1.
|
Мемлекеттік қызметтің атауы
|
«Оралман мәртебесін беру»
|
2.
|
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
|
«Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ.
|
3.
|
Мемлекеттік қызметтің тұтынушылары
|
Тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтар және олардың Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Қағаз түрінде.
|
5.
|
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін орны
|
030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үй
«Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ.
|
6.
|
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібі
|
1) «Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ
әлеуметтік көмек көрсету және халықтың көші-қон мәселелерін үйлестіру бөлімімен;
2) оралман мәртебесін салуға алғаш рет жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы
көрсетеді.
|
7.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
|
1) нысан бойынша өтініш;
2) өмірбаян (еркін нысанда);
3) көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттар, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктері және т.б. (қазақ ұлтына жататынын растай отырып).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге орналастырылған және Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын құжаттар беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының басқа облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органында тіркелгенін анықтаған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына құжаттарын ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
|
8.
|
Мемлекеттік қызметтiң құны және төлеу тәртібі
|
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
|
9.
|
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтің үдерісін сипаттау
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды және оларды тіркелуін жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды 5 (бес) жұмыс күн ішінде қарайды, куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімдейді.
Нәтижесі – куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты басшылыққа қол қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 10 (он) минут ішінде куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 20 (жиырма) минут ішінде куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекетік қызмет нәтижесін береді.
Нәтижесі - куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді.
|
10.
|
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін мерзімі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
1) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
|
11.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетілуінің нәтижесі
|
Көрсетілетін қызметті алушыға (алушыларға) оралман куәлігін (куәліктерін) беру.
|
12.
|
Нормативтiк құқықтық акттер
|
1. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV «Халықтың көші-қон туралы» Заңы;
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2013 жылғы 22 шiлдедегi № 329-Ө-М «Оралмандар мәртебесiн беру қағидасын бекiту туралы» бұйрығы;
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шiлдедегi
№ 278 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы.
|