Орал қаласы №25-1 12 маусым 2015 жыл



Дата26.02.2016
өлшемі16.84 Kb.
#27522

Орал қаласы № 25-1 12 маусым 2015 жыл


Батыс Қазақстан облысының 2014 жылға

арналған облыстық бюджетінің орындалуы

жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ұсынған Батыс Қазақстан облысының 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есебі және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған облыстық бюджетінің орындалуы туралы есебін тындап және талқылап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2014 жылға арналған Батыс Қазақстан облыстық бюджетінің орындалуы туралы жылдық есебі 1- қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 113 342 220,7 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 32 034 444,6 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер – 1 266 611,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 3 172,4 мың теңге;

трансферттердін түсімдері – 80 037 992,6 мың теңге;

2) шығындар – 110 404 404,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 2 682 421,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 3 792 423,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 110 002,0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо – 608 029,8 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – - 352 634,4мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 352 634,4 мың теңге:

қарыздардың түсімі – 3 484 794,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 2 452 282,0 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтары – 728 692,8 мың теңге.



2. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуын бақылау нәтижесі туралы есебі қатерге алынсын.


Сессия төрайымы В.Голоухов


Облыстық мәслихат

хатшысы М.Құлшар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет