Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы № қаулысымен



Дата07.07.2016
өлшемі74 Kb.
#182913


Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы «__» ________ №__ қаулысымен

бекітілген

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті





  1. Жалпы ережелер




  1. Қызмет берушінің атауы: облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды және нәтижесін беруді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме:

  1. «Қызылорда облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу хат (бұдан әрі – келісу хаты) не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» (бұдан әрі – стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі – бас тарту).



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілген қызметті алушының басқармаға мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес өтініш беруі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

  1. көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) басқармаға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

  2. басқарманың кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, мөртаңба қойылған құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді және құжаттарды басқарма басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);

  3. басқарма басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

  4. орындаушы құжаттарды қарайды, құжаттар стандарттың 10-тармағындағы осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартуды әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

  5. көрсетілетін қызметті беруші бас тартуға қол қояды және басқармаға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

  6. басқарманың кеңсе қызметкері бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (жиырма минуттан аспайды);

  7. құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, орындаушы келісім-хатты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (күнтізбелік жиырма төрт күн ішінде);

  8. көрсетілген қызметті беруші келісім-хатқа қол қояды және басқармаға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

  9. басқарманың кеңсе қызметкері келісім-хатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (жиырма минуттан аспайды).



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

  1. басқарманың кеңсе қызметкері;

  2. басқарма басшысы;

  3. орындаушы;

  4. көрсетілетін қызметті беруші.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы сипатталған құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес сипатталған.

  2. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы сипаты, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі




  1. Басқарма басшысы мен көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапкершілікте болады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

  2. Қызмет көрсету жөніндегі ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (сонымен қатар шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі 8(7242) 263324, бірыңғай байланыс-орталығы (1414).

«Діни іс-шараларды өткізге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен

(ғимараттрынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкердердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы




1


Іс-әрекеттің (барысы, жұмыс ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8


2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Басқарманың кеңсе қызметкері

Басқарма басшысы

Орындаушы

Көрсетілетін қызметті беруші

Басқарманың кеңсе қызметкері

Орындаушы

Көрсетілетін қызметті беруші

Басқарманың кеңсе қызметкері

3

Іс-әрекеттердің атауы (үдерістің, операция рәсмінің) атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) өтініштің көшірмесін береді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартуды әзірлейді

бас тартуға қол қояды

бас тартуды тіркейді

құжаттарды қарайды, құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда келісім-хатты әзірлейді

келісім-хатқа қол қояды

келісім-хатты тіркейді

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат ұйымдастыру – әкімшілік. шешім)

құжаттарды басқарма басшысына ұсынады

құжаттарды орындаушыға жолдайды

бас тартуды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

бас тартуды басқармаға жолдайды

бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді

келісім-хатты көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

келісім-хатты басқармаға жолдайы

келісім-хатты көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді

5

Орындау мерзімі

20 минуттан аспайды

20 минуттан аспайды

2 жұмыс күні ішінде

2 жұмыс күні ішінде

20 минуттан аспайды

күнтізбелік 24 күн ішінде

2 жұмыс күні ішінде

20 минуттан аспайды

«Діни іс-шараларды өткізге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен

(ғимараттрынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген,

әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өтуін сипаттау блок-схемасы






Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі):

құжаттарды басқармаға ұсыну







Басқарманың кеңсе қызметкері:

құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) өтініштің көшірмесін беру және құжаттарды басқарманың басшысына ұсыну

(20 минуттан аспайды)


Басқарма басшысы:

құжаттарды қарау және орындаушыға жолдау

(20 минуттан аспайды)

Орындаушы:

құжаттарды тексеру, құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартуды әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау

(2 жұмыс күні ішінде)


Көрсетілетін қызметті беруші:

бас тартуға қол қою және басқармаға жолдау

(2 жұмыс күні ішінде)






Орындаушы:

құжаттарды қарау, құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, келісім-хатты әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау

(күнтізбелік 24 күн ішінде)







Көрсетілетін қызметті беруші:

келісім-хатқа қол қою және басқармаға жолдау

(2 жұмыс күні ішінде)



Басқарманың кеңсе қызметкері:

бас тартуды тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) беру

(20 минуттан аспайды)





Басқарманың кеңсе қызметкері:

келісім-хатты тіркеу және көрсетілетін қызметті

алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) беру

(20 минуттан аспайды)







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет