«Сабақтағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі»
Дайындаған: Тұрсынғалиева П.Қ.
Ақтөбе - 2023
«Сабақтағы тиімді кері байланыс — мұғалім жетістігі»
Мұғалімдер кауымы, білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің аса маңызды екеніне көз жеткізіп отырмыз. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғаны емес, сонымен қатар алған білімін қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып отыр. Білім беру ісінің нәтижесін бағалап, бағдарлау сабақ барысындағы кері байланыс кезінде анықталып, аңғарылады. Осыған байланысты сіздермен бүгін тәжірибе алмасу мақсатында «Сабақтағы тиімді кері байланыс — мұғалім жетістігі» деген тақырыпта сөз қозғағым келеді. Кері байланыс — нақты іс-әрекетке, жағдаяттарға, сұрақтар мен жұмыстардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе отырып баға беру немесе пікір айту үдерісі. Кері байланыс мұғалімге оқудың қалай жүріп жатқанын, оқушы жетістігі мен қиындығы туралы хабардар етіп, жетістік деңгейі мен қиындығын шешуге көмектеседі. Сабақ құрылымының бірі - дебрифинг. Дебрифинг - сабақты қорыту, кері байланыс алу, сабақтың соңғы кезеңі. Мұнда мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын және ұнамағанын сұрайды, сабақ бойынша оқушылардың ұсыныстарын жинайды және сабақты қорытып, игерген білімді оқушылардың әрі қарай өз бетінше тереңдетуіне бағыттайды. Сабақта белсенді әдістер қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысканын сезінуге; оқу үдерісініц белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мугалімніңсабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді. Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту. Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
Мұғалім мен оқушы арасындагы қарым — қатынас жақсарады.
Оқушыға өзінің мықты және осал тұсын көрсетіп, алға жылжуға ықпал етеді.