Омарова Бақтыгүл Әшімқызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№28 «Алпамыс»санаториялық балабақша
тәрбиешісі
Желтоқсан алауы-тәуелсіздік бастауы.
Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, бүлдіршіндер!
Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер демекпіз.
Жастық жырын желтоқсан да самғаттым,
Бұл-бұл құсым үнін асқақ сайраттың
Егеменді ел боп алдың бүгінде
Рухына бас иемін Қайраттың.
Қан төгілді қара жерге қаншама,
Қайғылы жай белгісі гой баршаңа.
Егеменді ел боп алдын бүгінде
Қуанышым менің мәңгі тарқама!
Еліміз 1991жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешіргенен бәріміз біліміз. Бүгінгі мерекеде құрметті қонақтар сіздерге денсаулық, отбасыларынызға амандық, бақыт, бірлік, ынтымақ болсын деп тілейміз. Еліміз тыныш боп, бүлдүршіндеріміз бақытты өмір сүрулеріне тілектеспіз.
«Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату тәтті тірлік болып қашанда
Бейбіт өмір, бар халықпен жақталсын
-демекші, өткенімізді құрметтейтін, бүгінді бағалайтын, ертеңімізге сеніммен қарайтын, азамат болындар, балалар!
Тәулсіздігіміз құтты болсын!
Құттықтау сөз бала- бақша меңгерушісі: С.Доспаеваға береміз
«Қазақ деген қалын жұрт
Бәрін кешті басынан
Тәуелсіздік туынды
Биік көтер жас улан»
«ҚР Әнұраны»- орындалады.
Жургізуші;
«Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың
Шарпыған сәтті үмітпен күндік наланың
Желтоқсан-Қайрат, Ләззат пенен Сабира
Құрбаны болған жаланың.
Намысымның шырағыда желтоқсан
Сұрқай өмір сынағы да желтоқсан
Жігіттердің ұраны да желтоқан
Жаңа күннің шуағы да желтоқсан.
Бүлдіршіндеріміз дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1.Өз жерімде өзім ие болған күн
Елшат Тілім таза бостандығын алған күн
Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп
Тарихыма өшпес белгі салған күн.
2. Жанымыз жомарт қазақпыз
Аянат Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты буырлар
Жанайық жансақ маздап біз.
Рамазан 3.Биік болсын шоқтығын
Атыңды айтам ән қылы
Желбіреші көк туым
Төбемізде мәнгілік.
Диана 4.Сұлу дала! Менің сұлу еркімсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы қазақ болып туғаным
О, туған жер, тамашасың, көркемсің.
Ақназым 5. Өзіңдікі елін де
Өзіңдікі жерін де
Жаса, Қазақстаным!
Тәуелсіздік төрінде.
Жүргізуші: «Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы»
Лаула, лаула желтоқсанда мұзда жанған алауы!
Өздеріндей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиіс емес еңкеюге жалауы.
Ортада би қабыл алыныздар. «Қазақ биі»
Жүргізуші : Қазақстан бай өлкем шарықтаған
Толастамай көгінде қалықтап ән
Қазақстан мекені қайсарлардың
Қазақстан Алатау асып думан
Көркем өнер, жас бөбек
Сүйкімді болмас бақпаса
Тортасын алған балқаймақ
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ
Басына үкі тақпаса -дей отырып өлең шумақтарына берейін.
Айдын 1.Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Рауан 2.Тәуелсіздік жолында
талай, талай, тер тамған
билігім өз қолымда
еркіндігім Елтаңбам:
Аяна 3.Отан деген-Атамекен
Отан деген-туған жер
Отан ана-отан үлкен
Қазақстан-туған ел!
Нұрмұхамед 4.Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауылым,қаланы
ардақты ата- мекенім
Отаным Қазақстаным
Ақниет 5.Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Жургізуші: Желтоқсан да қар жауып тұр әдемі
Ақша қар бұл қыстың нағыз сәні еді
Туған жерге қонып жатыр үміттер
Сол үміттер жырға мені бөледі.
Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі
Ақ ұлпалар бетті аймалап өбеді
Қойнауына еніп кеткен тарихтың
Оқиғалар ойға еріксіз келеді.
Ән: «Елімнің ертенгі иесіміз» қабыл алыныздар.
Жургізуші: Көк байрақ, көк аспан,
Алтын күн нұр шашқан.
Әлемге таныған
Тәуелсіз Қазақстан!
Кезекті өлең шумақтарына берейік.
Аслан 1.Әр қазақтың есінде сақталады.
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Гүлнур 2.Қазақ жері сәніміз
Мәуесі мол бағымыз
Саясында жетелер
Балдай бала шағымыз
Ерасыл 3.Әйнегі күн, шатыры аспан
Кең дала, төсі толған егін
Көлдері көкке күмістері шашқан
Қазақстан Республикам менің.
Құрбан 4.Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан,
Қазақстан Республикам менің.
Раушан 5.Орманы гүлім, бұлағы күміс
Бұлбұлы жыршы, ұл қызы керім
таулары заңғар, өзені ырыс,
Қазақстан Республикам менің.
Жүргізуші: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Құшақ жая таныстым сан тілменен
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Айырылып қала жаздап өз тілімнен
Өзге тілге, еліктеп ел болмайық
Артық тіл жоқ қазағымның өз тілінен
Ортада Айтыс өнері.
Жүргізуші: «Желтоқсанды өте алмаймыз айналып
Тәуелсіздік алдың соны қорғайсын
Желтоқсанда тұңғыш рет тарихты
Жеке ел боп президентті сайладың,
Ел егемендік алды. Туған ел тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақтың қайсар жастарының бұл өшпес ерлігі әлемге паш етілді. Тарихи бағасын алды.
Нурай 1.Отаным, кең далам орманды
Болаттан соғылған қорғанды
Бақыттың, шаттықтың мекені
Қолдаймын, қорғаймын ордамды.
Аружан 2.Туған жер –алтын таң
Кең далам, таулы орман
Ұл мен қыз қорғаймыз
Бақытты ұлы Отан
Мұхамеджан 3.Мереке бүгін бақ күні
Егеменді елімнің
Желбірейді көк туы
Түсіндей боп көгімнің
Ғазиз 4.Бабамның да арманы
Осы едіғой ансаған
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға.
Аружан 5.Абай туған, Сәкен туған
Құрметті досым, қазақтың жерін
Қамбаға жылда миллиард құйған
Қазақстан Республикам менің
Жүргізуші: Қуанышқа кенелген
Бұл бақытты балалар
Ел сүйетін өнермен
Биікке қанат қаға алар
Бүлдіршіндердің биін тамашалаңыздар «Грузин биі»
Жүргізуші: Аспан тұрса күлімдеп
айын биік орнатып
ақса бұлақ гүрілдеп,
балаларға сол бақыт.
Нурбах 1.Асыл өлкем ерекше
Қазақстан –мекенім
Беп-белі емеспе?
Сенің ғажап екенің.
Арайлым 2. Отанды жас кәрімізде,
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәріміз
туып өмір сүреміз
Қасиет 3.Қазақстан киелі,
қияға ұшар қыранмын
Еркіндікті сүйемін
Мен Тәуелсіз ұланмын.
Гүлжан 4.Көк туымды колыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным
Ш.Нурасыл 5.Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем .
Жүргізуші: Дауылға желтоқсанның желі айналды.
Ашуға алатау мінді кәрі айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болды деп,
күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Кез емес жаугершілік аттан атты
Аланың шеруі емес салтанатты
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан әлемді жалт қаратты.
«Қас қалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
Адал мен арсыз, аярды
Айырып халық ұққан күн
Саф алтындар бәз баяғы
Сары жез болып шыққан күн.
Жүргізуші: түн кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл өзгеше түн еді себебі, бұл күнде қаланың кез-келген тұсынан ұстаған жастарды ұрып-соғып өлімші халге жеткізді.
Осындай қатыгездікті көрген оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқулбековте бар еді.
Көрініс:
Милицонер: ұстандар бұзақыны, әкетіндер,жауып тастандар.
(милицонерлер Қайратты ұрып-соғып алып кетеді)
Тергеуші: Совицскийді өлтірген сен бе?
Қайрат: Жоқ мен емес.
Тергеуші: Сен өлтіргенсің, мойыңа ал!
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппандар.
(Қайратты ұрып-соға бастайды)
Қайрат: Қайрат деген атым бар
Қазақ деген заттым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десен атындар.
Милицонер: алып кетіндер бұзақыны, бәрібір құтылмайсың.
Қайрат: Мен не етермін, не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош аман бол, артымда
Ағайын –туған азамат
Атымда қалған ата-анам!
Жүргізуші: Өкінішке орай 1988жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рыскулбеков 21 мамыр күні танда бұл өмірімен қоштасады.
Барлығы: Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.
Жүргізуші: Бейбіт тандар арайланып атады
Туған жерді аймалайды шапағы
Байтақ елім Қазақстан
Ең бақытты балалардың отаны
Ән : «Еркіндігім-елдігім» әні
1.Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Меркеде ел тосқан
Атамменен барғанмын
2.Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлы той.
3.Таң арайлап атады
Күн күлімдеп шығады
Шаша берсін шапағын
Тәуелсіздік шуағы!
Жүргізуші: Байтақ қазақ даласын
Ақ көгершін шарлады
Қуаныш, шаттық, жақсылықты
Халыққа ол сыйлайды.
Жүргізуші: Желтоқсан- майдан жан жалы деме көшенің
Желтоқсан – зары боздағын көмген шешенің
Сызылған хан мен желтоқсан ұлы шекара
Бүгіні мен кешенің
Иттерін қосып жендеттер есер қабаған
Ай –ару қыз қарындастарымды талаған,
Құрбаны болып әміршіл өктем жүйенің
Нашақор болып сотталып кетті-ау сан адам.
Осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтың жүрегінде мәңгіліке орын алып,қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзсіз.
Біздің мақтанышымыз елі үшін жері үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз, желтоқсан құрбандары. Олар да ел жадында мәңгі сақталмақ. Ұрпағы ұлы елдің ешқашан шаңырағы шайқалмақ емес, Тәуелсіздік таңы арайлай атып, егемендігіміз еңселі бола берсін.
Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрметтеу керектігін ұмытпайық.Ел ермен мақтанар, жер кенімен мақтанар деген елімізді қорғар ер азаматтар асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.
Осымен Тәуелсіздіктің мерекесіне арналған «Желтоқсан алауы-тәуелсіздік бастауы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Келіп, бізбен бірге тамашалғандарыңыз үшін көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар .
Достарыңызбен бөлісу: |