Өндірістік жарықтандыру, желдету, жылыту жүйелерін гигиеналық бағалау


Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау



бет6/7
Дата22.11.2022
өлшемі84.2 Kb.
#465438
1   2   3   4   5   6   7
5.Табиғи және жасанды жарықтандыру гигиеналық бағалау (копия)

Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау

  • Желдендіру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне баға беретін тікелей және жанама әдістер бар.
  • Жанама әдістерге - өндірістік бөлмелердің ауа ортасының санитарлық нормаларға, жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы, температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы мен ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәулеленуі тұрғысынан сәйкестігіне баға беру жатады; тікелей әдістерге – келесі өлшенетін көрсеткіштер жатады: ауа ағымдарының жылдамдығы мен температурасы, өнімділік, желдеткіштің дамытылған қысымы мен айналымдар саны, қысымдар немесе зарядтар айырмасы, желдендіру жүйесі элементтерінің шу және дірілі, сорылатын ауадағы зиянды заттардың концентрациясы.

Желдендірудің гигиеналық тиімділігіне баға беру

  • Желдендірудің гигиеналық тиімділігіне баға беруге бөлмелердегі жабдықтардан артық жылу, шаң және газдардың бөлінуін төмендету немесе жою тұрғысынан барлық қажетті технологиялық, эксплуатациялық және ұйымдастырушылық шараларды іске асырғаннан кейін барып кірісу керек.
  • Санэпидқызмет өкілі желдендіру жүйелеріне бақылау жасар алдында келесі құжаттармен танысуы керек: қалыптастырылған тәртіппен бекітілген желдендіру жобасы, сонымен бірге жобадан ауытқулар тізімі, ашу жұмыстарын тексеру және қабылдау актілері, желдендіру жүйелерін техникалық сынау және жөндеу хаттамалары, жоспарлы-сақтық жөндеу (ЖСЖ) графигімен және оны тіркеу журналы.

Өндірістік бөлмелердің желдендіру жүйесінің тиімділігіне тікелей баға беру алдын ала жүргізілетін шаралардан басталады: технологиялық үрдістің регламентке сәйкестігін тексеру, технологиялық жабдықтармен коммуникациялардың жұмысының дұрыстығын (ақаулар табылғанда оларды жоюға нұсқаулар беріледі), желдендіру жүйелері мен олардың элементтерін қарап тексеру, желдеткіш жұмысының дұрыстығына баға беру (айналымдар бағытының дұрыстығы, айналу кезінде бөгде шулардың болмауы), ауа жолдарының желісін қарау (үзінділермен зақымдалулардың болуын), ауа жіберу және ауа қабылдау құрылымдарын қарап тексеру (жалюзи, торшалар, тетіктер және т.с.с.) және калориферлерін тексеру.

  • Өндірістік бөлмелердің желдендіру жүйесінің тиімділігіне тікелей баға беру алдын ала жүргізілетін шаралардан басталады: технологиялық үрдістің регламентке сәйкестігін тексеру, технологиялық жабдықтармен коммуникациялардың жұмысының дұрыстығын (ақаулар табылғанда оларды жоюға нұсқаулар беріледі), желдендіру жүйелері мен олардың элементтерін қарап тексеру, желдеткіш жұмысының дұрыстығына баға беру (айналымдар бағытының дұрыстығы, айналу кезінде бөгде шулардың болмауы), ауа жолдарының желісін қарау (үзінділермен зақымдалулардың болуын), ауа жіберу және ауа қабылдау құрылымдарын қарап тексеру (жалюзи, торшалар, тетіктер және т.с.с.) және калориферлерін тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет