Қолданушы нұсқамасы «Электрондық үкімет» порталы мен «Электрондық үкімет» төлем шлюзінде жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлды қалай төлеу керек



Дата12.07.2016
өлшемі15.36 Kb.
#193668
Қолданушы нұсқамасы

«Электрондық үкімет» порталы мен «Электрондық үкімет» төлем шлюзінде жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлды қалай төлеу керек.

1 қадам. «Электрондық үкімет» порталы веб-парағына (ЭҮП) www.egov.kz адресі бойынша кіріңіз және ЖИН мен кілтсөз арқылы қолданушыны авторландырыңыз.





2 қадам. «Бюджетке төлеу» бөлімін таңдаңыз, әрі қарай осы беттен «Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу» сілтемесін басыңыз.



3.1. Қадам Мәліметтерді алуға болатын арнайы формалы беттен «Жүргізуші куәлігі бойынша құқықбұзушылықты іздеу» бөлігін таңдаңыз.



3.2. Қадам. Егер жүргізуші куәлігіңіз бойынша құқықбұзушылық таппасаңыз, толық ақпарат алу үшін екінші тәсілді пайдаланып көріңіз. Келесіде толтыруға міндетті саналатын «бланк түрі», «бланк номері». «бланк сериясы», «құқықбұзылған күн» жолдарына мәліметтерді тіркеңіз.



4 Қадам. Көрсетілген тізімнен бұзылған құқық түрін таңдап, «Төлеу» тетігін басыңыз.



5 қадам. СТН жазып, «Төлеу» нүктесін басыңыз. Ары қарай «Электрондық үкімет» төлем шлюзі бетіне ауысу қажет.



6 қадам. Ұсынылған тізімнен төлем түрін таңдаңыз. «Төлем картасының көмегімен төлеуді» таңдаңыз, «Ары қарай» нүктесін басыңыз.



7 қадам. Төлеуге арналған реквизиттерді растау бетінде жеке мәліметтерді тексеріп алыңыз. «Ары қарай» нүктесін басыңыз.



8 қадам. Төлем картасы мәліметтерін толтырып, «Төлеу» нүктесін басыңыз.



9 қадам. Төлемді растаңыз



10 қадам. Электронды чек алыңыз. Сіз оны сақтап, басып шығара аласыз. Және «Қызмет төлемі тарихынан» чектің көшірмесін таба аласыз.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет