Сабақты етістікті табыңыз а барма в мақтанба с бердім д келді е шықты Бөлшектік сан есімді тап



бет1/6
Дата24.02.2016
өлшемі1.58 Mb.
#16575
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Сынақ тапсырмалары

Морфология



1.Сабақты етістікті табыңыз

А)Барма В)Мақтанба С)Бердім Д)Келді Е)Шықты


2.Бөлшектік сан есімді тап

А)Төртінші В)Үшттің бірі С)Сегіз шамалы Д)Алтау Е)Тоқсан


3.Салыстырмалы шырайды тап

А)Ол жылы үйде тұрады В)Ол тым үлкен С)Бұл бөлме үлкенірек,кеңірек екен Д)Күн өте ыстық болып тұр Е)Мынау қып-қызыл ғой


4.Жалпылау есімдікті тіркесті тап

А)Біз дайынбыз В)Көктемгі уақыт С)Барлық Адам Д)Мол тағам Е)Мінсіз Адам


5.Мекен үсттеудің сұрағын тап

А)Неге? Қалай? В)қаншалық? Қаншалап? С)Қалай? Қайтіп? Д)Қашаннан? Қашан? Е)Қайдв? Қайдан?


6.Болжалдық сан есім жасайтын,бөлек жазылатын сөздерді көрсетіңіз

А)Оныншы В)Х том С)50-60-тай Д)Таман жуық Е)Бір-екі


7.Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын табыңыз

А)Көлге таман В)Мен кино көрдім С)Мектептен келді Д)Кітапты қатты оқыды Е)Ауланы тазалады


8.Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

А)Ақшыл В)Жарық С)Тәтті Д)Аттылы Е)Қымбат


9.Шылау арқылы байлынысты көрсетіңіз

А)Оқиғаны зерттеу В)Күміс білезік С)Қызметке тұру Д)Тойдың соңы Е)Көрген сайын сұрайды


10.Одағай сөзді табыңыз

А)Жуас екенсің,қорқағым В)Уа,шіркін,ән деп осыны айт С)Ол бір сырлы,,сегіз қырлы жігіт екен

Д)Келіңдер,кел от жағуға Е)Қанат, Талғат, бері келіңдер
11. «Жалт-жұлт», «тарс-тұрс»-қос сөздердің мағынасын табыңыз

А)Бөлшектеу мәнді В)Мәндес сөздер С)Еліктеу мәнді қос сөз Д)Көптік мәнді Е)Қайшы мәнді


12. «Екі-екіден» сан есімнің қай мағыналық түрі екенін белгілеңіз

А)Реттік В)Топтау С)Жинақтық Д)Бөлшектік Е)Болжалдықъ


13.Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсетіңіз

А)Айтса да В)Айтамын ғой С)Егер келсе Д)Тумен бірге Е)Ержан мен әкесі

14.Тау,тас,бидай-сөздерін қай қатарға жатқызамыз

А)Туынды В)Дерексіз С)Күрделі Д)Жалпы есім Е)Жалқы есім


15.Морфологиялық тәсілмен жасалған омонимді табыңыз

А)Жүз В)Тек С)Көрме Д)Апта Е)Түс

16.Есімше тұлғасында тұрған сөзді табыңыз

А)Қарайып В)Қарапты С)Қарағалы Д)Қарады Е)Қарайтын


17.Есімдікті тап

А)Әрине,мүмкін В)Көк,сарғыш С)Бәрекелді,пәлі Д)Барлық,күллі Е)Екінші,бес


18.Зат есімнің түрлері?

А)топтау,жинақтық В)қатыстық,сапалық С)болымды,болымсыз Д)өздік,ырықсыз Е)деректі,дерексіз


19.Тұйық етістікті сөзді көрсет

А)сау,бу В)алу,қарау С)бұзау,жуас Д)дәріхана,сәнқой Е)келші,ашудас

20.Көсемше тұлғалы сөзді тап

А)барғалы,келгелі В)алатын,көретін С)бөлме,айтпа Д)жасар,берер Е)мінсіз,өнерпаз


21.Одағайдың түрін тап

А)шақырау,жекіру В)жалпы,жалқы С)сын-қимыл,мезгіл Д)салыстырмалы,күшейтпелі Е)өзгелік,өздік


22.Өзгелік етіс жұрнақтары

А)-тыр,тір,ғыз,гіз,т В)-ыл,іл,ын,ін С)-ғалы,гелі,қалы,келі Д)-ыс,іс,с Е)-қой,паз,кер


23.Жалпылау есімдігі бар сөйлем

А)Кеше күні бойы қар жауды В)Қарағандықтан алыс емес С)Екінші кезекте оқимыз Д)Бау-бақша егуге дайындық қалай? Е)Барлық жұмыскерлерге үйлестірілді


24.Етістік түбіріне –ты,-ті,-ды,-ді жұрнақ қосылу арқылы қай шактың түрі жасалады?

А)жедел өткен шақ В)осы шақ С)нақ осы шақ Д)бұрынғы өткен шақ Е)келер шақ


25.Бұйрық райлы сөйлемді көрсет

А)жауын жаумаса игі еді В)өлең айтқым келеді С)көп түкірсе,көл болады Д)ол бізді үйіне баруға көндірді Е)жатсам,жатайын,-дедім мен



Морфология

Жауаптары:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25



с

в

с

с

е

д

в

д

е

в

с

в

д

д

с

е

д

е

в

а

а

а

е

а

Е


Сынақ тапсырма

Пунктуация және стиль


  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А) Сырым батыр Төленді биге:-Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады!-

депті.


В) Сырым батыр Төленді биге -Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады?-

депті.


С) Сырым батыр Төленді биге «Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады?»-

депті.


Д) -Сырым батыр Төленді биге -Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады?!-

депті.


Е) Сырым батыр Төленді биге:-Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады?-

депті.


  1. Қай жерде леп белгісі қойылмайды?

А) жасай бер,Қазақстаным! В) Апа, кітап алып берші!

С) Амансыз ба?-деп саңқ ете қалды ол. Д) Көзің ашық болсын,оқы,балам!

Е) Сонымен өтті зор кеудеде үлкен от!...

Кетті асыл ұлан!...



  1. Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз.

Жүрегімді көрші,міне,жарадан сау жер қалды ма

А) Сұрау белгісі В) Нүкте С) Леп белгісі Д) Нүктелі үтір Е) Тырнақша

4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз

А) «Мынау,-деді ол көк лентаны суырып ап,-теректің өзі!»

В) «Мынау,»-деді ол көк лентаны суырып ап,-теректің өзі!

С) Мынау,-«деді ол көк лентаны суырып ап,»-теректің өзі!

Д) «Мынау,-деді ол көк лентаны суырып ап,-теректің өзі»

Е) Мынау,-деді ол көк лентаны суырып ап,-«Теректің өзі»

5. Қарсылықты салалас құрмаластың жалғаулықсыз түрінде қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

А) Қос нүкте В) Сұрау,леп белгілері. С) Үтір,сызықша

Д) Нүкте,дефис Е) Тырнақша,жақша

6. Сұраулы сөйлем көңіл-күйімен байланысты айтылса қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

А) Сұрау,леп белгілері. В) Нүкте,көп нүкте С) Үтір,сызықша

Д) Қос нүкте,сызықша Е) Дефис,тырнақша

7. Тыныс белгілері дұрыс қойылған мысалды анықтаңыз.

А) Тіл жоқ жерде ұлт жоқ ,-дейді Шыңғыс Айтматов

В) «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ ?» - дейді Шыңғыс Айтматов

С) «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ », - дейді Шыңғыс Айтматов

Д) «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ !» - дейді Шыңғыс Айтматов

Е) «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ ... - дейді Шыңғыс Айтматов

8.Жетпей тұрған тыныс белгісін анықтаңыз.

Бәрімен де жолыққың келеді оған уақыт аз.

А) Қос нүкте,үтір в)сызықша, сұрау белгісі с)тырнақша, нүктелі үтір

Д)үтір, сыцзықша е)сызықша, жақша

9.Кейде сұрақ белгісінің жақша ішінде қойылу себебін анықтаңыз.

А) Кекесін , қалжың мәніндегі сөзден кейін в)сөз мәні түсініксіз,күдік туғызатын жағдайда с)дәйек сөздің кімнен алынғандығын білдіретін жағдайда

д)авторлық ремаркадан кейін е)сұраулы сөйлем соңында

10)Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады.

А)сөйлем ортасында в) сөйлем басында с) сөйлем соңында д)автор сөзінен кейін
11.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А)Саққұлақ шешен:Тумысыңнан дана екенсің ,- депті Шоқанға риза болып.

В) « Саққұлақ шешен -Тумысыңнан дана екенсің ,- депті Шоқанға риза болып.

С) Саққұлақ шешен: «Тумысыңнан дана екенсің» - депті Шоқанға риза болып.

Д) Саққұлақ шешен: «Тумысыңнан дана екенсің», - депті Шоқанға риза болып.

Е) Саққұлақ шешен,-Тумысыңнан дана екенсің, - депті Шоқанға риза болып.

12.Сызықша басқа тыныс белгілермен қабаттаса келгенде қалай қойылады?

А)Үтірдің алдынан в)тыныс белгілерінен кейін с) тыныс белгілері алдынан

Д)көп нүкте арасына е)нүкте алдынан

13. Тыныс белгісі қабаттаса қойылмайтын сөйлемді табыңыз.

А) Шенгел де өз жерінде,- дүркірейді. В) «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді»,- дейді халық С)Ти десем тимейді,- тиме десем тиеді. Д) Апыр-ай, бұл не деген безбүйрек ит?! Е)Сәулелі сөз сөне ме?

14.Ресми іс-қағаздар түрін көрсет

А)мақала в)роман с)өтініш д)кейіптеу е)баяндама

15.Берілген сөйлемдердің ішінен ғылыми стиль ыңғайында берілген сөйлемді табыңыз.

А)Мін көп болса, сын да көп. В)Осы жолдарды жазу үстінде мен қатты қиналып отырмын. С)Түрлі тағамдардың барлығын сол шыптаның ішінен ұшыратуға болады.

Д)Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды е)Жазғы күннің бірі еді.

16.Мына сөздердің қатарында қай сөздер ауызекі сөйлеу стиліне жатады?

А)мынау, құрау,ұзақ в)боран, нәрсе, бұрқыраған с)нетіп, байғұс, құрғұр

Д)шоқпыт, тамақ , пеш е)өнер, көңіл, сөз

17.Ақпарат құралдарының тілі қай стильге жатады?

А)Публицистикалық в)Көркем әдебиет с)Ауызекі сөйлеу тілі д)Ресми е)Ғылыми

18.Публицистика жанрын белгілеңіз.

А)Роман ,әңгіме в)Сенімхат , өтініш с)Очерк, памфлет д)баяндама, мәнжазба

Е)мақала, хикаят

19.Белгілі бір аймақ шеңберінде қолданылатын тіл ерекшеліктерін көрсетіңіз.

А)көсіби сөз в)әдеби сөз с)кітаби сөз д)варваризм е)диалект

20.Моңғол тілінен енген сөзді көрсет

А)емтихан в)кірпіш с)самауыр д)институт е) аймақ

21.Сөздің қолданылу ерекшелігін зерттейтін саланы көрсетіңіз.

А)Фонетика В)Стиль с)Лексика д)Морфология е)Синтаксис

22.Берілген сөйлем стильдің қай түріне жататынын анықтаңыз.

А) Публицистикалық В) Ауызекі сөйлеу тілі с) Ғылыми д)Ресми в)Көркем әдебиет

23. «Қаулы етілді», «шешім қабылданды», «міндеттелсін» сияқты дайын үлгілер қолданылатын стиль түрін табыңыз.

а)Көркем әдебиет в)Ресми с) Публицистикалық д) Ғылыми е) Ауызекі сөйлеу тілі

24.Ғылыми стильдің қолданылу аясы

а)Көркем әдеби шығармада в) зерттеу еңбекте с)кеңсе құжатында д)бұқаралық ақпарат құралында е)жиналыстарда

25.Қай стильде сөздер бейнелі мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылады?

А) Ғылыми стиль в) Ауызекі сөйлеу стилі с)Іс-қағаздар стилі д) Публицистикалық стилі е) Көркем әдебиет стилі

Пунктуация және стиль

Жауаптар


1.е

2.в


3.а

4.д


5.с

6.а


7.с

8.д


9.в

10.с


11.д

12.в


13.е

14.с


15.с

16.с


17.а

18.е


19.е

20.е


21.в

22.е


23.в

24.в


25


Тақырыптық тапсырма

Синтаксис

1.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-

бұлар адамшылдық қасиеттер болып табылады.

В. Өлең жыр-қазақтардың жан серігі.

С. Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі

шешен жүйрік.

Д. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.

Е. Байлық пен бақ-сенімді серігің, балаң-артында қалған ізің.

2. Себеп-салдар салаласты белгілеңіз.

А. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы

бала араларын аша берді.

В. Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп

жатқан тас көмір екен.

С. Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.

Д. Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.

Е. Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.

3. Себеп-салдар құрмалас сөйлемді табыңыз.



  1. Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады.

  2. Балалықты қою керек, сен енді соқталдай жігітсің.

  3. Ұмтылып арбадан түсейін деп еді, Нұрғали басын жібермеді.

  4. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес.

  5. Бірі әлдеқашан ескірген сияқтанып кетеді, енді бірі баяғы балалық шағымызға лайық бірдеме сияқты.

4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

  2. Жорғаң қатты болса, төске сал, ісің ақ болса, көпке сал.

  3. Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ.

  4. Талаптың өзі де түрлі-түрлі болады, талап қылушылар да неше түрлі болады.

  5. Жер таусыз болмайды, ел іші даусыз болмайды.

5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі неде.

  1. Жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысады.

  2. Бірақ, дегенмен деген жалғаулықтар арқылы байланысады.

  3. Тек қана жалғаулықтар арқылы байланысады.

  4. Алғашқы сыңарында саралану мәні айқындалады.

  5. «әйтпесе» жалғаулығы арқылы байланысады.

6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі.

  2. Аталарымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі – ел басы,топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі – намысқор келеді екен.

  3. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.

  4. Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай.

  5. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақыт та қалмаған.

7. Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз,әрдайым ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.

  1. Ыңғайлас салалас.

  2. Қарсылықты салалас.

  3. Түсіндірмелі салалас.

  4. Себеп-салдар салалас.

  5. Талғаулы салалас.

8. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

  1. Бірақ, дегенмен, алайда.

  2. өйткені, сондықтан, себебі.

  3. Және, әрі, да.

  4. Жалғаулығы жоқ.

  5. Кейде, бірде, біресе.

9. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетті.

  2. Досын сатқан жандардан жиренемін: Отаныңды ондайлар сата алады.

  3. Көкөзек Ушаковты алдап ұрды: нәлі бар да, бақыры болмай шықты.

  4. Сырт тазасы не керек, тазарт әуелі ішіңді!

  5. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзге ол кек тұтқан жоқ.

10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.

  2. Күн қоңыр адырдан асып кетіпті, сәулесі сонау биіктердің басында қалған.

  3. Кейде екі салт қатар аяңдайды да,кейде бірі екі атты жетелеп, бірі артынан айдайды.

  4. Жауап бар да, айтуға аузы барар емес.

  5. Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.

11. Түсіндірмелі салалас құралас сөйлемді табыңыз.

  1. Ақжелкеннің сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмаш ақтауға тиіс.

  2. Сенің алдыңда екі-ақ жағдай бар, не сабақты жақсы үлгертуің керек, не оқуды тастап ауылға кетуің керек.

  3. Олжабек сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.

  4. Көктемнің ұзаққа созылуы да біздерге жайлы тиіп тұрған жоқ: көбінің киімі жеңіл, алыс фермаларға барып жұмыс істей алмайды.

  5. Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.

12. Жалғаулығы жоқ салалас түрін табыңыз.

  1. Ыңғайлас салалас

  2. Қарсылықты салалас

  3. Түсіндірелі салалас

  4. Себеп-салдар салалас

  5. Талғаулы салалас

13. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәндісі бірінші келсе, одан кейін қандай тыныс белгі қойылады.

  1. Нүктелі-үтір

  2. Үтір

  3. Сызықша

  4. Қос нүкте

  5. Үтір-сызықша

14. Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.

  2. Мақсат – біреу, сол себепті оны екіге бөлу – ымырашылдық.

  3. Сізден сұрайтынымыз мынау:бізге қамқоршы болыңыз.

  4. Ең сенімді су жер астынікі,- оны іздеу керек.

  5. Шытырлап тұрған қурай лап етті, қара түтін бұрқ етті.

15. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.

  2. Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.

  3. Ерінген қалар ұятқа, ізденген жетер мұратқа.

  4. Не жұмыстың көзін тап, не қисықтың кезін тап.

  5. Ол бірде биік, бірде аласа, бірде шешен, бірде сараң сөзді еді.

16. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмаласты табыңыз.

  1. Осылай жаз да өтті, күз де өтті.

  2. Теріскейде қара бұлт тұтасып келе жатса да, Қоспан асықпады.

  3. Жарқырай шағылысқан сәулесі жоқ, - бұлт астындағы қоңырқай жарықта төңіректің бәрі ап-айқын.

  4. Сен жыладың, мен бірақ селт етпедім.

  5. Сейіт құр сараң жымиғаны болмаса, шырай берген жоқ.

17. Жалғаулықты ыңғайлас салаласты табыңыз.

  1. Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген.

  2. Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.

  3. Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай алған да жоқ.

  4. Ән салшы бір, Зибагүл, қарағым.

  5. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

18. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.



  1. Ыңғайлас

  2. Қарсылықты

  3. Себеп-салдар

  4. Түсіндірмелі

  5. Талғаулы

19. Себеп-салдар салаласты табыңыз.

  1. Қар жауды, күн суытты.

  2. Мен қорықпаймын, қорықпайтыным әжем кеше сұрап алған.

  3. Күн бата шұбартып мал шеті де көрінді, боран да үдеңкіреп кетті.

  4. Ол үйге кіріп еді, ешкім жоқ екен.

  5. Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар.

20. Сөйлемде түсіп қалған жағдайда орнына сызықша қойылатын жалғаулықты табыңыз.

  1. Және

  2. Бірақ

  3. Немесе

  4. Біресе

  5. Сондықтан

21. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы.

  1. Ыңғайлас

  2. Себеп-салдар

  3. Түсіндірмелі

  4. Қарсылықты

  5. Кезектес

22. Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.

  1. әрі,және,да

  2. кейде,бірде,біресе

  3. бірақ,алайда, дегенмен

  4. сондықтан,сол себепті,өйткені

  5. не,я, я болмаса

23. Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы.

  1. ыңғайлас

  2. себеп-салдар

  3. талғаулы

  4. қарсылықты

  5. кезектес

24. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

Қазақ жері көп еді,-

Жер пайдасын білетін

Білімді ері жоқ еді.



  1. Ыңғайлас

  2. Қарсылықты

  3. Себеп-салдар

  4. Түсіндірмелі

  5. Талғаулы

25. Ыңғайлас салаласты табыңыз.

  1. Олар күзде және көктемде еш босамайды.

  2. Жаңбыр да жауды, от та өшті.

  3. Біздің сынып кең әрі жарық.

  4. Ол бөлмеге келді де отыра кетті.

  5. Ол жаза біледі және оқи біледі.

Жауап кілттері

1. Е

2. Е


3. В

4. А


5. С

6. В


7. С

8. Е


9. С

10. В


11. С

12. С


13. Д

14. Д


15. Д

16. С


17. С

18. А


19. В

20. В


21. Е

22. Е


23. С

24. В


25. В

Сынақ тапсырмасы

Лексика

  1. Архаизмнен болған тіркесті тап.

А. Үлкен планета

В. Абай даңғылы

С. Нарықтық экономика

Д. Валюта бағамы

Е. Физикалық карта

2. Бұрын көнерген сөз болып қазір неологизмге айналған сөзді тап.

А. Апрель

В. Ай


С. Ғасыр

Д. Апта


Е. Байрақ

3. Историзмді тап.

А. Мешіт

В. Имам


С. Жамағат

Д. Қылует

Е. Муфти

4. Архаизм сөздер қатарын тап.

А. Мекен-жай, нарық,пайыз

В. Сараптама,тежегіш,машина

С. Тарих,жағрафия,химия

Д. Пенсия,таможня,комплекс

5. Қай қатар бір ұғымның архаизмдік-неологизмдік атауы бола алмайды?

А. Герб-елтаңба

В. Гимн-әнұран

С. Колхоз-ұжымшар

Д. Анкета-сауалнама

Е. Аэродром-ғарыш айлағы

6. Қайсысы неологизм бола алады?

А. Несие


В.Гарантия

С. Процент

Д. Фонд

Е. Импорт



7. Неологизмге айналған көнерген сөзді тап.

А. Машайық

В. Сопы

С. Жамағат



Д. Діни басқарма

Е. Муфтият


8. Қай қатар неологизм сөздерге жатады?

А. Анализ,скидка

В. Класс,лампа

С. Сәулет,пайыз

Д. Градус,температура

Е. Хандық,барымта

9. Ұғымды атау үшін жасалған жаңа сөзді тап.

А. Ханшайым,би

В. Көпшік,көрпеше

С. Жасуша,ғаламшар

Д. Жекпе-жек,бокс

Е. Байқау,жарыс

10. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөзді не дейді?

А. Көнерген сөз

В. Диалект сөз

С. Кірме сөз

Д. Термин сөз

Е. Кәсіби сөз

11. «Диалект» сөзінің мағынасы не?

А. Оқу


В. Жазу

С. Тыңдау

Д. Сөйлеу

Е. Көру


12. «Тырық», «Көтерем» диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын тап.

А. Зәулім

В. Шалғай

С. Арық


Д. Ескі-құскы

Е. Кішкентай

13. Бір сыңары диалект сөзден болған тіркесті тап.

А. Түймені ағыту

В. Әпкелі-сіңілі

С. Ағайынды балалар

Д. Жуа егу

Е. Туысын көрді

14. «Жалғау», «Сөйлем», «Үстеу» терминдері қай ғылым саласында қолданылады?

А. Социология

В. Музыка

С. Әдебиет

Д. Тарих

Е. Тіл білімі

15. Қай сөйлемде термин сөз бар?

А. Апам ұршық иіріп отыр.

В. Жазда қауын-қарбыз жеуге бардық.

С. Еуразия - ең үлкен құрлық.

Д. Кеше қатты бұрқасын болды.

Е. Балалар балық аулауға кетті.

16. Қай термин сөздер синоним болады?

А. Антоним - омоним

В. Диалект – кәсіби сөз

С. Буын – бунақ

Д. Историзм – архаизм

Е. Фонема – дыбыс

17. Лингвистикалық терминді тап.

А. Сәуегей

В. Жұлдыз жорамал

С. Медбике

Д. Жедел – жәрдем

Е. Табу


18. Балық шаруашылығына байланысты кәсіби сөзді тап.

А. Дәнек


В. Өркен

С. Қоза


Д. Шырмауық

Е. Қармақ

19. Қай кәсіби сөз су шаруашылығына жатады?

А. Диірмен

В. Мұрап

С. Масақ


Д. Көсеу

Е. Келі


20. Кәсіби сөздер қатарын белгіле.

А. Ықпал,буын,екпін

В. Синус,параллель,ромб

С. Білім,тұрмыс,тіршілік

Д. Тұсау,тоқым,үзеңгі

Е: Ұзын,биік,алыс


21. Синонимдес сөздерді тап.

А. Жуа,сарымсақ

В. Қаңылтыр,сым

С. Қызамық,кекіре

Д. Сым,деген

Е. Бал,әсел

22. Қай сөздер синоним емес?

А. Шөміш – бақыраш

В. Шелек – бақыр

С. Кесе – пиала

Д. Шаппа – пәкі

Е. Сүлгі – жаулық

23. Табу сөзді тап.

А. Келін қайынын өз атымен атамайды

В. Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.

С. Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізеді.

Д. Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнті болады.

Е. Қазақтар кейбір табиғат құбылыстарын өз атымен айтпаған.

24. Эвфемизмге жататын сөзді белгіле.

А. Найзағай

В. Қасқыр

С. Бақиға атттану

Д. Ұлыма

Е. Жын


25. Дисфемизмді тіркесті тап.

А. Өсекші адам

В. Көреген кісі

С. Парасатты ақын

Д. Жаралы жан

Е. Бауырмал жігіт





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет