетiн бәс тiгудiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қағидалары;
      бiрiншi талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етiлгенге дейiнгi салым), тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 20 000 мөлшерiнде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейлi банкпен жасалған шарттың көшiрмесi;
      кассалар тiзiмi.
      2) тотализатор үшiн:
      меншiк немесе мүлiктiк жалдау (сенiмгерлiк басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлiгiнiң) болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылған, көрсетiлген ойын жабдығына меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi бар ойын жабдығының тiзбесi;
      күзет қызметiн жүзеге асыруға заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшiрмесi;
      ойын мекемесi жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткiзiлетiн бәс тiгудiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қағидалары;
      бiрiншi талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етiлгенге дейiнгi салым), тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 5 000 мөлшерiнде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейлi банкпен жасалған шарттың көшiрмесi;
      кассалар тiзiмi.
      3) казино үшiн:
      казиноның ойын бизнесiн жүргiзу үшiн айқындалған аумақта орналасуы туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасы;
      меншiк немесе мүлiктiк жалдау (сенiмгерлiк басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлiгiнiң) болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылған, көрсетiлген ойын жабдығына меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi бар ойын жабдығының тiзбесi;
      қолданылатын заңдастырылған белгiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үлгiлерi мен номинацияларының болуы;
      күзет қызметiн жүзеге асыруға заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшiрмесi;
      ойын мекемесi жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткiзiлетiн бәс тiгудiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қағидалары;
      бiрiншi талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етiлгенге дейiнгi салым), тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 мөлшерiнде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейлi банкпен жасалған шарттың көшiрмесi;
      4) ойын автоматтары залы үшiн:
      ойын автоматтары залының ойын бизнесiн жүргiзу үшiн айқындалған аумақта орналасуы туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасы;
      меншiк немесе мүлiктiк жалдау (сенiмгерлiк басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлiгiнiң) болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылған, көрсетiлген ойын жабдығына меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi бар ойын жабдығының тiзбесi;
      қолданылатын заңдастырылған белгiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үлгiлерi мен номинацияларының болуы;
      әр ойын автоматына арналған сәйкестiк сертификаты;
      күзет қызметiн жүзеге асыруға заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшiрмесi;
      ойын мекемесi жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткiзiлетiн бәс тiгудiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қағидалары;
      бiрiншi талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етiлгенге дейiнгi салым), тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 мөлшерiнде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейлi банкпен жасалған шарттың көшiрмесi;
      2. Осы тiзбенiң 1-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi ұсынылған жағдайда олардың шынайылығын салыстырып тексеру үшiн мұндай құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекiтiлген    

Нысаны


Ойын жабдығының тiзбесi

      Орны: __________________________________________


      Меншiк иесi: __________________________________



Ойын жабдығының түрi

Дайындаушы зауыт, сериялы №

Сәйкестiк сертификатының деректерi

Тестiлеу күнi

Ұтыс пайызы

Техникалық жағдайы

1

2

3

4

5

6

7











































М.О.      қолы

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекiтiлген     

Нысаны


Кассалар тiзiмi*

      ____________________________________________________________


                        өтiнiм берушiнiң атауы

      ______________________________________________________________


    ойын бизнесiнiң саласын, ойын мекемесiнiң орналасқан жерiн, оның атауын көрсету



Елдi мекен

Орналасқан жерi

Электрондық кассаның мекенжайы

1

2

3

4













      *Кассалардың ашылуы немесе қолданыстағы кассалардың орналасқан жерiнiң өзгеруi кезiнде 10 күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға кассалардың өзгертiлген тiзiмiн ұсынуға мiндеттенемiн

      М.О.      қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет