«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі21.85 Kb.
#7420

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы №511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1258 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы №511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №36, 296-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;

1-тармақта:

1) тармақша алып тасталсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 1 қарашадағы  №1258 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы №511 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) жоғары білімінің болуы;

2) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сарапта­маның нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіз­дері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы;

3) кемінде бес жыл сот-сарапшылық жұмыс стажының болуы;

4) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы №1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақ­тандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы;



5) наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы;

6) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет