Оразгүл хасенқызы мұхатова



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата24.07.2023
өлшемі0.49 Mb.
#475799
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
treatise18760

 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
Алғы сөз 
 
Қазақстан дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім саласына 
назар аударып, бірқатар реформалар жүргізді. Солардың арасында «еуропаға 
ашылған терезе» арқылы Болония декларациясына қол қойды.
Болония үдерісіне ену Қазақстан үшін кездейсоқ оқиға болмады. 
Республиканың білім беру саласында бірқатар алғышарттар жасалды. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес және білімді 
дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсы бойынша 
жоғары білімнің үш сатылы жүйесі қарастырылған[41]. Жоғары білім беруді 
бакалавриат, магистратура және PhD докторантура арқылы жүзеге асыру 
жоспарланған. Қазіргі кезде осындай көпсатылы білім беру еліміздің ұлттық 
сипаттағы жоғары оқу орындарында жүргізілуде. Жоғары оқу орындарындағы 
кредитік технология бастапқы сатыда эксперимент түрінде енгізілсе, 2008-2009 
оқу жылынан бастап академиялық кредит жүйесіне барлық университеттер мен 
институттар көшірілді. 
Білім берудегі үш сатылы жүйені әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті меңгеріп, бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау ісінде 
оңтайлы әрі тиімді тұстарын жүзеге асыруда. 
Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің Болония үдерісіне, соған сәйкес 
оқытудың 
кредитті 
технологиясына 
көшуіне 
байланысты 
заманауи 
бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлауда құзыреттілік мәселелеріне 
бұрын-соңды болмаған дәрежеде көңіл бөлініп отыр. Тіпті қазіргі уақытта бұл 
шын мәнінде маман дайындауда күрделі түйіткілдердің біріне айналуда, 
өйткені құзыреттілік мәселесін кредитті технологияның қажетті элементерінің 
бірі ретінде санайтын көзқарас қалыптасқан. Осыған орай мамандықтар 
бойынша жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен білім беру 
бағдарламаларында құзыреттілік жалпы білімділік, әлеуметтік-тұлғалық
экономикалық және ұйымдастыру-басқару, кәсіптік деп бөлініп көрсетілген. 
Алайда олардың мәні мен маңызын айқындау формалды сипат алып келеді. 
Шынтуайтында даярланып отырған болашақ маманның толыққанды жоғары 
білікті, өз ісінің білгірі болып қалыптасуы осы құзыреттілікке тікелей 
байланысты десек артық айтпаған болар едік. Себебі белгілі бір саланың 
бакалавры немесе магистрі ой-өрісі және ойлау мәдениеті жетілген жоғары 
білімді тұлға ғана емес, қоғамдық пікірлер, дәстүр, салттар, қоғамдық нормалар 
негізінде бағытталған әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің 
кәсіби қызметінде олардан хабардар, менеджмент, маркетинг, финанс т.б. 
туралы ғылыми түсінігі бар, өзінің кәсіби қызметін жүргізуге қажетті терең, әрі 


жүйелі білімді меңгерген маман болуы тис. Ол үшін білім беру 
бағдарламаларында құзыреттілік нақты, әрі белгілі бір мамандық бойынша 
білім алатын болашақ маманның кәсіби қызметін жүргізуге толық мүмкіндік 
жасайтын деңгейде саналы түрде дайындалуы, сәйкесінше іске асырылуы 
қажет. Сондықтан да аталмыш мәселе мемлекеттік маңызға ие түйіткіл болып 
табылады, яғни мұның өзі оны оқытудың кредитті технологиясын кешенді, әрі 
жүйелі дамыту арқылы жетілдіру керек дегенді білдіреді. 
Енді осы құзыреттілік және оның мәні мен маңызы туралы сөз қозғайық. 
Құзыреттілік жалпы білім беретін, міндетті базалық және кәсіби пәндер 
негізінде қалыптастырылатыны белгілі. Жалпы білімдік пәндер (ЖБП) циклі 
бойынша бітіруші түлек мемлекетіміздің тарихын, философия, экология, басқа 
әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерін; қазақ, орыс, шетел 
тілдерін меңгеруі; басқрау құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу 
дағдылары; жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс, кең көлемді 
компьютерлік жүйелерден алынатын ақпараттармен пайдалана білуі тиіс. 
Себебі бұл циклдің мақсаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму 
заңдылықтарын білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз 
ету, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, 
орыс және шетел тілдерін ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде білу. 
Базалық пәндер (БП) циклі бойынша бітіруші түлектің
өзі таңдаған және 
білім алып отырған мамандығы негізгі пәндердің бөлімдерін білуі және кәсіби 
пәндерді оқу үшін қажетті базалық білімі болуы тиіс. Базалық пәндер циклінің 
мақсаты - жаратылыстану және ғылыми, жалпытехникалық және экономикалық 
сипаттағы базалық білімді кәсіби білімнің іргетасы ретінде қамтамасыз ету.
Кәсіби пәндер (КП) циклі бойынша бітіруші түлек кәсіби қызмет аясында 
жүзеге асырылатын қажетті білім, шеберлік және дағдыларды меңгеруі тиіс 
және күнделікті кәсіби қызметте және білімін магистратурада жалғастыру үшін 
қажетті жаңа білімді игеру дағдылары болуы тиіс. Бұл циклдің мақсаты - 
кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыны түбегейлі білім қалыптастыру; кәсіби 
қызметті іске асыруға қажетті теориялық және тәжірибелік, білімді, дағдылар 
мен машықтануды қалыптастыру; оқытудың жаңа технологияларын, 
компьютерлік сауаттылықты, Интернет жүйесінде жұмыс істеу дағдысын 
меңгеру; жеке өзіндік оқу бағдарламасын таңдау, келесі жоғарғы ғылыми-
педагогикалық деңгейдегі білімді алу үшін оқуды жалғастыруға жағдай жасау 
шеңберінде қамтамасыз ету. Бұлардың өзі болашақ маманның құзыреттілігін 
танытады.
Бұл жерде оқыту біржақты емес, білім алушы да көрсетілген мақсаттарға 
жетуді көздеуі қажет, сонда ғана білім беру мен алу өзара тығыз байланыста 
жүреді де нәтижесінде қоғамның сұраныстарын қанағаттандыратын маман 
дүниеге келеді. Құзыреттілікті қалыптастыру және бастысы оған қол жеткізу 
екі жақты, яғни білім беруші және білім алушы тарапынан жүргізіліуі тиіс. 
Әзірше бұл түйіткілдің түйінін шешуде білім берушінің ғана рөлі көрсетілген, 
яғни білім алушының құзыреттілігі тек ол оқуын аяқтағаннан кейін көрінуі 
керек деген ұғым қалыптасқан. Алайда сол білім алушының маман ретінде 
құзыреттілігін оқу үдерісі кезінде айғақтауы мәселесі айтыла бермейді. 


Болашақ маманның құзыреттілігі өзі таңдаған мамандығы бойынша базалық 
және кәсіби пәндердің ұғымдарын меңгеріп, өз бетінше берілген тапсырманы 
нәтижелі орындауынан және сол тапсырманы түсіндіріп беруінен байқалуы 
тиіс. Алайда экономиканы үдетпелі модернизациялау және инновациялық 
индустрияландыруға өту, дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті тұрған 
кезде «өмір сүру үшін қаржы табуда жастардың білімділікке, зияткерлікке 
көзқарастарын өзгерту біздің міндетімізге айналуы тиіс» екендігіне Елбасы өз 
кезегінде баса назар аударған болатын. Осыған орай ұлт көшбасшысы «қазіргі 
білім беру жүйесінің алқалы міндеттерінің бірі сыни ойлау және ақпараттар 
ағымында бағыт таба білу қабілеті бар жастарды дайындауды күн тәртібіне» 
шығарып қойған. 
Айтатын ойымыз және сөзіміз түсінікті болуы үшін осы құзыреттілікті және 
оны жетілдіру мәселелерін 5В051500, 6М051500 – Мұрағаттану, құжатты 
жүргізу және құжаттамамен қамтамасыз ету мамандығының мысалында 
көрсетейік. Аталмыш мамандық бойынша білім беру бағдарламасы білім беру, 
мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарда, мәдени-әлеуметтік салаларда, 
мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және 
жоғарғы оқу орындарында құжаттамамен қамтамасыз етуді басқару қызметіне 
қажетті жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Бағдарламаның 
мақсаты - мұрағаттану, құжаттану және археография салаларына қажетті 
мұрағаттанудың, құжаттанудың және құжаттаманы басқарудың теориялық 
мәселелерін талдау және тарихи деректерді жариялау, теориялық, 
методологиялық, тәжірибелік деңгейлерде зерттеу жүргізе алатын, кәсіби 
қызмет саласында отандық, шет елдік озық тәжірибені меңгерген, құжаттармен 
жұмысты реттеуді ұйымдастыратын жергілікті нормативтік актілерді, құжаттық 
ақпарттың жіктемесін, мұрағат құжаттарын жинақ ретінде жарияланымға 
дайындауға қатысу қабілеті бар мамандарды даярлау болып табылады. 
Осындай мақсатқа қол жеткізу үшін құзыреттілікті ретке қою қажет. Аталмыш 
мамандық бойынша бітіруші түлек мына төмендегі құзыреттілікке қол жеткізуі 
тиіс: 
- мұрағаттанудың, құжаттанудың және археографияның методологиялық 
аспектілерін талдау;
- мұрағаттану және құжаттану бойынша алған теориялық білімді тәжірибелік 
міндеттерді шешуге пайдалана білу; 
- заңнамалық нормативті-құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттарды 
кәсіби қызметінде пайлана алу, солардың негізінде ұйымның құжаттану, 
мұрағаттану, археография салаласындағы нормативтік және әдістемелік 
құжаттарды дайындау;
- мұрағаттану және құжаттану саласында стратегиялық және тактикалық
жоспарларды құру;
- мұрағатшыларды, құжаттанушыларды, археографтарды даярлауды жетілдіру 
бойынша міндеттерді атқару.
Құзыреттіліктің осындай бағыттары бойынша оқу жұмыс жоспары
мамандану дайындалған. 


әл-Фараби 
атындағы 
ҚазҰУ-да 
жекелеген 
мамандықтар 
бойынша 
құрастырылатын оқу жұмыс жоспарлары бойынша құзыреттілік жалпы, 
құралдық, жеке тұлғалық, жүйелік деп бірнеше топтарға бөлінген. Жалпы 
құзыреттілік әрбір жекелеген мамандықтар бойынша көрсетілгенімен олар бір 
біріне өте ұқсас, сондықтан да ендігі жерде жалпы құзыреттілікті барлық 
мамандықтарға ортақ етіп дайындаған ұтымды. Себебі, біріншіден, бұл 
құзыреттілік жекелеген мамандықтардың жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарының негізінде жасалған. Екіншіден, білім беру бағдарламасы 
бойынша жалпы білімдік пәндер де бірдей етіп бекітілген. Сондықтан да жалпы 
құзыреттілік оқу орнында барлық мамандықтар бойынша бірегей болуы тиіс. 
Жалпы құзыреттілік бакалаврдың жалпы білімдік пәндердің ұғымдық-
категориялық негіздерін меңгеруіне, олардың дамуындағы өзекті мәселелеріне 
еркін бағыт ала білуіне, пәндердің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың 
көкейкесті мәселелерін шешудің жолдарын таба білуіне негізделуі тиіс. 
5В051500 – Мұрағаттану, құжатты жүргізу және құжаттамамен қамтамасыз 
ету мамандығы бойынша білім алушы ең алдымен өзінің мамандығының 
қоғамға қаншалықты қажетті әрі маңызды екендігін түсінуі керек. Ондай 
қажеттілік пен мамандықтың маңызын түсіндіретін бірден бір пән 
«Мамандыққа кіріспе» болуы тиіс. Осы пән арқылы бакалавриатта және оны 
бітіргеннен кейін маманның біліп, түсініп, дағдыланып, машықтанып, меңгеріп, 
қолдана алатын мәселелері мен түйіткілдеріне түгел назар аударылуы керек. 
Аталмыш пәнді оқыту және оқып-үйрену негізінде болашақ маманның өзі 
таңдаған мамандығына қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби қызметіне 
дайындығын еселеу бірінші курстан бастау алғаны абзал. Алайда соңғы 
уақыттарда білім беру стандарттарында және өзге да бағдарламаларда 
«Мамандыққа кіріспе» міндетті базалық пән ретінде енбей қалған. Оның 
есесіне ол элективті пән түрінде таңдауға жатқызылған. Осыған орай ол бірінші 
курста жалпы білімдік элективті пәндердің қатарында таңдалмай қалып 
жататын жәйттер баршылық. Соның салдарынан және өзі таңдаған мамандыққа 
қызығушылығы жоқ білім алушының ҰБТ бойынша төртінші пәнге сәйкес 
келетін басқа мамандыққа ауысуына мүмкіндік туындайды. 
Айтылғандарды түйіндей келе, білім беру бағдарламасы бойынша 
құзыреттілікті мына төмендегі мәселелерді көмегімен жетілдіруге болады деп 
есептейміз: 
біріншіден, міндетті жалпы білімдік пәндер мамандықтың кәсіби бағытына 
сәйкес белгіленуі тиіс; екіншіден, міндетті базалық пәндер мамандықтың 
тұғырнамасына байланысты анықталып, болашақ маманның маман ретінде 
қалыптасуына ықпал етуі қажет; үшіншіден, міндетті кәсіби пәндер бітіруші 
түлектің кәсіби қызметті өз бетімен жүргізе алу қабілетін қалыптастырып, 
шыңдауға арналуы керек; төртіншіден, айтылғандарға байланысты білім беру 
стандарттарын құрастыруда осы циклдердің пәндерін және оларға бөлінетін 
кредит сандарын да анықтау мүмкіндігі мамандар даярлаумен айналысатын оқу 
орындарына берілгені жөн; бесіншіден, соңғы екі циклдің пәндері бойынша 
курс жұмыстарын дайындауды жаңғырту керек, өйткені жекелеген пән 
бойынша дербес еңбек жазу диплом жұмысын дайындаудың іргетасын қалауға 


жол ашады әрі студенттің өзіндік пікір қалыптастыруына, белгілі бір 
мәселелерді шешуге машықтануға үйретеді; алтыншыдан, элективті курстар 
міндетті пәндерге қосымша ретінде оқытылып, оларды білім алушы
траекторияларға сәйкес таңдап алуы қажет; жетіншіден, білім беру 
бағдарламасы мен оқу жұмыс жоспарында тәжірибелерге бөлінетін кредит 
сандарының көбейтілгені дұрыс және олардың өткізілуі ұтымды 
ұйымдастырылып, негізінен жұмыс беруші мен оқу орнының арасында 
жасалған келісім шарттарға сәйкес болғаны абзал. Сонда тәжірибеден өтушінің 
де, келешекте жұмысқа қабылдаушының да жауапкершілігі артары сөзсіз.
 Осындай түйіткілдердің түйінін шешілген тұста құзыреттілік жетіледі және 
ссоларға сәйкем заманауи бәсекелестікке қабілетті мамандар даярланады деген 
тұжырым жасауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет