"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі75.89 Kb.
#6276
"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 6 наурыздағы № 220 қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 328-құжат;


      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлiмде:
      «Қаржыландыру көздерi» мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыру көздерi

2011 жылы республикалық бюджетте 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазiргi заманғы басқару технологияларын енгiзуге арналған шығыстар тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада және Елдiң 2020 жылға дейiнгi ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарында көрсетiлген. Республикалық бюджеттен келесi жылдарды қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланады»;

      «Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi» деген 5-бөлiмде:
      «Бағдарлама құралдары» деген 4-кiшi бөлiмде:
      сегiзiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшiн 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттiк кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиiс. Осы талаптар 2011 – 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.»;
      «Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi» деген 6-бөлiмде:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделiп отыр.»;
      7-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      7. «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (I-кезең)

Р/с


Iс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзiмi

Болжанатын шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздерi

Бюджеттiк бағдарлама нөмiрi
(егер бар болса)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12




1.

Кәсiпорындарды жаңғырту жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделi мемлекеттiк органдар

2011 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

2.

Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеу

құрал операторының шешiмi

құрал операторы (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

3.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекiтiлген Инновациялық гранттар беру ережесiне өзгерiстер енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы

ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

2011 жылғы қыркүйек

талап етiлмейдi




4.

Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi құжаттардың нысандарын әзiрлеу және бекiту, одан әрi өзектiлендiру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

2011 жылғы мамыр, қажеттiлiгiне қарай

92 810

103 367

116 000

116 000

116 000

РБ

011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстердi құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»

5.

Консалтингтiк компаниялардың тiзбесiн қалыптастыру және бекiту, одан әрi өзектiлендiру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), ведомствоаралық комиссия

2011 жылғы мамыр, қажеттiлiгiне қарай

6.

Бағдарламаға қатысу туралы өтiнiштер қабылдау

ИЖТМ-ге ақпарат

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)

келiп түсуiне байланысты

7.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы сараптама өткiзу

сараптамалық қорытынды

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), өтiнiш берушi

келiп түсуiне байланысты

8.

Қатысушылар өтiнiмдерiн құрал операторларының қарауы

құрал операторының шешiмi

құрал операторлары (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)

келiп түсуiне байланысты

9.

Жобаны iске асыру барысына мониторинг жүргiзу

ИЖТМ-ге ақпарат

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

үнемi

10.

Ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргiзу

ИЖТМ-ге ақпарат

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

үнемi







11.

Мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну

шарттар

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

қажеттiлiгiне қарай

672 100

30 000

187 500

187 500

187 500

РБ

011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстердi құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»

15 000 000













РБ

051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»



















10 000 000










РБ

052 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орны орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
      РБ - республикалық бюджет
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы
      «ҚИДИ» АҚ - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет