Жоғарғы педагогик Молдагалиев Мирас мф – 3 моөЖ апта Ойлау қабілеті мен жеке адам ерекшеліктері қандай?



бет1/8
Дата03.12.2023
өлшемі41.08 Kb.
#485303
  1   2   3   4   5   6   7   8
8 апта МОӨЖ


Жоғарғы педагогик
Молдагалиев Мирас
МФ – 13
МОӨЖ 8 апта
Ойлау қабілеті мен жеке адам ерекшеліктері қандай?

Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат-мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса — мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді .


Сонымен, ойлау дегеніміз — әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілімен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау — сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практиқалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен әлдекайда асып түседі.
І. Ойлау туралы жалпы түсінік
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтыңн заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы. Сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі онын танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен керінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) тынық мұхит аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ дегеннің не екенін білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық (1964) сутегінде айтылған.
Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер балалар да, қыздар да қатты қызығып, өздерінше бөпе қылып әлдилеп, киіндіріп, ұйықтатып ойнай бастаған. Бұған қарап қыз балаларда биологиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті, ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал, бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды. Арал тұрғындары тұрмысының бір ерекшелігі де осындай еді, баланы күтіп-бағумен неғұрлым қолы бос еркектер айналысады екен.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының акиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логиканық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижсеі. Ойлау-заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындықка айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері.
Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық- түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұрақка жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетгі тез анғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми-техникалық прогресс «ойлайтын» машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды». Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін, Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет