Өлкетану журналы Әдебиет Асқарбеков Жақсылық Серікбекұлы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тана мырза ауылы



Дата07.07.2016
өлшемі23.89 Kb.
#184023
Өлкетану журналы - Әдебиет

Асқарбеков Жақсылық Серікбекұлы

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Тана мырза ауылы

9-сынып оқушысы

Рухтану

Өлең жазам, бірақ ақын емеспін,

Қуып келем , соңынан бір елестің.

Өмір жайлы, көңіл жайлы кейде мен,

Өзді-өзіммен , өлеңіммен кеңестім.

Міне , бүгін сәт те туды қолайлы,

Сәби көңлім жыр жазуды қалайды.

Том-том болып тұрмасам да дүкенде,

Тамсандырам, таң қалдырам талайды.

Мен сенемін болашаққа ертеңгі...

Деп айтпаймын , кейбіреуше « ертегі».

Өңім емес, түнде көрген түсімде,

Елбасы кеп, маған бата береді.

Осы түсті айтып едім атама,

Атам үнсіз құшағына ұзақ қысты да.

Көмейіне келіп қалған сөздерін,

Сыйғызды атам маған берген батаға.

Алып ұшып айтып едім әжеме,

Қуаныштан көздеріне жас алды.

О, ғажайып, менің әжем әп сәтте,

Көз алдымда, қас қағымда жасарды!

Зыр жүгіріп жүріп кетті қалайша?

Қуанады құтты сәби балаша.

Бауырсағын, шелпегін де пысырып,

Дастархан да дайындады тамаша!

  • 2 -

Туған-туыс, көрші-қолаң бәрі де,

Жасы менен ақ сақалды кәрі де,

Бірі қалмай, біздің үйге жиналды,

Табақ толы күздіктің еті сыйланды.

Бата берді қариялар дуалы,

Бүкіл ауыл шын көңілмен қуанды.

Ал , балалар, дөңгелене қоршап ап,

Қайта-қайта түсім жайлы сұрады.

Ертеңінде ұстазыма айтып ем,

Мейірлене, ол жымиып қарады.

Сәл дауысын кенеді де ақырын,

Бар назарды екеумізге аударды.

Көрген түсің қандай ғажап тамаша!

Қуануға татиды екен балаша,

Енді саған үлгі болып басқаға,

Жүру керек, жүру керек жаңаша!

«Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер

Жанбай жатып сөнсеңіз»

Деген сөз бар ұлы ақын Абайда,

Көкірегіңе тоқып алғын, жарай ма?

Міндеттісің , орындауға сен енді,

Елбасының бұл сенімін қалайда!!!

Үміт етіп саған елің қарайды,

Ерекше бір бала екен деп санайды.

Азамат бол , ел тізгінін ұстайтын

Үздік оқып, ақылды боп жарай ма ?

  • 3 -

Сол күннен соң мен ерекше өзгердім,

Мақсат қойдым биік-биік алдыма.

Бар сабақты тек үздікке меңгердім,

Көп нәрселер келеді екен қолымнан.

Бос уақытым қазірде жоқтың қасы,

« Елің үшін сен ертең керек жансың!»

Солай деген түсімде көрген кезде,

Басымнан мейірлене сипап тұрып Елбасы.

Кел, достарым, тізе қоссақ бәріміз

Еліміздің ертеңіміз, нарымыз

Ал Елбасы біздер үшін мәңгілік

Болашақты салып берген бағымыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет