Өмірбаяны 1940 ж наурыздың 30-ында Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келді. Уақ тайпасынан шыққан. [1][2]



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462035
түріӨмірбаяны
  1   2
Нәрікбаев



Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы 
Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы — Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі
Өмірбаяны
1940 ж. наурыздың 30-ында Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келді. Уақ тайпасынан шыққан.[1][2]
1958—59 жж. Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды.
1968 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы аталған университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1992—93 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті.
1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалады.
2001 ж. «Құқықтық Қазақстан үшін» атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды.
2002 ж. желтоқсан айында Мақсұт Сұлтанұлы азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі болып тағайындалды.
2003 ж. сәуірдің 12-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот құрамындағы өзгерістер туралы» Жарлығымен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
2004 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
2008 ж. ақпанның 14-інде Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы міндетінен босатылды.

Еңбек жолы
Еңбек жолын Теміртау қаласында, Карметкомбинат құрылысында такелажник болып бастаған (1959).
1960 -73 жж. Талдықорған облысының БАҚ және мәдени-ағартушы мекемелерінде жұмыс істеген.
1973-74 жж. – тергеуші стажеры, Талдықорған қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, Талдықорған облысы адвокаттар коллегиясының мүшесі, заңгерлік консультациясының меңгерушісі.
1981-87 жж. – Талдықорған облысы, Қаратал ауданының халықтық судьясы.
1987-91 жж. – Прокуратура және ҚР Әділет министрлігі аппараттарында қызмет атқарды.
2007 жылдың қыркүйек айында КАЗГЮУ Университеті атынан Италияның Болонья қаласында, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
Мақсұт Сұлтанұлының бастамасымен Астананың сол жағалауында КАЗГЮУ-дың жаңа оқу ғимараты бой көтерді. 2008 жылғы 2 шілдеде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен салтанатты тұсаукесері өтті, сабақтар осы жылы қыркүйек айында басталды.
ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы құқық қорғау қызметі туралы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыс тобының мүшесі (2003), азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі (2003), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2004-05), Қазақстан Республикасы сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі Комиссия мүшесі (2005), 2001 ж. «Құқықтық Қазақстан үшін» атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды. Партия Парламенттің екі сайлауына және ҚР Президентінің екі сайлауына қатысты, сонымен қатар Қазақстандағы әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан щығудың оптималды шешімдерін табу мәселелері жөніндегі Партияаралық кеңестің белсенді мүшелерінің бірі болды.
2012 жылдың сәуір айынан бастап «Әділет» партиясының құрметті төрағасы (көшбасшысы).
Заң ғылымдары докторларының (Н.О. Дулатбекова, С.М. Жалыбина, К.Ж. Карбузова, Г.К. Утибаева, Г.С. Мауленова, А.Ш. Ещанова) және заң ғылымдары бойынша қорғалған жеті кандидаттық диссертацияның ғылыми консультанты.
КАЗГЮУ жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес мүшесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет