Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы министрлігі
«Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» ММ
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ
Жеміс дақылдарының бактериалдық күйігін анықтау және есепке алудың әдістемелік нұсқамасы
Астана 2013
Өсімдік карантині және өсімдіктерді қорғау саласының мамандарына арналған әдістемелік нұсқама
Әдістемелік нұсқаманы дайындағандар:
С.С. Хасенов, А.М. Марс, Р.Ш Амергужин, («Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» ММ); М.С. Алиев, А.А. Мухышов, Г.Г. Сатин, З.Х. Токмурзина, С.К. Ходжаназарова., («Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ ).
Әдістемелік нұсқама Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесінде қаралып, қолданысқа енгізуге ұсынылды. (2013 ж. 30.04. №1 хаттама)
Кіріспе
Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі-Erwinia amylovora (Curill.)- Бактериальный ожог плодовых деревьев. Ауру біздің еліміздің бақтарына үлкен қауіп төндіреді. Өнім түсімінің төмендеуі мен жеміс ағаштарының өлуінен, сонымен қатар ауру ағаштарды орнынан алып тазалаудан үлкен экономикалық шығын келеді. Алмұрт, алма бақтарына және телімбақтарға (питомниктерге) үлкен зиян келтіреді. Жеміс ағаштарының басқа ауруларымен салыстырғанда күйік ауруы өте үлкен зиян келтіреді. Күйік ауруы Қазақстан Республикасының территориясына отырғызу және телу материалдарымен, жемістермен бірге келуі мүмкін. Жеміс ағаштарының күйік ауруы алғаш рет Солтүстік Америка құрылығында анықталған.
Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі
-
Таралуы. АҚШ, Канада, Мексика, Чили, Колумбия, Жаңа Зеландия, Қытай, Жапония, Сауд Аравиясында, Египетте, Түркияда, Арменияда және Европаның көптеген елдерінде: Ұлы Британия, Франция, Нидерланд, Польша, Италия және т.б. таралған.
-
2. Өсімдік иелері. Ауру 100 астам өсімдіктердің түрлерін зақымдайды. Ең көп зақымдалатын өсімдіктердің қатарына раушан гүлділер тұқымдастары жатады: алмұрт, алма, өрік, таңқурай, бүлдірген, раушан, құрма, грек жаңғағы, пираканта, стравезия, хеномелес, мушмула және т. б. Жол жиектері мен қоршау ретінде өсірілетін долана мен қызыл тал ауру сақталатын өсімдіктер.
3. Зияндылығы. Өте жылдам таралатын болғандықтан аурудың зияндылығы өте жоғары. Ауру күшті деңгейде таралған бақтарда жеміс ағаштарының 20-50 пайызға дейін зақымдалуы мүмкін, соның ішінде ағаштардың 10-20 пайызы толық өледі. Мұндай жағдайда ауа райы қолайлы болғанда өнім түсімі азаяды, кейде толықтай жойылады. Елімізде жеміс ағашының бактериялық күйігінің таралуы алмұрт, алма бақтарына және телімбақтарға орасан зор нұсқан келтіреді. Жеміс дақылдары бақтарының аудандарын көбейтуге тосқауыл болады.
4. Биологиялық ерекшелігі. Аурудың қоздырғышы зақымдалған өсімдікте қыстайды. Көктемде ағаш сөлдері жүре бастағанда, бактериялар сөлмен бірге ағаштың барлық мүшелеріне таралады. Бактерияның көбеюіне ауаның жоғары ылғалдылығы және 18-20ºС температура қолайлы. Бактериалардың көбеюінің нәтижесінде жапырақ бетінде ұсақ тамшылар, жұқа, жылтыр түсті экссудат пайда болады. Осы инфекция көзінен ауру гүл шоғырына, жапырақтарға және бір жылдық өркендерге таралады. Қоздырғыш әдетте гүлдің аналық ауызында дамиды. Жаңбыр, шық инфекцияның аналық ауызынан жуылып, таралуын тездетеді. Жапырақтарға, көк жемістерге, өркендерге, қаңқалық бұталарға бактерия зақымдалған жерлер, устицалар арқылы өтеді. Экссудат тамшыларындағы бактерия өзінің өміршендігін күн жарықта 22 сағат, қараңғыда 2 айға дейін сақтайды. Бактериалдық күйіктің дамуына ауаның ылғалдылығы, температура әсер етеді. Аурудың дамуы ауа температурасы +16+29ºС болған кезде жақсы жүреді. Қолайлы температура +25+30ºС, төменгі шегі +3ºС. Ауа темпрературасы +43-50ºС болғанда бактерия өледі.
5. Бактериалдық күйікпен зақымдалудың белгілері. Өсімдіктің жер бетіндегі орналасқан бөлімдерінің барлығы зақымдалады. Алғашқы белгілерін өсімдік гүлдеген кезде анықтауға болады. Зақымдалған гүлдер суланған тәрізді көрініп, артынан қарайып солады. Алма ағашының зақымдалған гүлдері қара қоңыр түстеніп, алмұрттікі қарайып, жерге түспей вегетативтік кезеңнің аяғына дейін тұрады. Піспеген алма, алмұрт жемістерінде, қысқа мерзім аралығында бүкіл жемістің бетіне таралатын, майлы, бурыл-қызыл немесе қара-бурыл дақтар пайда болады, кейде ұсақ экссудат бөлінеді, зақымдалған жеміс солып, қатып қалады. Алма ағашының жапырақтарында, алғашқыда жапырақ жүйелерінің арасында кішігірім қызғылт (алмұртта қарақоңыр) қотыр пайда болып, уақыт өте келе ұлғайып жапырақты тұтас басып кетеді. Жас, жасыл өскіндердің ұштары бүгіліп (доғаланып) солады. Ылғалды күндері сүт тәрізді ақ түсті экссудаттың бөлінгені байқалады. Залалданған жас жемістер қоңырланып немесе қарайып кеуіп, гүлдер секілді бұталарда түспей ілініп тұрады. Ағашта инфекция жоғарыдан төмен қарай, яғни біржылдық өскіндерінен бұталарға, ары қарай діңіне таралады. Ағаш бұтағының қабығы инфекция дамып жатқан жерінде суланып ісінеді және қысқан кезде жырықтардан сұйық зат бөлінеді. Ағаштың зақымдалған қабықтарында вегетациялық кезеңнің аяғында кішігірім қотырлар пайда болады. Бұталар мен ағаштың діңгегінің инфекция түскен жерден бастап жоғарғы жағы қурайды. Қатты зақымдалған ағаш от жалынымен шарпылғандай көрінеді. Бактериалдық күйіктің қоздырғыштары тек зақымдалған өсімдіктерде ғана қыстайды.
Аурудың дамуына ағаштың гүлдеу кезеңіндегі 70% жоғары ылғалдылық және ауа температурасының +18º С-тан жоғары болуы өте ыңғайлы.
Көктемде бактериялар өсімдікке гүлден, жаралардан, жарықтардан, устицалардан енеді. Ауру сабақтардың ұшынан басталады және аурудың дамуына қарай белгілері гүлде, сабақта, жапырағында және түйнегінде байқалады. Бүршігі, гүлі ашылмай қоңырланады, қараяды бірақ түсіп қалмайды. Жас сабақтар қоңырқайланады және көп жағдайда сабағының ұшы қайырылып, «малшы ілмегі» сияқты болады. Жапырақтары қоңыр және қара, шетінен ортасына қарай қоңыр түстерге боялады, барлық вегетация кезеңі бойында ағашта қалып қояды. Залалданған ағаш діңдерінде қоңыр-жасыл сулы дақтар пайда болады, бұл жерлерде ағаш қабығы жұмсарады және тамшы түрінде ақ сүт түстес экссудат бөлінеді.
Ағаш діңінің қабығында үшбұрышты жара пайда болып, нәтижесінде дами келе ағаштың қурап қалуына алып келеді. Зақымдалған ағашты кескенде кескен жердің түсі қоңыр қызыл, ал өткізгіш түтікшелер «мрамор» түсті болады.
Залалданған жеміс түйнектері қоңыр-қызыл түсті болып, бүріскен және мумификацияланған күйінде ағаштарда ілініп тұрады.
Қыстап шыққан жаралар аса қауіпті. Экссудат гүлдің көктемгі залалдану көзі болып табылады. Аурудың даму жағдайына байланысты бактериялар ағаштың діңіне, бұталарына толық таралып, оны қуратып жібереді.
6. Морфологиялық көрсеткіші. Erwinia amylovoria қоздырғышының түрі, жылжымалы перитриалды таяқшалар, өлшемі (1,1-1,6х0,6-0,9) мкм; споралары мен капсулалары (қалташалар) болмайды. Агарада өсірілген колониялардың пішіні домалақ, кішкентай, түзу шеңберлі, аз палесцирланады, ақ, жылтыр, консистенциясы майлы.
7. Таралу жолдары. Үлкен ара қашықтыққа бактериалдық күйік негізінен залалданған екпе ағаштармен таралады. Сонымен қатар жәндіктер, құстар арқылы, жауын – шашын және ауамен таралады.
8. Тексеріп қарау әдістері. Жеміс ағаштарын өсіретін аудандарда жеміс ағашының күйігін анықтау, күйіктің таралуын есепке алу және жою үшін анықтау және қорғау жұмыстары жүргізіледі.
Ауруды анықтау үшін бақтарға және жабайы өсетін жеміс дақылдарына гүлдеуден бастап жаздың аяғына дейін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Флюоресцияланушылар тобындағы бактериялар жеміс ағашының бактериалдық күйігіне ұқсас аурулар тудырады.
Дамуының ерекше белгісі ақ, сүт түстес экссудаттың бөлінуі, бірақ ол ауаның жоғары ылғалдылығында болады, ал қоздырғышқа ыңғайсыз жағдайда экссудат болмайды, осыған байланысты аурудың дұрыс анықталмауы мүмкін. Сонымен күйіктің белгілері, қысқы абиотикалық залалдануға, әртүрлі ағаш қабығы мен қабық асты бөліктерінің микоздарының дамуына, кейбір жәндіктердің зақымдауына ұқсас.
Анықтау жұмыстары үлкен көлемді жерлерде жалпы ағаштардың < 20%, ауданы 3 га-дан төмен бақтарда ағаштардың 25-50%, жеке үйлердің бауларында - 50-100% жүргізіледі.
Анықтау жұмыстары тексеру жүргізілетін жердің екі диагоналымен және төрт жағымен жүріп өту арқылы жүргізіледі.
Тексеру мерзімі. Ауруды уақытылы анықтау мақсатында, анықтау жұмыстарын көктемде жеміс ағаштарының гүлдеу кезінде жүргізеді. Бұл кезде аурудың «гүлдің күйігі» деп аталатын кезеңі анықталады. Осы мерзім бактериалдық аурулардың байқалуын анықтауға қолайлы кезең, себебі бактериоз жаз айларында байқалмайды. Күз кезінде жеміс беретін бақтар мен көшетжайларда тексеру жұмыстарын жүргізуге болады.
Анықтау жұмыстарын жүргізудің тәртібі. Ең алдымен көшет және телу материалдарын беретін жеміс көшетжайлары тексеріледі, одан кейін фермерлік шаруашылықтар, ботаникалық бақтар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің бақтары, шет елден екпе көшеттерді алатын жеке шаруашылықтардың бақтары тексеріледі.
Тексеру жұмыстары алма, алмұрт, сүйекті және раушангүлділер тұқымдасына жататын мәдени және жабайы ағаштары бар бақтарда жүргізіледі.
Көшетжайларда әр ағашты тексереді.
Көлемі үлкен бақтарда әрбір оныншы ағаш тексеріледі. Тексеру кезінде анықтаушы бақтарда өлген жеміс ағаштарының бар-жоғын, егер бар болса қандай себептен өлгенін, қандай сорттар және қай уақытта өлгенін, сонымен қатар осы жағдайдан кейін экономикалық зияндылықтың қандай болғанын, көшетжайда соңғы үш жылда қанша екпе ағашының өлгенін анықтауы қажет. Жиналған ақпаратты әрбір қожалықтың жеріне жасалған тексеру актісіне енгізеді.
Үлгі алу. Флюоресцияланатын Pseudomonas syryngae, Pseudomonas cerasi тобының бактериялары жеміс ағаштарында күйікке ұқсас ауру тудырады, бірақ онда сүт тәрізді ақ экссудат бөлінбейді, сүт тәрізді ақ экссудат Erwinia amylovora қоздырғышына ғана тән. Анықтаушы күйік ауруына күдікті әр ағаштан, ауру қоздырғышын анықтау және зерттеу үшін үлгі алуы қажет. Үлгіге ағаштың қабығы, бұтасы, өркені, гүлшоғыры, аурудың анық белгісі бар жеміс түйіндері алынады. Бұталарын, қабықтарын және өркендерін үлгіге алған кезде зақымдалған және сау бөлігінің шекарасы анық байқалатындай етіп өсімдіктің сау бөлігін қосып алады. Бір ағаштан бірнеше үлгі алынады (5-10). Бір үлгіде бір өсімдіктен немесе бір сорттың әр түрлі ағашынан алынған, ағаштың әр түрлі бөліктері болуы мүмкін.
Әр үлгіде ағаштың аты, жердің аты, алынған мерзімі жазылған және ауру белгісі сипатталған этикеткасы болуы қажет.
Әр сорттың үлгісін басқа сорттардан бөлек қағаз қаптамаға, картон қорапқа немесе ағаш жәшікке салу қажет. Үлгілерді хлорланған немесе ауа өтпейтін целлюлозадан істелген жұқа қаптарға (пакет) салуға болмайды, ондай орамда үлгілер тез шіріп, жарамсыз болып қалады.
Сараптама жасау үшін бактериалдық күйікпен зақымдалған белгілері бар және жасырын инфекциясы бар болуы мүмкін өсімдіктерден үлгі алынады. Алынған күдікті және зақымдалған үлгілер, Erwinia amylovora қоздырғышының бар екендігін растау үшін «Республикалық карантиндік зертханаға» жіберіледі. Erwinia amylovora қоздырғышы ИФА, ПЦР-диагностикалық серологиялық сараптамаларын жасау арқылы анықталады.
Ауа райының ысуына байланысты ауру дамуын бәсеңдетеді, ағаш діңінің сау және зақымданған жерлерінің арасында жарықтар пайда болады. Аурудың қоздырғышы ағаштың заладанған жерінде қыстайды және осы жерден көктемде қайтадан тарайды.
Сонымен қатар күйік қоздырғышының, сыртқы көрінісі білінбей, ағашта жасырын инфекция түрінде сақталатындығы туралы ақпарат бар.
Анықтау жұмыстары кезінде кесіліп алынған бұтақтардағы ауру қоздырғыштары 3 - 10 күн аралағында сақаталады, сондықтан сараптамаға тек жаңадан кесілген үлгілер жіберіледі.
Сорттардың төзімділігі. Алма және алмұрттың қазіргі таңдағы сорттарының бактериалдық күйікке төзімділігі әр түрлі. Иммунды сорттары жоқ. Алмалардың келесі түрлері өте төзімді: Айдаред, Джонатан, Гала, Женева, Апорт, Спартан, Чемпион. Орташа және төзімділігі төмен сорттар: Джонаголд, Ампир, Голден Делишес, RedDilicious, Мельба. Өсімдіктің залалдану деңгейі алма ағашының екпесіне байланысты. Көптеген аласа бойлы (карликовые) екпелер (М9, М26, В9, Р2, Р22, Р29) күйік қоздырғышына өте төзімді. Аз зақымдалатындар: ММ106, М7, ММ111, 62-396, 54-118 (VanderZwet, Bell, Blake, 1984). Алмұрт ағаштары алма ағаштарымен салыстырғанда қатты залалданады. Шет елдік сорттардын ішінде төзімділері: Генерал Леклер, Дуранду, Триумф Пакгама, Санта Мария, груша Вильямса және Батыс Европа елдерінде үлкен көлемде егілетін Конференция сорты.
Күресу шаралары:
-
Жеміс ағаштарының күйігінің негізгі таралу жолы, екпе ағашы және телім материалдары болғандықтан, екпе және телім материалдарын зақымдалған аудандардан басқа аудандарға апаруға тыйым салады.
-
Жеміс ағаштарының күйігінің алдын алу үшін залалданбаған екпе және телім материалдарын қолданады.
-
Гүлдеу кезеңінің соңынан өнім жинайтын уақытқа дейін, бақтарда үнемі тексеру жүргізу қажет.
-
Барлық шет елдерден келетін екпе және телім материалдарын, жасырын карантиндік нысандарды анықтау үшін интродукциялық карантиндік телімбақта міндетті түрде тексеруден өткізу қажет.
-
Бақтарда аурудың әсерінен екпе ағаштардың қурауы 30% немесе одан жоғары болса, оларды орнынан алып, өртеу қажет. Ағаштар әлсіз залалданған жағдайда, залалданған жерді 20-40 см сау жерлерді қоса кесіп алып, аурудың таралуын тоқтатуға болады. Кесу құралын міндетті түрде 10 %, мыс купоросы ерітіндісімен, 70 % метил спиртімен дезинфекциялау қажет, ағаштың кесілген жерін де 1% мыс купоросы ерітіндісімен немесе эмульсиялы бояумен дезинфекциялау қажет.
-
Бақтан 500 метр қашықтыққа дейінгі жердегі жабайы өсіп тұрған долананы және қызыл талды жою қажет.
-
Аурудың қоздырғыштарын тасымалдағыштар: бітелер, медяницалар және басқа жәндіктер.
-
Азот тыңайтқыштарын жерге қажетті мөлшерде ғана салу арқылы өсімдіктің ауруларға төзімділігін жоғарылатуға болады.
-
Зақымдалған екпе ағаштарында жазғы кесу жұмыстарын жүргізбейді.
1қосымша
Жеміс ағашының күйігін анықтау актісі
__________________________ ____»_________________20__г.
Облыс _______________________, аудан (қала)_________________________
Шаруашылық_____________________, а/округ ____________________________
Комиссия құрамы:
өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспектор __________________,
(аты жөні)
ҚР АШМ АӨК МИК
«РФД және БӘО» ММ тексеруші маманы _____________________,
(аты-жөні)
шаруашылық өкілі_______________________________________________
(аты-жөні)
Анықталды:
Жер телімінің нөмірі немесе аты ____________________________________
Телімнің иесі ____________________________________________________
(заңды тұлғанын аты немесе жеке тұлғаның аты жөні )
Дақылдың аты_________________________________________________________
Сорты ______________________________________________________________
Егілген дақылдың барлық ауданы______________________________________ га
Бақылау жүргізілген уақыттағы ауа райы жағдайы________________________
Тексерілгені ______________ га., ағаштар ______________ дана.
Залалданғаны _________________ га., ағаштар ______________ дана.
Алынған үлгінің этикеткасы № _______________________________________
Тексеруші ____________________________________ _______________
(аты жөні) (қолы)
Шаруашылық өкілі _____________________________ _______________
(аты жөні) (қолы)
Ескерту: мемлекеттік және жекетұлғаның жерлері жеке жеке көрсетіледі.
2 қосымша
Этикетка
1. Республика, облыс ________________________________________________
2. Аудан ___________________________________________________________
3. Елді мекен _________________________________________________
4. Шаруашылық ____________________________________________________
5. Пайдаланылатын жердің аты __________________________________________
6. Тұқымдық материалдардың және көшеттердің шығу тегі__________________
7. Жеміс ағашының жасы______________________________________________
8. Сорты____________________________________________________________
9. Сынаманың алыну мерзімі_____________________________________________
10.Тексерушінің тегі __________________________________________
Пайдаланылған ғылыми әдебиеттердің тізімі
1.«Өсімдік карантині туралы нұсқама материалдар жинағы», Смоленск, 1984.
2. «Қазақстан Республикасы территориясында таралған ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерінің ішіндегі карантиндік маңызы бар зиянды организмдер туралы анықтама» Алматы, 2008.
3. Оқулық «Карантин растений в РФ» п.р. э.ғ.д А.С. Васютин, б.ғ.д. А.И. Сметанин Мәскеу «Колос» 2001;
4. Оқулық «Временные методические указания по карантинной проверке и обследованию импортного семенного и посадолчного материала» КСРО Ауылшаруашылығы Министрлігі, Мәскеу 1971;
5. «Методика обследования на установление карантинного состояния посевов, насаждений, земельных угодий и складских помещений пограничной с сопредельными странами зоны СССР» КСРО АШМ, Мәскеу, 1975 год;
6. «Временные методические указания по обсдедованию плодовых на выявления Ожога плодовых деревьев» өсімдік қорғау жөніндегі орталық лаборатория директоры М.Шамонин, бактериологиялық бөлімінің меңгерушісі Н.Кабалкина, 1965 год.
7.Жеміс және жидек ағаштары ауруларының атласы. Исаева Е.В., «Урожай»,1977.52 бет.
Мазмұны
Кіріспе
-
Таралуы
-
Өсімдік иесі
-
Зияндылығы
-
Биологиялық ерекшеліктері
-
Бактериалды күйікпен заладану белгілері
-
Морфологиялық ерекшеліктері
-
Таралу жолдары
-
Тексеру әдістері
-
Күресу іс-шаралары
Достарыңызбен бөлісу: |