ЭССЕ
“Ойлаудың философиялық түрі,сын және күмәндану ретінде”
Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылызаттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз.Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады. Әлем шексiз, соған орай дүниенi танып бiлу де шексiз. Адамның ойы сол шексiз әлемдегi нәрселердiң сырын, құпиясын бiлуге бағытталады. Әрбiр адам ойланып-толғанғанда өзiне беймәлiм нәрселердiң сырын ашып, жаңалықты бiледi.Ойлау дегенiмiз- әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланыстыпсихикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiңжалпы және жанамабейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiруәрекеттер арқылытанылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанамажолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып түседi.Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі болды . Философия – даналыққа құштарлық (Пифагор). «Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» (Т. Гоббс). Философиның пәніойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Сондай-ақ. философияға сұқбаттық сипат және эвристикалық мүмкіндіктер тән. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттықсанасындағы өзгерістердің шарты.