«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер



Дата07.07.2016
өлшемі223.12 Kb.
#183760


Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар

министрлігінің 2011 жылғы

«11» мамырдағы № 131 бұйрығымен

бекітілді

«Өнімділік - 2020» бағдарламасын іске асыру

ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру ережесі (бұдан әрі – Ережесі) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

ведомствоаралық комиссия (кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия) – орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, даму институттары өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен Бағдарлама әкімшісі жанынан құрылатын консультациялық – кеңесші орган;

Бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

Бағдарламаның өңірлік өкілі – өңірлік деңгейдегі бағдарлама операторының өкілі – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметік – кәсіпкерлік корпорациялары);

Бағдарламаның операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;

аспап операторы – оның жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін заңды тұлға;

өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі кәсіпкерлік субъектісі;

қатысушы – Бағдарлама операторының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы оң сараптамалық бағасына ие кәсіпкерлік субъектісі;

инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакеті;

сервистік аспап – отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралар жинағы;

Бағдарламаға қатысушылардың инвестициялық жобаларды іске асыру мониторинг – Бағдарлама операторы мен аспаптар операторларының жобаның іске асырылу барысын қадағалау жөніндегі шаралар жүргізуі;

консалтингтік компания – инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеге енген компания.

3. Бағдарлама операторы мен аспап операторы арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін Өңірлік өкіл Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасайды.

4. Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның Өңірлік өкіліне мынадай құжаттарды тапсыруы керек:


  1. Бағдарламаға қатысуға және осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға арналған өтінім;

  2. осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;

  3. ерікті нысанда жасалған, жоба бойынша таныстыру слайды;

  4. консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспары немесе консалтингтік компанияның сараптық бағалаумен кәсіпкерлік субъектісі өздігінен әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспары;

  5. кәсіпкерлік субъектісіне қызмет көрсетілетін банк(тер)ден немесе банк филиал(дар)ынан қол мен мөр басылған, кәсіпкерлік субъектісі міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

  6. тиісті салық органынан салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы белгіленген нысандағы анықтама түпнұсқасы;

  7. аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар (лицензияның көшірмесі қоса беріледі) аудитордың соңғы қаржы жылына арналған қорытындысының нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер Өтінім беруші құжаттар пакетін үстіміздегі жылдың 30 сәуіріне дейін берген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылы ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі қоса берілуі мүмкін);

  8. заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (жарғы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, статистикалық карточка, лицензия және/немесе патент, куәлік, сертификат, диплом, өтінім берушінің тауарды өндіруге, өңдеуге, жеткізу және сатуға құқығын растайтын басқа құжаттар).

5. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары ведомствоаралық комиссия бекіткен Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленеді.
2-тарау. Бағдарламаның өңірлік өкілінің қызметі
6. Өңірлік өкіл осы Ереженің 4-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлік субъектілері құжаттарының жиынтығын тексереді.

7. Кәсіпкерлік субъектінің өтініші бойынша Бағдарламаның Өңірлік өкілі оған Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын ережелер мен өлшемдер бойынша консультация береді, Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін береді.

Өңірлік өкіл сондай-ақ, егер инвестициялық жобаның кешенді жоспарын консалтингтік компания әзірлеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі мыналарды жасау керектігіне түсініктеме береді:


  1. Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияны өзі анықтайды;

  2. консалтингтік компаниямен инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу туралы шарт жасайды;

  3. консалтингтік компанияға инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу бойынша көрсеткен қызметтеріне толық көлемде төлем жүргізеді.

Егер, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын кәсіпкерлік субъектісі өзі әзірлеген жағдайда, ол:

  1. Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияны өзі анықтайды;

  2. консалтингтік компаниямен инвестициялық жобаның кешенді жоспарына сараптама жүргізу туралы шарт жасайды;

  3. консалтингтік компанияға инвестициялық жобаның кешенді жоспарына сараптама жүргізу бойынша көрсеткен қызметтеріне толық көлемде төлем жүргізеді.

8. Бағдарламаның Өңірлік өкіліне бірінші рет хабарласқан жағдайда кәсіпкерлік субъектісі осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнаманы толтырады және кешенді жопарды әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін консалтингтік компаниялар тізімін алады.

Өтінім беруші қайта хабарласқан жағдайда Бағдарламаның өңірлік өкілі осы Ереженің 4-тармағына сәйкес құжаттар пакетін қабылдайды және оларды «Өнімділік 2020» Бағдарламасына қатысуға келіп түскен өтінімдерді есепке алу журналына (бұдан әрі – Журнал) тіркейді.

9. Бағдарламаның өңірлік өкілі өтінім берушінің қайта хабарласқан сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Өтінім беруші ұсынған құжаттар пакетінің толықтығы мен дұрыс ресімделуіне тексеруді жүзеге асырады.

10. Құжаттар пакетінің толық тапсырылмағаны немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылғаны жағдайда Бағдарламаның Өңірлік өкілі Өтінім берушіге хабарлайды және Журналға Өтінім берушіге жетіспейтін құжаттар туралы хабарланған күн туралы жазба түсіреді.



11. Өтінім берушінің толықтырылған құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін Бағдарламаның Өңірлік өкілі Журналда қайта тіркеуді жүзеге асырады.

Құжаттар пакетін осы Ереженің 4-тармағына сәйкес кешенділікке сәйкестікке қайта қарастыруды Бағдарламаның Өңірлік өкілі Журналға қайта тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

12. Құжаттар пакетіне ескертулер болмаған жағдайда Бағдарламаның Өңірлік өкілі журналда оларды қайта тіркеген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде материалдарды Бағдарлама операторына жібереді.
3-тарау. Бағдарлама операторының қызметі
13. Бағдарлама операторы құжаттар пакетін Бағдарламаның Өңірлік өкілінен алған күні оларды Бағдарламаның Өңірлік өкілінен келіп түскен өтінімдерді есепке алу журналына тіркейді.

14. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне құжаттар пакетін Бағдарламаның Өңірлік өкілінен келіп түскен өтінімдерді есепке алу журналына тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау дайындайды.

15. Бағдарлама операторы сараптамалық қорытындыны дайындағаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күн ішінде оның көшірмесін өтінім берушіге және аспаптар операторына бір данадан жібереді.

16. Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысы жағдайында Бағдарлама операторы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде www.kidi.kz сайтында орналастыруға жататын кешенді жоспарды әзірлеу немесе сараптама жүргізуге арналған шығындар бөлігін төлеу ережесіне сәйкес инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу кезінде жұмсалған шығындар бөлігін қатысушыға төлеуді жүзеге асырады.

17. Бағдарламаның өзге аспаптарын алу қажеттігі жағдайда Өтінім беруші аспаптар операторына хабарласады, ол белгіленген Ішкі ережелерге сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады.

18. Аспап операторы Өтінім берушіге және Бағдарлама операторына қабылданған шешім туралы осындай шешімді қабылдаған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

19. Оң шешім жағдайында аспап операторы, Бағдарлама операторы, аспап операторы мен қатысушы мыналарды көздейтін үлгілік келісім жасайды:

тараптардың құқықтары мен міндеттері;

аспаптарды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;

аспап операторының және қатысушының және басқаларының жауапкершілігі.

20. Бағдарлама операторы Инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу әдістемесіне сәйкес инвестициялық жобаның іске асырылуының барлық мерзімі ішінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асырады.
4-тарау. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржылындыру ұсыну бойынша аспап операторының қызметі
21. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру ұсыну бойынша аспап операторы Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру ережесін бекітеді, ол www.kdbl.kz сайтында орналасуға тиіс.
5-тарау. Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту бойынша аспап оператордың қызметі
22. Қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптау бағалауын алудан кейін аспап операторы белгілеген нысанға сәйкес аспап операторына өтінім береді. Қатысушы өтініммен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) тартылатын инжинирингтік және/немесе жобалық компанияның тиісті лицензиясы (алу күні, кім берді);

2) тартылатын компанияда жобалық жұмыстарды орындаудың осындай саласындағы жұмыс тәжірибесінің (кемінде 5 жыл) болуын растайтын құжаттар;

3) тартылатын компанияда мынадай талаптарға сәйкес келетін инжинирингтік қызметтерді көрсету штаттық және штаттан тыс мамандардың болуын растайтын құжаттар:

- арнайы жоғары білімнің болуы;

- жоба саласына сәйкес келетін зерттеулер саласындағы кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс тәжірибесі;

4) компанияның техникалық сараптаманы дайындауы және жүргізуі үшін жеткілікті материалдық базамен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар;

5) тартылатын компанияда клиенттерден (мемлекеттік мекемелерден, ірі компаниялардан) кемінде 3 оң пікірдің (ұсынымдардың) болуын растайтын құжаттар.

23. Егер, қатысушы мәлімдеген іс-шаралар Бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес келетін жағдайда аспап операторы аспапты ұсыну туралы шешім қабылдайды және қатысушыдан өтінімді алу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қатысушымен шартқа қол қояды. Сәйкессіздіктер болған жағдайда аспап операторы аспапты бермеу туралы шешім қабылдайды. Қатысушы барлық сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін аспап операторына өтініммен қайта жүгінеді.

24. Аспап операторымен шартты жасағаннан кейін қатысушы өз есебінен технологиялық жабдықты таңдауды, сатып алуды, орнатуды және іске қосуды жүзеге асыру кезінде жобаны білікті сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін инжинирнгтік және (немесе) жобалық компанияны тартады.

Инжинирнгтік және (немесе) жобалық компанияны тарта отырып, жобаны іске асыру мерзімі шартқа қол қою сәтінен бастап 9 (тоғыз) айдан аспауы тиіс.

25. Қатысушы жобаны іске асырылғаннан кейін инжинирингтік және/немесе жобалық компанияның қызметіне арналған шығындарды қоса қаржыландыру үшін технологиялық жабдықты таңдауды, сатып алуды, орнатуды және іске қосуды жүзеге асыру кезінде жобаны білікті сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін инжинирингтік және (немесе) жобалық компанияны тарту фактісін растайтын құжаттармен аспап операторына жүгінеді.

26. Аспап операторы қатысушы ұсынған құжаттарды тексереді. Барлық қажетті құжаттардың болуы және шарттың барлық талаптарын орындау жағдайында аспап операторы инжинирингтік және (немесе) жобалық компаниялардың қызметіне қатысушы шеккен шығындар бөлігінде тең қаржыландыруды жүзеге асырады. Шығындарды тексеруге және тең қаржыландыруға арналған мерзім 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Шарттың талаптарын орындамау жағдайында аспап операторы қатысушыны шарттың орындалмаған тармақтарын орындау қажеттілігі туралы хабарландырады.

27. Техникалық жобаны әзірлеу үшін тартылған жобалық және инжинирингтік ұйымдардың қызметін төлеу жөніндегі шығындарды тең қаржыландыру және жобаны іске асыруды сүйемелдеу инжинирингтік және (немесе) жобалық ұйымдардың қызметіне шеккен шығындардың 30 % шегінде, бірақ, қатысушыға жобалық және инжинирингтік компаниялардың көрсеткен қызметінің нәтижелері бойынша 30 миллионнан аспайтын сомада жүзеге асырылады.


6-тарау. Аспап операторының инновациялық гранттарды ұсыну жөніндегі қызметі
28. Инновациялық технологияны сатып алуға арналған инновациялық грантты ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекітілген Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, аспап операторы консалтингтік заңнамада тыйым салынбаған өзге де грантты өтініш берушінің алуына жәрдем көрсетеді.
7-тарау. Аспап операторының жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту жөніндегі қызметі
29. Бағдарламаға қатысушы Бағдарлама операторының оң қорытындысын алғаннан кейін аспап операторы белгілеген нысанға сәйкес аспап операторына өтінімді береді. Қатысушы өтініммен бірге мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тартуға болжанған мамандардың тізбесін береді:

1) оған сәйкес қызмет көрсетілетін бағыт бойынша тартылатын шетелдік инженерлік-техникалық қызметкердің (бұдан әрі - ИТҚ) кәсіби білімінің болуын растайтын құжаттар;

2) тартылатын ИТҚ-ның жұмыс үшін оны тарту жоспарланатын бағыттар бойынша кемінде 7 (жеті) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар;

3) ұқсас бағыттар бойынша шетелде 3 (үш) еңбек келісімшарттарына сәйкес маманның жалақысының орташа деңгейі жоспарланғаннан кемінде 60% келетіндігін растайтын құжаттар.

30. Егер, қатысушы мәлімдеген іс-шаралар Бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес келген жағдайда, аспап операторы аспапты ұсыну туралы шешім қабылдайды және қатысушыдан өтінімді алу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қатысушымен шартқа қол қояды. Сәйкессіздіктер болуы жағдайында аспап операторы аспапты бөлмеу туралы шешім қабылдайды. Қатысушы барлық сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін аспап операторына өтініммен қайта жүгінеді.

31. Қатысушы мәлімделген ИТҚ-ны шартқа қол қою сәтінен бастап 40 (қырық) жұмыс күні ішінде тартуға тиіс.

32. Аспап операторы қатысушы ұсынған құжаттарды зерттейді. Барлық қажетті құжаттардың болуы және шарттың барлық талаптарын орындау жағдайында аспап операторы шетелдік ИТҚ-ны тартуға қатысушы шеккен шығындардың бөлігін қоса қаржыландыруды жүзеге асырады. Шарттың талаптарын орындамау жағдайында аспап операторы қатысушыны шарттың орындалмаған тармақтарын орындау қажеттілігі туралы хабарлайды.

33. Технологиялық процестерді жетілдіру, жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін жоғары білікті мамандарды тарту жөніндегі шығындарды қоса қаржыландыру көрсетілген қызметтердің құнын төлеуге шеккен шығындардан 50 % (қоныс аударуға және тұруға арналған шығындарды есептеместен), бірақ, қатысушыға шетелдік инжнерлік-техникалық мамандар көрсеткен қызмет нәтижелері бойынша жылына 1 маманға 9 миллион теңгеден аспайтын шекте жүргізіледі. Қатысушыға Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын іске асыру уақытында 3 (үштен) аспайтын шетелдік жоғары білікті мамандар шеккен шығындар қоса қаржыландырылады. Шетелдік жоғары білікті мамандардың қызмет құнын төлеуге арналған шығындарды қоса қаржыландыру 1 (бір) жылдан аспайтын тоқсан сайынғы негізде жүргізіледі.


8-тарау. Аспап операторының қазіргі заманғы басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі қызметі
34. Қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық бағалауын алғаннан кейін аспап операторы белгілеген нысанға сәйкес аспап операторына өтінімді береді. Қатысушы өтініммен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) тартылатын компанияның кемінде 3 жыл тиісті басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған мамандануын растайтын құжаттар;

2) тартылатын компанияда консультация берудің тиісті бағыттары бойынша білікті қызметкерлер штатының (жобаға қатысатын мамандар тобы үшін орташа жұмыс өтілі кемінде 5 жыл) болуын растайтын құжаттар;

3) тартылатын компанияда әзірленген ұсынымдарды енгізу қорытындысы бойынша қол жеткізілген экономикалық тиімділікті көрсете отырып, аталған компания бұрын көрсеткен осындай қызметтер негізінде клиенттерден кемінде 3 оң пікірлердің болуын растайтын құжаттар.

35. Егер, қатысушы мәлімдеген іс-шаралар Бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес келетін жағдайда аспап операторы аспапты ұсыну туралы шешім қабылдайды және және қатысушыдан өтінімді алу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қатысушымен шартқа қол қояды. Сәйкессіздіктер болған жағдайда оператор аспапты бермеу туралы шешім қабылдайды. Қатысушы барлық сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін аспап операторына өтінімен қайта жүгінеді.

36. Бағдарламаға қатысушы аспап операторымен шартты жасағаннан кейін өз есебінен басқару және өндірістік технологияларды енгізу, персоналға тиісті оқыту жүргізу (қажеттілік кезінде) жөніндегі жоспарды әзірлеу үшін консалтингтік компанияны тартады.

37. Қатысушы шартқа қол қойған сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде басқару және өндірістік технологияларды енгізудің жоспарын әзірлеуі тиіс.

38. Қатысушы басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі жоспарды әзірлеуді аяқтағаннан кейін консалтингтік компанияның қызметіне шеккен шығындарды қоса қаржыландыру үшін, жоспарды әзірлеу үшін консалтингтік компанияны тарту фактісін растайтын құжаттармен аспап операторына жүгінеді.

39. Аспап операторы қатысушы ұсынған құжаттарды тексереді. Барлық қажетті құжаттар болған және шарттың барлық талаптарын орындау жағдайында, аспап операторы басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі жоспарды әзірлеуге шеккен шығындар бөлігінде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады. Шығындарды тексеруге және қоса қаржыландыруға арналған мерзім растау құжаттарын алуған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Шарттың талаптарын орындамау жағдайында аспап операторы қатысушыны шарттың орындалмаған тармақтарын орындау қажеттілігі туралы хабарландырады.

40. Басқару және өндірістік технологияларды енгізу жоспарын әзірлеуге шығындарды қоса қаржыландырудан кейін аспап операторы мен қатысушы жоспарды іске асыруға арналған шығындарды қоса қаржыландыру туралы келісімге қол қояды. Консультанттарды тарту талап етілетін іс-шаралар ғана қоса қаржыландырылады.

41. Қатысушы шартқа қол қою сәтінен бастап 6 (алты) ай ішінде басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі жоспарды іске асыруы тиіс.

42. Басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі жоспарды іске асырудан кейін қатысушы жоспарды іске асыруға шеккен шығындар бөлігінде қоса қаржыландыру үшін жоспарда көрсетілген іс-шараларды іске асыру фактісін растайтын құжаттармен аспап оперторына жүгінеді.

43. Аспап операторы қатысушы ұсынған құжаттарды тексереді. Барлық қажетті ақпараттың және шарттың барлық талаптары орындалған жағдайда аспап операторы басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі жоспарды іске асыруға шеккен шығындар бөлігінде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады. Шығындарды тексеруге және қоса қаржыландыруға арналған мерзім растау құжаттарын алу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Шарттың талаптары орындалмаған жағдайда аспап операторы қатысушыға шарттың орындалмаған тармақтарын орындау қажеттілігі туралы хабарлайды.

44. Басқару және өндірістік технологияларды енгізу жөніндегі шығындарды қоса қаржыландыру 70% мөлшерінде, бірақ, басқару және өндірістік технологияларды енгізудің жоспарын әзірлеу үшін тартылған консультанттардың қызметін төлеуге 5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде, сондай-ақ, қоса қаржыландыру 30%, бірақ бір жоба бойынша басқару және өндірістік технологияларды енгізудің жоспарын іске асыруға шеккен шығындардан 10 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.


9-тарау. Инвестициялық жобаларды тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұны және ресімдеу
45. Бағдарламаға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі: мәтіндік құжаттар Word-пішінді файлдарда, есептеулері бар кестелер Excel-пішінді файлдарда беріледі.

46. Құжаттардың барлық жиынтығы бір папкаға жиналуы керек, құжаттардың барлық парақтары нөмірленуі, бір парақтан астам болатыны тігілуі, Өтінім берушінің мөрімен бекітілуі және Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталуы керек.

47. Инвестициялық жобаны қарастыруға арналған өтінімге Өтінім беруші атынан құжаттарға қол қою өкілеттігіне ие тұлға қол қоюы керек. Құжаттарға сенімхат бойынша қол қойған жағдайда соңғысы құжаттарға қоса берілуі керек.

48. Жобаға өтінім беруші барлық шығыс деректерінің толықтығы мен нақтылығына, сондай-ақ, өтінім мен басқа берілген құжаттарда көрсетілген барлық есептеулердің дәлдігі мен негізделуіне жауапты болады.


10-тарау. Қорытынды ережелер
49. «Өнімділік 2020» Бағдарламасының құжаттар пакеті Бағдарлама операторының www.kidi.kz сайтында орналастырылады.

50. Жобаның іске асырылу барысына мониторингі бағдарламаға қатысушылардың инвестициялық жобаларды іске асыруына мониторинг жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.


Бағдарламаны іске асыру ережесіне

1-қосымша










«Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысуға және мемлекеттік

қолдау шараларын алуға арналған

ӨТІНІМ


____________________________________________________________________

(ұйым атауы)
осы өтінімді «Өнімділік 2020» бағдарламына қатысуға арналған қажетті құжаттар пакетімен бірге мемлекеттік қолдаудың мына шараларын алу үшін жіберіп отыр: мемлекеттік қолдау түрін көрсету:

консалтингтік компанияға кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлеу

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру беру

білікті жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тарту

инновациялық гранттар ұсыну

біліктілігі жоғары шетел мамандарын тарту

заманауи басқару және өндірістік технологияларды (кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыратын технологияларды, оның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, халықаралық басқару стандарттарын, ERP, Lean, Кайдзен және басқаларын) енгізу.
Жаңғырту жобасының атауы:

_______________________________________________________________

Жоба мазмұны, мерзімдері мен құнын негіздеу қоса берілген құжаттарда келтірілген. Берілген ақпараттың шынайылығына кепілдік береміз.
Қосымша:

  1. жоба паспорты;

  2. жоба бойынша слайд-тұсаукесер;

  3. инвестициялық жобаның кешенді жоспары немесе консалтингтік компанияның сараптамалық бағасымен инвестициялық жобаның кешенді жоспары;

  4. кәсіпкерлік субъектісіне онда қызмет көрсетілетін банк(тер)ден немесе банк филиал(дар)ынан қол мен мөр басылған, кәсіпкерлік субъектісінің міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі кешіктірілген қарыздарының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;

  5. тиісті салық органынан салық қарыздарының және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарызының жоқтығы туралы белгіленген нысандағы анықтама түпнұсқасы.

  6. соңғы қаржылық жылға арналған аудитор қорытындысының көшірмесі

  7. құқық қабілеттігін растайтын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері.

Барлығы __________ парақ.

 

__________________________________________

    (өтінім беруші атынан құжаттарға қол қою уәкілеттігіне ие тұлға лауазымы)
(М.О.)

__________________

қолы/тегі/               

 
Материалдарды алғаны туралы белгі*

 

Алған күні: «____»________________ 201__ ж.

Өтінімнің тіркелу нөмірі _________________

Тіркеуші ___________________________________________________

(т.а.ә., қолы)

* Бағдарламаның өңірлік өкілі толтырады

 

Ескертпе: ұйым бланкінде құрастырылады. Өтінімге бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қояды.

Бағдарламаны іске асыру ережесіне

2-қосымша

ЖОБА ПАСПОРТЫ

(жоба өтініш берушісі үшін)


    1. Кәсіпорынның толық атауы.

    2. Өтініш берушінің басшысы (аты-жөні, лауазымы).

    3. Жоба басшысы (аты-жөні, лауазымы).

    4. Бизнесті сипаттау, ағымдағы өндірістің сипаттамасы.

    5. Жоба атауы. Жобаны және жаңашылдықты, бірегейлікті, бәсекелестік артықшылықтарын, өзгелерін қамтитын оның мақсаттарын қысқаша сипаттау.Өнімнің қысқаша сипаттамасы, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер.

    6. Жоба бағыты(жаңа өнімді жасау, өндірісті шығару, өндірісті, технологияны, менеджментті, маркетингті, өзгелерін кеңейту/жаңғырту).

    7. Жоба нәтижелерін сатып алу ниеті туралы шарттардың болуы.

    8. Жобаның жалпы құны, мың теңге.Жобаның жалпы сомасынан меншікті қаражаттың үлесі, %.Жобаның негізгі бірлескен инвесторлары және олардың қатысу көлемдері.

    9. Сатудың, пайданың және аөша қаражаты ағынының болжамды көлемі.

    10. Жобаны іске асыру мерзімі (ай).

    11. Жоба нәтижелерін қолдану, пайдалану перспективалары, өнімді өткізу нарығы.

    12. Еңбек өнімділігін болжамды ұлғайту және жобаның энергия тиімділігі.

    13. Жобаны іске асыру тәуекелі және оларды барынша азайту жөніндегі шаралар.

    14. Жобаны іске асыру орыны.



__________________________________________

    (өтінім беруші атынан құжаттарға қол қою уәкілеттігіне ие тұлға лауазымы)
(М.О.)

______________________________

қолы/тегі/               


Бағдарламаны іске асыру ережелеріне

3-қосымша


Кәсіпкерлік субъектісінің

САУАЛНАМАСЫ

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________ (кәсіпорынның толық атауы)
Заңды мекенжайы:_______________________________________________

(индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше)
Бірінші басшы (т.а.ә., лауазымы, почталық мекенжайы және жұмыс телефонының нөімір): _______________________________________________

Құрылған жылы: ______________________________________________

Қызмет түрі: __________________________________________________ (сала, қосалқы сала)

Кәсіпорын қызметкерлерінің саны: _______________________________

Кәсіпорынның белгіленген қуаты

Қуаттардың жүктелімі (%):______________________________________

Ағымдағы еңбек өнімділігі: _____________________________________

Жобаны іске асыру мерзімдері __________________________________

Жоба құны ___________________________________________________

Кәсіпорынды, өндірістік процестерді жаңғырту және/немесе жетілдіруге бағытталып жоспарланатын іс-шаралар______________________

__________________________________________________________________

Жоба мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламаларға қатысушы болып табылады ма?________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________
Сауалнаманы толтырған байланыс жасаушы тұлға (т.а.ә., лауазымы, телефон, е-mail): ________________________________________________
Сауалнамы толтыру күні______________________
Қолы __________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет