–
мұқабасы (қосымша А);
–
бір парақ көлеміндегі үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын)
жазылған түйін;
–
мазмұны;
–
нормативтік сілтемелері;
–
анықтамалар;
–
белгілеулер және қысқартулар (қажет жағдайда);
–
кіріспе;
–
бөлімдерден, тараулардан, тараушалардан тұратын негізгі бөлім;
–
қорытынды;
–
пайдаланған деректер мен
әдебиеттер тізімі;
–
қосымшалар (қажет жағдайда).
3.2. Мұқабасы диссертацияның бірінші парағы болып саналады және құжатты
өңдеуге, іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады. Диссертацияның
мұқабасында келесі мәліметтер келтіріледі:
–
диссертация дайындалған ұйвмның атауы;
–
мамандықтың коды және атауы;
–
диссертацияның қолжазба құқығында орындалуының көрсетілуі;
–
диссертацияның атауы;
–
ізденушінің аты, жөні;
–
ғылыми жетекшісінің аты, жөні;
–
диссертация орындалған қала, жылы.
Мұқаба парағы 1-қосымшаға сәйкес безендіріледі. Мұқаба парағында
ізденушінің, ғылыми жетекшісінің, сондай-ақ кафедра меңгерушісінің жеке
қолы қойылуы тиіс. Мұқаба парағы диссертацияның жалпы парақ санына
кіреді, бірақ рет саны қойылмайды.
3.3. Диссертацияның мазмұны бойынша қысқаша түйін жазылады. Түйінде
жұмыстың көлемі, иллюстративті материал, басты идеялар мен
тұжырымдар,
зерттеу қорытындылары, алынған нәтижелердің жаңалық
деңгейі, тәжірибелік маңызы жайында мәліметтер берілуі тиіс. Түйіннің
көлемі бір беттен аспауы керек.
3.4. Диссертацияның мазмұнында (жоспарында) кіріспе, барлық бөлімдердің,
тараулардың, тармақшалардың атаулары мен рет саны, қорытынды,
пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі,
рет саны көрсетілген
қосымшалар анықталып көрсетілуі қажет.
3.5. «Нормативті сілтемелердің» құрылымдық элементтері диссертация
мәтінінде сілтеме жасалған стандарттар тізбесінен құралады. Сілтемелік
стандарт тізбесі «Бұл диссертацияда мына келесі стандарттарға сілтемелер
пайдаланылған» деген сөздерден басталады. Тізбе тіркеу реттерінің өспелі
тәртібі бойынша белгіленіп көрсетіледі.
3.6. «Анықтамалар» деп аталатын құрылымдық элемент диссертацияда
қолданылған ұғымдар мен терминдерге түсінік беру немесе оларды
нақтыландыру үшін қажет жағдайда көрсетіледі. Анықтамалар тізбесі «бұл
диссертацияда
келесі
терминдер
сәйкес
анықтамалар
арқылы
қолданылған» деген сөзден басталады. Қоғамдық ғылымдар, соның ішінде
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету мамандығы
бойынша дайындалатын диссертацияларда «Ұғымдар мен терминдер» деп
көрсету ғылыми дәстүрге
айналған, сондықтан да осы ережені ұстанған
дұрыс.
3.7. «Белгілер мен қысқартулар» құрылымдық элементі диссертацияда
пайдаланылған белгілер мен қысқартылған сөздер үшін қолданылады.
Белгілер мен қысқарған сөздерді диссертация мәтінінде келтірілген ретте
немесе алфавиттік ретте қажетті түсініктерімен, мәнін ашу арқылы көрсету
талап етіледі. Анықтамаларды, белгілерді, қысқартуларды бір құрылымдық
элементпен «Анықтамалар, белгілер және қысқартулар» түрінде көрсетуге
болады.
3.8. «Кіріспе» құрылымдық элементі шешілуге тиіс мәселенің заманауи
жағдайына баға беруді қамтуы тиіс, тақырыпты зерттеудің негіздері және
қажетті
мәліметтері, таңдап алынған ғылыми-зерттеу (эксперименталды-
зерттеу) жұмысын жүргізудің қажеттілігі негізделуі тиіс. Кіріспеде жұмыс
тақырыбының өзектілігі және ғылыми жаңалығы, теориялық, тәжірибелік
маңызы, зерттеу нысаны мен пәні көрсетіліп, методологиясы, әдстемесі
анықталып, мақсаты мен міндеттері қойылуы тиіс.
3.9. Диссертацияның негізгі бөлімінде
зерттеу бағытын таңдау, міндеттерді
шешу және оларға салыстырмалы баға беру, ғылыми-зерттеу
(эксперименталды-зерттеу) жұмысын жүргізудің таңдап алынған жалпы
методологиясы сипатталуы, жаңа материалдар немесе бұрын белгілі болған
тұжырымдар тың ғылыми позиция,
ұтымды аспекті ауқымында
қорытылуы тиіс. Осы бөлімде қойылған міндетті толық шешудің деңгейін,
отандық және шетелдік жұмыстардың ұқсас тұжырымдарын салыстыруды
көрсететін зерттеу нәтижелері қорытылып, баға берілуі тиіс.
3.10. Магистерлік диссертацияның қорытындысы:
–
диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша
қорытындылардан;
–
қойылған міндеттердің толықтығына баға беруден;
–
пайдаланылған нәтижелер бойынша ұсыныстар мен
қорытындылаушы мәліметтерден;
–
ендірудің техника-экономикалық тиімділігінен тұруы тиіс.
3.11. «Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі» құрылымдық элементі
диссертацияны дайындау барысында пайдаланылған деректер, әдебиеттер
туралы мәліметтерді құрауы тиіс. Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер
тізімі В қосымшасына сәйкес безендіріледі. При подготовке Магистерлік
диссертацияны дайындауда зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы
халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған заманауи мақалаларды,
пайдаланылған әдебиеттердің жалпы санына шаққанда 30 %-дан кем емес
мөлшерде қолдану ұсынылады.
3.12. «Қосымша» құрылымдық элементіне
диссертацияны дайындауға
байланысты материалдарды енгізу ұсынылады.
3.13. Магистерлік диссертациялар мемлекеттік және орыс тілдерінде
рәімделеді.
3.14.
Магистерлік диссертацияны рәсімдеудің техникалық талаптары
диссертациялық жұмыстарға қойылатын бекітілген критерийлерге
(өлшемдерге) сәйкес болуы тиіс (Б-Д қосымша). Диссертацияны дайындау
барысындағы қате басуларды, терілімдерді, түзетулерді,
әріптердің
ауысуын, т.б. тазалау арқылы, ақ бояумен бояу түрінде, мәтінді түзетудің
орнын қара сиямен, қара тушьпен, қара түсті қаламмен қолжазба тәсілімен
түзетіп жазуға болады. Диссертацияны дайындаушының аты, жөні,
ғылыми жетекшісінің аты, жөні, атауы және өзге де атаулар жұмыстың
түпнұсқасына сәйкес таңдап алынған тілде жазылады. Басқа тілге аудару
қажет болған жағдайда аты, жөндер мен ұйымның атауы түпнұсқаға дәл
келуі тиіс.
3.15. Магистерлік
диссертация компьютерде, А4 форматтағы ақ қағаздың бір
бетінде арақашықтығы бір жолақты, Times New Roman шрифтімен, 14
кегль, алаңдары:сол жақ алаңы –30 мм, оң жақ алаңы –10 мм, жоғары жақ
алаңы –15 мм, төменгісі – 20 мм терілуі тиіс.
Ұсынылатын магистерлік диссертацияның көлемі 100-120 бет.
Қосымшалар диссертацияның көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: