ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бекманова Эльмира Орақбайқызы
Рахмет саған, Әліппе!
( ертеңгілік)
Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту:ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді.
Көрнекілігі: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»,
«Әліппем - білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер,
әріптер, сөздер.
Барысы: (Мызыка ойналып,оқушылар кіреді.)
(Әнұран айтылады)
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «В» сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! 1 «В» сынып оқушыларының «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе»
1-жүргізуші: Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.
2-жүргізуші: Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді. Сондықтан әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды қошеметтеп отырайық.
Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
(Балалар өздерін таныстырады.)
1.Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен боламын Дариға.
2.Бүгін үлкен салтанат,
Менің атым Бақдәулет.
3.Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті.
Айдана деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
4.Дарасы болар даланың,
Рамазан деген баламын.
5. Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті мен Аяжан.
6.Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Бақдәулет жігіт мен болам.
7. Гүлнұр қызбын кең маңдай,
Әдемімін мен қандай.
8. Диас деген баламын,
Есепті мен шағамын.
9. Менің атым Әсемай,
Әдемімін бе қалай?
10.Көп оқитын, көп тоқитын,
Менің атым Рамазан.
11.Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Ақсезім боламын.
12.Би билеймін айнала,
Менің атым Айша.
13.Желдей жүйрік баламын,
Мен Дархан боламын..
14.Сурет салар сәулелі,
Мен Аяулым боламын.
15.Үлкенге де,кішіге де,
Мейірімді болатын,
Мен Нұрсұлтан боламын.
16.Талабы таудай талапты,
Ерасыл атты баламын.
17.Келешегі қазақтың,
Мен кішкентай Ержанмын.
18.Жақсы оқып сабақты,
Білімді боп өсетін,
Мен Мадиев Нұрдәулет.
19.Білімнен бақыт табатын,
Мен Досымжан боламын.
1.Армысыздар жас достар,
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
2.Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!
(Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың-
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
3.Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз.
4.Күмбір-күмбір қоңырау,
Соғылған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма.
Жазылған ай қыркүйек.
5.Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
6.Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
7.Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
8.Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
9.Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
10.Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Хор: «Әліппе»
11. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
12. «Әліппе» деген - алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
13.Қош бол құтты «Әліппем!»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
14.Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
16.А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
17.Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Әліппе: «Әліппе» оқуға
Үйреткен әр күні
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Әліппе: Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Хор: « Мұғалім ол біздің.»
Жүргізуші: Ал осымен әріптер,
Шежіресін бастайық
Басшысы әріптердің,
А-дан сөзді бастайық.
А – Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
Б - Бейбітшілік бар адам жүрегінде,
Бейбітшілік бар адам тілегінде.
И - Иба, әдеп, ақыл-ой,
Имандылық басы ғой.
Иісі қазақ баласын,
Инабатты дейді ғой.
Ө - Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген өшер.
С - Сыйламаған аз досын,
Сыйлай алмас өз басын.
Е - Еріншектің ертеңі,
Елге таныс ертегі.
Т - Тәп-тәтті нан таба нан,
Таба алмай қалдым табадан.
М - Мен көп тердім мақтаны,
Марат мені мақтады.
Н - Нағашым өтінді Назардан,
«Науат әкел» деп базардан.
О - Орындықта отырып,
Оқулықты оқылық.
Р - «Р-рр» деп бір ит жолықты,
Раушан одан қорықты.
Ұ - Ұл атану ұрыншақ,
Ұят екен ұғынсақ.
Щ – «Щёткамен тазарт тісіңді»
Деп ағам маған бұйырды.
Ы – Ырысбек сүйер жұмысты
Ықыласпен жуды ыдысты
І – Ізбасар болар ініміз,
Ісінен оны біліңіз.
Х –Хат жолдады Ахмет
«Хакім саған рақмет!»
Д - Дәмежанға дәрігер,
Дәрі беріп әбігер.
Ш - Шабындық жер шалғай ма?
Шалғысы бар шал қайда?
У - Улы жыланды Уәлі,
Уақ тас алып қуады.
Жүргізуші: Әріптерді қатар қойып,
Алфавитті құраған.
Оқу, білім өнерді,
Шамшыраққа балаған
Кім екен ол данышпан?
Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.
18. Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогі. Ең алғаш әліппе жазған.
19. Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,
Халықтың кітап берген қолына сен.
Қазақтың қара түнек аспанынан,
Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.
20. Айтпайсың ба дәл қазіргі еліңе өкпе,
Болашақ етеді аңыз сені көпке.
«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта,
Бар мектеп көтереді қолын көкке.
21.Данышпан даласына сеніп туған,
Өмірін халық үшін беріп туған.
Еліне еңбек еткен деген сөздің,
Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.
Ән: «Ұстаз»
Мұғалім: -Ал балалар, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік!
( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )
Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.
22.Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
23.Қолға қалам алайық,
Қанша сан бар, жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
0 – Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді ,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
1 – Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтес тәтем жүр сауып.
2 – Екі аяқпен жүремін ,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
3 – Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балықты ұстаған.
4 – Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5 – «Бестік» деген бағаны.
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
6 – «Алақай!»-дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
7 – Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
8 – Сен де, мен де баламыз
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
9 – Тоғыз жасқа келгенім
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
10 – Он жыл,он жас-он деген,
Он жас кіші он менен.
Онды жаза аламыз
Он – тұрған бір нөл менен.
11 – Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.
Санамақ айтылады.
Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
Ән: «Ақ мамам»
12 – Бәріміз ән сабақта тамашамыз.
Үкілі бөрік киіп жарасамыз.
Ағайға ән үйреткен риза болып,
Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.
13 – Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.
14 - Әр сабағы мектептің,
Әдемі ғой біздерге.
Риза болып шығамыз,
Мұны үйреткен сіздерге.
Бәрі:– Рахмет сіздерге ұстаздар!
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)
Мен есепші боламын.
Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
Мен әкім боламын.
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
Мен білім министрі боламын.
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
Мен дәрігер боламын.
Кез- келгн аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
Мен мұғалім боламын.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.
Мен полиция қызметкері боламын.
Еліме адал қызмет етемін.
Мен кәсіпкер боламын.
Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.
Мен Біліммін.
Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.
15.Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
17.Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
18.Әліппем,менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам 1000 рет
Өзіңе көп-көп рахмет
Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінділмес кемдігім.
Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.
Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!
Бәрі:Қош сау болыңыз.
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Достарыңызбен бөлісу: |