Операциялық жүйе


Мобильді операциялық жүйелер



бет2/3
Дата03.10.2023
өлшемі272.83 Kb.
#479606
түріПрограмма
1   2   3
Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер

Мобильді операциялық жүйелер
Заманауи операциялық жүйелер:
  • Android
  • iOS
  • Lineage OS
  • Fire OS
  • Windows 10 Mobile
  • Sailfish OS
  • Flyme OS
  • Tizen
  • Remix OS

Ескірген, көп қолданылмайтын жүйелер:
  • Symbian
  • Windows Mobile
  • Palm OS
  • webOS
  • MaeMO
  • MeeGO
  • LiMO
  • BlackBerry OS
  • Firefox OS

Қолданыста кең таралған мобильді операциялық жүйелер
Android — ықшамды операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшеттерде, санды ойнатқыштарда, қолсағаттарда, нэтбуктерде және смартбуктарда жиі қолданылады.
2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады.
Алғашында Android Inc. компаниясы жасаған, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Google Android платформасын ары қарай қолдау және дамыту мақсатында Open Handset Alliance (OHA) альянсын құрды. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.
  • 2005 жыл шілде — Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды
  • 2007 жыл 5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance(OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады.

  • 12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.
  • 2008 жыл18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады.

  • 23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды.
    SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты
  • 2009 жыл 30 сәуір — жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты.

  • 15 қыркүйек — Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты.
    26 қазан — Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты.
    3 желтоқсан — Android 2.0.1 нұсқасы шықты.

Android OS даму тарихы
  • 2010 жыл 12 қаңтар — Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған.

  • мамыр — Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты.
    желтоқсан — Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.
  • 2011 жыл 22 ақпан — Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты.

  • 15 тамыз — Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды.
    9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады.
    19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.

Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б. Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады.
iOS пен Windows Phone 7-ке қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.
Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.
Android OS жетістіктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет