және т.б.) көріністерге локсу, құсу, диспепсиялық көріністер қосылады. Метаболиттердің белсенді бөлінуі асқазан ішек жолыжолында шырышты қабықшасын зақымдайды, стоматит, глассит, паротит, энтеорколит дамиды, асқазан мен ішектерде ұсақ беткейлік жаралар түзіледі, қан кетудің кезеңді асқынулары байқалады.
Орталық және шеткері жүйке жүйкесінің бұзылыстары әр түрлі болады және интоксикация ұзақтығына және дәрежесіне тәуелді болады.
Уремиялық энцефалопатия симптомдары ұйқының бұзылуымен, ақыл-ес дамуының кешігуімен, есте сақтау қабілетінің төмендеуімен, назар
аударудың нашарлауымен, депрессиялык және дабыл-депрессиялық жағдайымен жүреді. Шеткері жүйкелердің зақымдануы полинейропатиямен, бұлшықеттердің әлсіздігімен, бұлшықет топтарының дірілімен жүреді.
СБЖ балаларда ұзақ уақыт симптомсыз өтеді. Баланың физикалық дамуы кешеуілдеп, салмақтың және бойының өсуі өте жай болады. Терісі бозғылт, құрғақ, жеңіл жарақаттанады және кабынады. Жиi асказан ішек жолы жағынан бұзылыстар орын алады: іш өту, іштің кебуі, ықылык, псевдоперитониалды көріністер. СБЖ терминалды кезеңіндегі симпто-
матикасы ересектер уремиясы клиникалық көрінісінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ.
Ауырған бүйректің созылмалы ауруларымен диспансерлік бакылауда болатын науқастарда СБЖ диагностикасы аса қиындық тудырмайды. Ауруының ұзақтығы 5 жылдан көп болса, несебінде акуыз
болып, осмолярлығы және салыстырмалы тығыздығы төмен болса, талдау мәліметтерінде қан сары суында несепнәрі және креатинин динамикалық жоғарылауы - осылардың барлығы тек СБЖ күдік тудырып қана қоймай, Кокрофт-Гаулт формуласы бойынша шумақтық фильтрация жылдамдығын есептеп,
оның дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Креатинин клиренсi
(мл/мин)
(140 - науқастың жасы) х наукастын дене салмағы (кг)
814 × кандағы креатинин [ммоль/л (әйелдер үшін)]
960 × қандағы креатинин [ммоль/л (ерлер үшін)]
Әлбетте терапевт, нефролог немесе уролог дәрігерге наукас ең алғаш қаралғанда бүйрек жеткіліксіздігіне күдіктенуге болады, бірақ ол үшін айтылған асқынуларға алып келетін этиологиялық факторларды дәрігерлер білуі қажет.
Аурудың ұзақтығы, АГ, созылмалы пиелонефриттің болғаны немесе болмағаны бүйректің немесе несеп шығару жолдарының жедел немесе созылмалы ауруларын бұрын басынан өткерген болса, оперативті
араласулар, бөлінген несептің тәуліктік мөлшері, осындай анамнездік мәліметтер, сонымен катар СБЖ ерте симптомдары бүйректің функционалды қабілетінің бұзылыстары жайлы ойлауға итермелейді.
СБЖ Урологиялык этиологиясынын диагностикасы емхана немесе стационардағы урологиялық ауруларға қатар жүргізіледі. Клиникалық және қан мен несептің биохимиялық талдамалар, УДЗ, экскреторлы урография, радио нуклейдті әдістер бүйрек қан айналымының жағдайын анықтауға, өзекшелердiн секрециясынын және шумақтық фильтрация жылдамдығын анықтауға, әр науқастағы бүйректердің қызметінің бұзылысын диагностикалауға мүмкіндік береді.
Ескеретін жай, бүйрек жеткіліксіздігінің кезеңін анықтауға тек қана бүйректегі белсенді қабынуды жойғанда және несеп шығару жолдарының несеп пассажын қайта қалпына келтіргенде анықтауға болады.
EMI
СБЖ консервативті емі бүйрек жеткіліксіздігің өршуін бәсеңдетуге бағытталған және интоксикация симптомдарын бағыттаған кешендi шаралардан тұрады. Науқастар белгілі еңбек тәртібін және демалыс тәртібін, емдік тағамдарды қабылдауды бақылау үшін және медикаментозды емдi бастағанда бүйрегінің функционалдық жағдайы туралы білуі
кажет.
СБЖ өршуінің ерте кезеңдеріндегі профилактикасы бүйрек қызметінің төмендеуіне себеп болатын негізгі ауруды емдеуге негізделген. Физикалық жүктемелерді жүктеу және созылмалы инфекция ошақтарын санациялау қажет. Қосалқы ауруларды емдеуде нефротоксикалық дәрілік препараттарды қабылдауды шектеудің үлкен маңызы бар, АГ және анемиямен күресу өте қажет.
СБЖ мен наукастарды акуыздық арнайы диетаны қолдануды 1—0,8 гр тәулігіне 1 кг дене салмағына дейінгі шектейді. Қажет калорияны (2000—2500 ккал/тәу) тұрақты ұстап тұру ішетін тамақта көмірсу
және майлардың көп болу есебінен жүргізіледі. Бүйрек жеткіліксіздігі күшейгенде тамақта жануарлар ақуызын қабылдауда 0,7-0,5 гр/тәу/кг дейін шектейді, құрамында калий, натрий, фосфор бар өнімдерді азай-
тады. Аз ақуызды тамақты рационға алмаспайтын аминоқышқылдар кешенін В және С тобындағы дәрумендерді қосады. Бүйректе микроциркуляцияны жақсарту пентоксифиллин, диперидамол, аминофилин, папаверин тағайындайды. Фосфор-кальций алмасу және бүйректің эритропоэтиндік қызметін ескере отырып, наукаска кальций препа-
раттарын (кальций глюконаты, кальций локтаты), темір, андрогендерді. тағайындайды.
СБЖ туракты гиперазотемия кезеңінде консервативті емдеуге шектеу қойылады. Мұндай емнің әсері аз және симптоматикалық сипатта болады. Аз ақуызды диетаны алмаспайтын аминокышкылдарымен бірге береді. Катаболиттік үрдістерді төмендету үшін анаболикты стероидтарды тағайындайды. Олар: кандралон, тестерон және т.б. азотемияға қарсы дәрілерге леспефлан, энтеросорбенттерді жатқызуға. болады. Олардың емдік курсының ұзақтығы және мөлшерлемесі азотемия деңгейіне тәуелді болады. Леспефланды 1 шай қасықтан тәуілігіне 3 рет немесе асханалық қасықты тәуілігіне 4—6 рет тағайындайды. Энтеросорбент ауыз арқылы тамақтан 2 сағат аздаған дозада 7-25 тәуілік ағымында тағайындайды.
Гиперазотемиясы бар науқастарда, әсіресе диагноз алдылық кезеңде кезеңдік стационарлық жылына 2-3 рет көрсетілген. Инфузиялық детоксикациялы терапия тағайындайды, су-тұз алмасуының және қышқыл- негіз балансынын коррекциясын жүргізеді. Концентрацияланған глюкоза ерітінділерін, декстран, 4-5% натрий гидрокорбанат ерітіндісiн көктамыр iшiне енгiзу және асқазан және ішектердң 2% тағамды
сода ерітіндісімен жуанда уремиялык интоксикация клиникалық көріністерінің айқындылығын төмендетеді. Артериялды гипертензиямен жүретін гипергидротация симптомдары болғанда несеп айдау препараттарын тағайындау керек.
Урологиялық аурулар кезінде СБЖадекватты емiне патогенетикалық және симптоматикалық шараларды қоса енгiзу керек. Патогенетикалық емнің негізіне аспаптық және операциялык араласу, ол несеп шығару жолдарына несеп пассажы бұзылғанда және сонымен қатар бүйрек поликистозында кисталардын ұлғаюына және iрiңдеуін өршітпейтін жедел iрiндi пиелонефрит дамығанда, аурудың ағымына шешуші әсер етуі мүмкін. СБЖ дамуына және өршуiне алып келетiн себептерін қазіргі заманғы ликвидация тәсiлдерi онын клиникалық көріністерімен табысты күресуге мүмкіндік береді. Консервативті емiне экстрареналды асқынуларының алдын алуға және ескертуге арналған емдік шаралар жатады.
Қанды тазалаудың бүйректен тыс әдістері
Диализ — біршама кең таралған және СБЖ терминалды кезеңін емдеуде нәтижелі әдіс болып табылады. Оның принциптері бір сұйықтық
Достарыңызбен бөлісу: |