Омарова Шолпан Сембаевна №69 мектеп-гимназиясының мектеп психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»



Дата08.06.2016
өлшемі35.38 Kb.
#123044
Омарова Шолпан Сембаевна

69 мектеп-гимназиясының



мектеп психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

-жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

-жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

-қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер, үнтаспа,

Шаттық шеңбері

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын сұрау



  • «Мен мейірімді баламын» тақырыбында құрастырып келген әңгімелеріңді тыңдайық.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Жарайсыңдар, балалар , мен сендердің мейірімді істеріңді естіп, қуанып тұрмын.Адамға, қоршаған ортаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

Жақсылық жаса досыңа,

Бірге ойнаған жасыңнан.

Қиналған кезде әрқашан,

Табылсаң болды қасынан.

Болғың келсе жақсы адам,

Жақсылық жаса әрқашан



  • Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.

  • Ой қозғау

  • «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?

  • Өзің қандай жақсылық жасай аласың?

  • Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?

  • «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?

  • Мұғалім толықтырады

  • Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға,айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды,көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады,сыйластықтары артады.

  • Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу

«Жан Ана» мәтінін әңгімелеп беру.

Сұрақ- жауап

  • Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

  • Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Дәйек сөз

«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

-Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.

Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.

Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақ- сылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»

деген екен. Біреуді таны –таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал-мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.

Жақсылық қылсаң-жасыр,

Жақсылық көрсең – асыр.

Өзгеге жасаған жақсылығың ,

Өзіңе жасаған жақсылығың


Жақсылық жүрген жерде

Тапшылық болмайды.



Өзіммен-өзім

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер.Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлығыңды көрсетіп жатырсыңдар.

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп,сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.



-Жұмыстарын қорытындылау.

- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу)Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.



Ойын

Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастыру. Ең алдымен ұзындығы 5-6 метрге жететін жіп дайындап,оның екі ұшына да жіңішке, ұзындығы 25-30см таяқ байланады. .Жіптің қақ ортасын белгілеп, сол жерге басқа түсті жіп байлап қойылады.Ортаға екі бала шығады да, бір-бірінен алшақтап, жіпті кереді. Ойын бастаушы «бастаңдар» деп белгі бергенде әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді.Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.



Үй тапсырмасы

Дәптерде берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға

төмендегі сұрақтарға жауап жазу

1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?

2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.

3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?



Жүректен-жүрекке

Оқушылар барлығы қосылып айтады.

Жақсы сөз, жақсы тілекті

Болайық ізгі ниетті

Жақсылық ойлап кісіге,

Тілейік үлкен- кішіге



-Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.

  • Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

  • Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

  • Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.

  • Талапты достарыма табыс тілеймін.

  • Сыныптастарыма амандық тілеймін.

  • Отбасыма бақыт тілеймін.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет