Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі
«№ 3 орта мектебі» ММ
Тақырыбы: Ата көрген-оқ
жонар, ана көрген- тон
пішер
Өткізген : Мауленова Г.С.
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Ата көрген- оқ жонар, ана көрген- тон пішер.»
Мақсаты:
-
Оқушылардың білетін білімдерін пысықтап, ойын түрлері арқылы есте сақтату;
-
Өз білімдерін ортаға сала білу, ойларын толық айту, ортада өз-өздерін ұстау, сабырлылық пен ұстамдыққа баулу;
-
Топпен араласа алу, ұйымшыл бола білу және шапшаңдық пен жеке тұлғаның өзін-өзі басқара алуына ықпал жасау.
Көрнекілік: нақыл сөздер, себет пен жемістер, сөзжұмбақтар, мәтін , үнтаспа.
Сабақ түрі: жарыс сабақ.
Өтілуі: ( музыка ойналып тұрады)
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді.
Білімнің нәрлі сырына
Қадамдарың оң болсын!
Әр топ өз орындарына тұрсын.
І.Таныстыру. Әр топ басшысы өз тобын таныстырады.Жүргізуші әр тапсырманы дұрыс орындаған топ себетіне жемістер салып береді.
ІІ.Топ басшылар сайысы. Шарты: топ басшылары қолдарындағы туды тез көтеру арқылы білімдерін ортаға салады.
Сұрақтары: 1.Жаңа гимн қашан қабылданды? ( 2006 жылы , қаңтар айы) Оның авторлары кім? (Н.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов, Ш.Қалдаяқов)
2. Қазақстан валютасы, яғни төл ақшасы қай жылы айналымға түсті?(1993 жылы, 15 қарашада)
3. Тұңғыш президентіміз қашан сайланды? (1991 жылы, 1 желтоқсан)
4. Қазақ халқында тұңғыш ғарышқа кім ұшты? (Тоқтар Әубәкіров)
5. Қазақстан Республикасы Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж. 30 тамыз)
6. Желтоқсан құрбандарын ата.
7. Қазақстан туының авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
8. Төл ақшамызда кімдер бейнеленген?
9. Қазақ Ордасының соңғы ханы кім? (Әбілмансұр)
10.Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
11. «Халық жауы» деген лақап атпен кімдер құрбан болды?
12. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (19)
13. Қаламыздың әкімі кім?
14. Қаламызда қандай үлкен өндіріс орындары бар?
15. Қаламызда адам саны қанша?
(Көп сұраққа жауап берген топқа 5 жеміс, азына 2-3 жеміс салынады.)
ІІІ.Жұмбақ жарысы. Шарты: әр топ үйге берілген тапсырма бойынша 3 жұмбақ даярлап, қарсыластарына жасыру керек.
Жүргізуші: -Енді ұпай санын молайту үшін менің де жұмбақтарыма жауап табыңдар: 1. Екі құлақты, 2. Өзі арық , сөзі әріп (қалам)
Мысық аяқты, 3. Тіріден өлі туады,
Түйе ерінді, Өліден тірі туады. (жұмыртқа)
Ешкі құйрықты
( қоян) 4. Аспай түскен, қайнамай піскен (жеміс)
ІV.Эмблемаларын қорғау. Шарты: Үйден даярлап келген таңбаларының мәнін ашып, түсіндіру.
V. Өнер сайысы.
Жүргізуші: - Өнерге қанат қаққандар, сіздерсіздер.Сендердің орталарыңда әнші де, күйші де, биші де, сайқымазақ та, актер де бар. Ендеше, бүгін кімнің өнерін тамашалар екенбіз, қане, ортаға шақырайық! (Әр топ 1 өнер көрсету керек)
VІ.Топпен жұмыс. Шарты: Жарты топ сөзжұмбақ шешеді де, жартсы дайын мәтіннің қатесін дұрыстауы керек. Қай топ ұйымшылдықпен бірінші әрі қатесіз орындаса 5 ұпай беріледі. Келесі топқа3 ұпай беріледі.
VІІ. Қорытынды. Әр топ өз орындарына тұрып, өздерінің ұрандары бойынша ойынды аяқтайды. Себеттегі жеміс санын санау арқылы осы сабақтың жеңімпаздары анықталады. Топ басшылары марапатталады.
Сөзімді еске сақта да, - Жетпей ме саған зейінің
Жауыңнан қорқып зытсаң да, Басқа зат бар ғой ойнасаң,
Оттан қарғып аттама! Белбеуді салма мойныңа!
5.Пілге қарап сабырлы 6.Қалталы қасқырға
Мүйізтұмсық жалынды: Жөн айтты таз тырна:
-Таянбашы жағыңды! -Дей берме «білем мен»
Отырма жүреңнен!
7.Ат тіл қатты Өгізге: 8.Жапалақ айтты ақылын
-Мені «жатым» дегізбе Қызғышқа келіп өтініп
Үйге жиі кел де, -Жайлап жүр, сөйле ақырын
Босағаны керме! Ысқырма үйде отырып!
9.Кейіді тентек Қонжыққа 10.Мысыққа Қанден жөн айтты
Керік-қамқор кәрі ана Жөн айтқанда дөп айтты:
-Болсада мейлі бал жұққан -Аузыңды ашып текке
Пышақтың жүзін жалама! Ақты жерге төкпе!
11.Ойнақтап жүрген өзекте 12.Кездесіп Барыс Маймылға
Бұрылып Қоян Көжекке Жүрмісіз деді- жай мұнда
Арқадан қақты : Бекерге сөйлеп, босқа айтпа
-Қой бала! Бөркіңді теуіп ойнама! Бейітке қолыңды шошайтпа!
13.Қолтырауын еңіремей тұра ма,
Дельфин айтты:
-Бейуақытта жылама!
«Түн» тобы:
1.Мәнісін біл байқа да, 2.Балта ұқтырды Араға
Өз ішіңнен қайтала -Сақта сөзімді есте
Піл ұқтырды Пілтайға: Өсіп тұрған далада
-Басыңды текке шайқама! Жалғыз ағашты кеспе!
3.Қошқар айтты Қошақанға 4.Ұқтырды Ешкі Лаққа
-Үйді айнала жүгірме! -Жөнді білмей лақпа,
Таңдайыңды қақпа
5.Бұзауға Бұқа ұрысты 6.Бота көріп Бұзауқанды жайлауда
Ұрысқаны дұрыс ты Шақырыпты бірге жүріп ойнауға
-Иығыңдағы бас па, тас па? Шөлдесең кел, науаға жақында
Отты шашпа, күлді баспа! Шелектегі суға аузыңды батырма!
7.Арыстан айтты Аюға: 8.Жайылып жүрген жотада
-Жадыңда сақта лайымда Ескертті Бура Ботаға
Әдептен озбауды ойла -Үлгілі сөзді ұмытпа
Қолыңды төбеңе қойма! Түкіре көрме құдыққа-
Есі жоққа ерме,
Езуіңді керме!
9.Ормандағы алаңда 10.Қарақұспен сөйлесіпті Қаршыға
Үйретті Ұлар Қабанға -Бұдан былай келісейік біз енді
-Қанша етке тойсаң да, Майға пышақ шаншыма,
Нанды баспа табанға! Құшақтама тізеңді!
11.Арыстан айтты Аюға 12.Түйеқұс кеп Тауыққа:
Әдепті болу жайында -Айтқан сөзге нан- деді
-Өзіңді өзің қыстама Еріккеннен жаныштап
Қолыңды артыңа ұстама! Көкті жұлма жердегі!
13.Көк Бөрі Бөлтірікке алаңғасар
Мұңая қарады да ойға кетті
-Байқамай аң да басар, адам басар
Пышақты шалқасынан қойма!- депті.
-Міне, балалар , осы аңдар айтқан тыйымдар мен ырымдарды күнделікті естеріңе сақтап , жаман әдеттен сақ жүріңдер.
Ойын. «Қандай аң?» қимылмен ғана көрсету.
-Кезекті әнге берейік.
4. Мақал жалғасын табу.
1-топқа: 2-топқа:
-«Білімді мыңды жығар, .......» «Алтау ала болса, ауыздағы
«Арпа бидай ас екен, ............» кетеді, ................................»
«Еңбектің наны тәтті,............» «Еңбек етсең ерінбей,........»
«Оқу- ине ...............................» «Әдепті бала арлы бала.....»
«Оқу- білім..........................»
Топқа мақал қиындысын беріп, құрату, мазмұнын түсіндіру.
Жанкүйерлерге жұмбақ жасыру.
3-бөлім . Сахыналық қойылым.
1- топ . «Шық бермес Шығайбай мен Алдар» аңызын сахыналайды.
2- топ. «Өлген қазан» ертегісін сахыналайды.
«Қыс» тақырыбы бойынша кезектесіп бір-бір сөйлемнен жазып, әңгіме құрастыру.
Жанкүйерлердің қорытынды тақпақтары:
1-оқушы : «Жақсы сөз жарым ырыс» дейді халық,
Әрқашан жүргей соны еске алып!
2-оқушы: Білер қазақ баласы
«Сәлем- сөздің анасы»
3-оқушы: «Жылы киім-тәнді жылытар, Жылы сөз- жанды жылытар»
Ендеше, сұрай қалсаң «өтінем»деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!
4-оқушы: «Алмақтың да салмағы бар» «Рахмет» деген алғыс сөзді жадыңнан шығарма!
5-оқушы : Біреуді байқамай қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде кешірім сұра, қиын емес.
6-оқушы: «Тәні саудың-жаны сау» Үнемі мұнтаздай таза жүруді әдет қыл.
7-оқушы: «Жалқау-жарты кісі», «Жалқау-өзіне жау» дейді халық.Осы сөзді тыңдап, жалқаулықтан аулақ бол!
8-оқушы: «Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің». Қанатты сөзді есіңе сақтап, ас ішудің тәртібін сақта!
9-оқушы : «Әкеден –ақыл, анадан-мейір» деген. Ата-анаңды құрметте, бауырларыңды сыйла. Олар саған ең жақын адамдар.
10-оқушы: «Әдепті бала-ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар»дегендей, әдепті бала болуға тырысыңдар.Қуаныш та, бақыт та сенімен бірге болады.
11-оқушы: «Сақтықта – қорлық жоқ!» Ендеше, жаман әдеттерден аулақ жүріңдер!
Қорытынды : 1,2,3
Дем аламыз жинап күш
Жақсы үйреніп салтымды
Жақсы оқимыз сабақты!
-Бүгінгі тәрбиелік сағаттан өзіңе не алдың?
-Әсіресе не ұнады ? Неге?
-Алда тағы қандай тақырып туралы білгің келеді? Сұрақтары бойынша бекітіп, қорытынды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |