1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекция



«Бекітемін» 
«Биология» 
кафедрасының меңгерушісі
б.ғ.к, Р.Қ.Жексембиев
« » 2013ж 
 
1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері , даму тарихы. 
Кіріспе 
Физиология-биология ғылымының маңызды саласының бірі. Грек тілінде
физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану
деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін жеке торшалар, 
мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын
анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды 
ашады. Физиология организмнің тіршілік әрекеттерін даралап, тексермей, оларды 
біртұтас, тығыз байланыстағы процестер жиынтығы ретінде қарастырады және
организмге тән біртұтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі
биологиялық белсенді заттардың әсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Адам физиологиясының заңдылықтарын айқындау- өмірді ұзартуға, организмді 
сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс 
ұйымдастыруға, аурулардың алдын алудың және олардан емдеудің жаңа жолдары мен 
тәсілдерін табуға негіз болады. 
Жануарлар физиологиясы –адамның мұқтаждығына, талабына сәйкес үй 
хайуанаттарының мінезін өзгертудің, өнімділігін арттырып, оның сапасын
жақсартудың, оларды дұрыс күтіп - бағудың, өсірудің қоректендірудің биологиялық
негізі. 
Физиологияның негізгі мақсаты әртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік
процестерінің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену т.б.) заңдылықтарын зерттеу
организмнің жеке жүйелері және организммен сыртқы орта арасындағы өзара
әсерлердің механизмін (сыртын) анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі
айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы (онтогенез) барысында түрлі 
функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Демек, физиология өмір 
құбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік процестерін басқару, бағыттау әдістерін
анықтауды көздейді.
Көздеген мақсаттарына сәйкес физиология бір –бірімен тығыз байланысты, бірақ 
дара дамитын бірнеше салаларға бөлінеді. Оларды жалпы салыстырмалы, эволюциялық, 
жас арнаулы және экологиялық физиология деп атайды.
Жалпы физиология жеке торшалар мен олардың цитоплазмасының қызметін,
торша аралық байланыстарды, басқаша айтқанда организм тіршілігінің негізін 
зерттейді.
Салыстырмалы физиология әр түрлі жануарлар организмнің тіршілік әрекетіндегі
ұқсастық пен айырмашылықты зерттейді.
Эволюциялық физиология адам мен жануарлар организмі функцияларының онто 
және филогенездік даму барысында пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтарын 
зерттейді.
Жас физиологиясы организмнің тіршілік әрекетінде жеке дамудың (онтогенез)
әртүрлі сатысындағы ерекшеліктерін тексереді. 
Арнаулы физиология жануарлардың жеке кластары мен топтарының (мысалы, 
жеке түрлер мен түліктердің ), жеке мүшелердің (жүрек, бүрек, бауыр т.б. ), жүйелердің 
(қан айналым, тыныс алу, ОНЖ т.б. ), жеке ұлпалардың (ет, нерв т.б. ) тіршілік 
ерекшеліктерін зерттейді.


Экологиялық физиология организмнің тіршілік әрекеттерінде мекендеу ортасы
мен табиғи географиялық жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктерді
анықтайды. 
Организмнің құрылысын білмей, оның функцияларын түсіну мүмкін емес. 
Сондықтан физиологияны жан-жақты ұғыну үшін анатомия, гистология және цитология 
пәндерін толық меңгеру керек. Сонымен қатар физиологиялық процестерді зерттеу 
үшін химия мен физика, биология мен биофизика заңдылықтарын білудің маңызы зор. 
Физиологиялық зерттеулерде спектрофотометрия, рентгенография т.б. әдістер, 
радиоактивті изотоп, электр өлшеуіш аппараттары т.б. кеңінен қолданылады.
Организмдегі әртүрлі процестердің арасындағы ішкі байланыстар мен олардың өзара 
әсерлерін реттеудің жалпы принциптерін ашуда кибернетика мен математикалық
модельдеу әдістері де пайдаланылады. Физиологиялық процестердің мәнін ұғыну үшін
эворлюциялық ілім мен эмбриологияны, жануарлар дүниесінің жалпы даму 
заңдылықтарын білу қажет. Өз кезегінде физиология медицина мен ветеринарияның
арнаулы салаларының негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет