Өмірі мен ісі халықтың өнегелі қазынасына айналған адамдардың тіршілігі мен іс-әрекеті жөнінде жазудың өзі тіпті қиын. Ол ма, кейде тіпті қауіпті ме деп те ойлайсың.
3-топ. Шығарманың жаңашылдығы туралы мақаланы оқыңыз. Мақаладағы ойды кесте бойынша орналастырыңыз, автордың ойына баға беріңіз.
«Отызыншы жылдардың басында-ақ біз Қанышекеңнің атын есіте бастадық. Бері келе оның геология ғылымының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болғаны жалпы халықты аса қуантты. Жүзін көрмегенмен, оның үлкен білімпаз күшті инженер екендігін естіп жүрдік. Оның атының Жезқазғанмен байланысты екенін біз сияқты техникалық ғылымдардан алшақ жүрген адамдар да білетін. Қанышекеңнің жұмыс нәтижелері халыққа ұлы игілікті жарна екені де білінген. Кейде ол кісінің мақаласын оқып қалғанда, «әттең, өзін көрсек!» деген ой келе беретін. Ол келешекке батыл көз тастайтын, өзінің арманы үшін күресе білетін талантты инженер және басшы болды. Қазіргі үлкен Жезқазған — Қаныш Сәтбаевтың жүзеге асқан арманы еді. Сол кездің өзінде-ақ Қаныш Имантайұлы өзін тек инженер ретінде емес, парасатты ғалым ретінде көрсете білді. Өмірі мен ісі халықтың өнегелі қазынасына айналған адамдардың тіршілігі мен іс-әрекеті жөнінде жазудың өзі тіпті қиын. Ол ма, кейде тіпті қауіпті ме деп те ойлайсың. Өйткені адал ізгі ниеттен ешбір ауытқымай жазып отырғанның өзінде шындықтан алшақ кетіп қалу оп-оңай.» А. Жұбанов