Мирас Қанатұлы



Дата25.02.2016
өлшемі71.64 Kb.
#24460
Мирас Қанатұлы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті студенті, Семей қ.
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ҚЫМБАТ ДҮНИЕСІ АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ

Ауызсу тапшылығы бүгінде бүкіл әлемді алаңдата бастады. Көптеген елдердің ең басты проблемасына айналған су мәселесі кермиық даласы шөлейттеніп бара жатқан Қазақстан үшін де өзекті тақырып. Өйткені 1950 жылдары Қазақстанда 120 млрд.текшеметр шамасында су қоры болса, қазір оның көлемі 100 млрд.текше метрге дейін кеміді деген де болжамдар бар.

Мамандар мұндай му қорының азаюын біздің өзендеріміздің трансшекаралық екендігімен, су бастау алатын елдердің де суды пайдалану көлемін көбейтіп келе жатқанымен байланыстырады. Себебі, Памир мен Тянь-Шань шыңдарындағы мәңгілік мұздықтар 1957 жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген, ал ол 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін азаймақ. Мұндай ғаламдық жылыну түбінде Орталық Азиядағы, оның ішінде Қазақстандағы су арналарының суалып-тартылып, жаппай құрғақшылық жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл өзекті мәселеге осы тұрғыдан талдау жасасақ, шындығында да еліміздің ауыз суы Ресей, Қытай, Орталық Азия елдеріндегі су жолдарына тікелей тәуелді екеніне көз жеткіземіз.

21 ғасыр – ауызсу ғасыры деп те аталады. Жер бетінде судың мөлшері өте көп, бірақ ауызсу проблемасының асқындап тұрғаны тағы бар. БҰҰ-да бұған соңғы кездері ерекше назар аударып отыр. 7 млрд.-қа жақындаған адамзат су тапшылығын орны толмас шығынға ұшырайды дейді.

БҰҰ қазір ауызсу тапшылығы проблемасын бүкіләлемдік деңгейде дұрыс көтеріп отыр. Ұйымның суға қатысты алаңдатушылықтары мен басауыртуларының орынды екенінжәне дереу іске кірісу қажеттігін кез келген адам сезінуі тиіс. Жер бетінде 21 ғасырдың басты стратегиялық ресурсы мұнай емес, су болатыны бағзыдан белгілі жайт. Өкінішке қарай әзірге ешкімнің оны мойындағысы жоқ. Судычң тұрақты жетіспеушілігі әлемдік мұз еру қаупі мен жылынудан да ауқымды проблема боп тұр. Қазірдің өзінде су тапшылығы бірқатар елдерді кедейлік пен жоқшылыққа, сондай-ақ саяси тұрақсыздыққа әкелуде. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, бүгінде жер бетіндегі 1,2 миллиард адамның таза ауызсуға қолы жетпей, аса қиын күн кешуде. Ал 2,5 миллиард адам антисанитарлық жағдайда өмір сүруде. Сонымен қатар Жер шарында жыл сайын 5 миллионға жуық адам судан келетін кесапаттардан көз жұмады екен. Бұл дегеніміз, жер бетінде болып жатқан барлық соғыстардың құрбандарынан 10 есеге асып түседі деген сөз. Ауызсу тапшылығы этникалық, тіптен халықаралық қақтығыстарға түрткі болуы ықтимал. Бұған мысал ретінде Қазақстанды атауға болады, ауызсу саясаты еларалық қақтығыстарды өршітудің аз-ақ алдында тұр. Елімізге көршілес Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, тіпті Ресеймен де жағдай суға бола қиындап барады. Мәселен, ұлан-байтақ территориядағы суы мол күретамыр Іле, Ертіс, Шу, Талас, Сырдария, Орал өзенедері бастауын жоғарыда аталған елдердің асуларынан алады.

Қазақстандағы таза ауызсу проблемасы қатты байқалады. Қазіргі таңда еліміздің түпкір-түпкіріндегі елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етуде туындаған қиындықтарды санамалап шығу да оңай емес. Тіптен ауызсуға жарамайтын лас суларды пайдаланып отырған, сондай-ақ су тартылмаған аймақтар бар. Бұл жерлерде жерасты және жерүсті сулары жақсы таралмаған, ал ауызсуға жарайтын жерүсті су объектілері шектен тыс ластанған. Жерүсті тұщы өзен-көл суларымен ең нашар қамтамасыз етілген біздің еліміз, ТМД елдерінің ішінде соңғы орында тұр. Бұған себеп, ластанған су объектілері және жерүсті суларының аздығы. Жерүсті суларымен қамтамасыз етудің жылдық үлес салмағы 1 шаршы шақырымға 10,7 мың м3 және бір адамға 1,98 м3.

Қазіргі кезде Қытай Шынжаң – Ұйғыр автономиялық республикасының экономикасын көтеру үшін арнайы бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Шынжаң аймағында ұзындығы 300 шақырым, 800 млн. текшеметрден астам жылдық мөлшері бар Қара Ертіс – Қарамай су каналын салды. Бұл аймақта қазірдің өзінде көбісі ауыл шаруашылығымен айналысатын 100 миллионнан астам адам тұрады. Бастауын Қытайдан алып, Қазақстан, Ресей арқыды өтетін Ертіс өзенінің бір бөлігін мұнайлы қалашықтың қажеті үшін шарт байлап отырған Қытай қазірдің өзінде сапасыз суы алаңдатып отырған Ертіске түптің түбінде тосқауыл қойса, өзен жағасында Павлодар, Өскемен, Семей секілді өнеркәсіптік орталықтар мен жүздеген елді мекендер барын, оларда 2,5 миллионнан астам адам тұратынын ескерсек, оның біздің елімізге әкелер экологиялық зардабының қаншалықты болатынын шамалай беріңіз.

Қытайдың бүгінде Қара Ертістен алып отырған су көлемі 1,7-2 миллиард текше метр шамасында. Ал оның көп жылдық орташа сулылығы – 9,8 миллиард текшеметр. Оның 7,8 миллиарды – Қытайда, ал 2 миллиарды біздің жерімізде түзіледі.

Сондай-ақ Қара Қаба, Ақ Қаба, Білезік өзендері Қытай жеріне өтіп, Қара Ертіске құяды. «Қазгипросушар» жобалау институтының сараптамасына сәйкес, егер қытайлықтар Қара Ертістен 3 миллиард текшеметр көлемінде су алса, онда Қазақстан экономикасына және экологиясына айтарлықтай кері әсері болуы мүмкін.

Ал 4,35 миллиард текшеметр су алынса, Зайсан көлінің деңгейіне, электр қуатын өндіруге, су транспортының дамуына және жалпы қоршаған ортаға байланысты күрделі мәселелер туындайды. Егер ашығын айтсақ, бұл жағдайда Зайсан көлі Бұқтырма су қоймасынан бөлініп қалады.

Осындай жағдай Іле өңірінде де туындап отыр. Жаңа суармалы жерлер іске қосылып жатыр. Біраз жылдардан кейін мұндай жерлердің көлемі 600 мың гектарға жетеді деген болжам бар. Қазіргі кезде ол 400 мың гектар.

Үшінші жағдай – Орталық Азияның таңдайын жібітіп отырған негізгі су қоры – бастауын Памир мен Тянь-Шань тауларынан алатын Сырдария мен Әмудария өзендері. Сағасы Қырғызстаннан басталатын Сырдария Тәжікстан арқылы Өзбекстан мен Қазақстанға құйса, Әмудария Тәжікстаннан Түркіменстанға және Өзбекстанға құяды. Орталық Азияның 90 пайызға дейінгі су ресурсы Тәжікстан мен Қырғызстанның еншісінде болғандықтан, олар бүгінде қымбат тауарға айнала бастаған қара суды (бұл жерде Тоқтағұлдың су көлемінің рекордтық деңгейде азайып кеткенін ескеру керек) қажетіне қарай пұлдағылары келеді. Көршілердің де олардан қалысқылары жоқ.

Қыста электр энергиясын көптеп өндіру үшін Тәжікстан мен Қырғызстан жаз айларында Тоқтағұл, Қайраққұм қоймаларын суға толтырып алуға мәжбүр. Өзбекстан газ бермей қойған соң Қырғызстан амалсыз қыста газ орнына электр энергиясын пайдаланады. Ал электр қуатын өндіру үшін Тоқтағұл су қоймасы артық су шығара бастауы керек. Ал артық су тасқыны қыс пен көктемде Қазақстанға қауіпті. Түркіменстан мен өзбекстанға қырғыз бен тәжіктің арзан электр энергиясы қажем емес - өздерінде мұнай мен газ жеткілікті. Қажет болса электр энергиясын өндіруге толық күштері жетеді. Оларға басты керегі – су, ол үшін ақы төлеу керек.

Көршілерін ақы төлеуге көндіре алмаған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 1999 жылы БҰҰ мінберінен «су соғысының» басы қылтиып тұрғанын ескертіп, оған жауап ретінде БҰҰ 2003 жылды «Су жылы» деп атады.

Ал су үшін жыл сайын Қазақстан мен өзбекстанның ала жаздай жанжалы бітпейді. Қырғыздан сатып алған қымбат суымызды өзбек пен тәжік жарты жолдан жырымдауын қоймайды.

Жазда судан жұтамас үшін өзбектер жағы жаңадан 1992, 1998 жылдардағымемлекетаралық келісімдерді бұзып, Сырдария бойында ешқандай су жинайтын объектілерді салмау туралы ұйғарымға қайшы келетін әрекетке барып, Арнасай су қоймасын тұрғызды. Бұл көктем кезінде Сыр суын қауіпсіз аймаққа бұратын жолды жауып тастады. (Осы жерде, 1967 жылы салынған Шардара суқоймасынан артық суды қауіпті жағдайда Арнасайға тастау – бас жобалаушы «Ташгидрожоба» институтының ұсынысы болғаны кімді болса да үлкен ойға қалдырады). Бұған қоса, Өзбектсна Сырдария бойында Тоқтағұл су қоймасынан шығатын суды бөгеп қалатын – Ризықсай, Кенкөл, Қараман су қоймаларын тұрғызуда.

Бұл дегеніміз жағдайға орай өзбек ағайынға ресми түрде қатаң ескерту жасалды. Қырғыз ағайынға су жіберуді ұлғайтпасаңдар, электр қуатын сатып алуды тоқтатамыз дестік. Шыңдығында біз осылай етсек, Тоқтағұл су электр стнасасы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып, Тәжікстан мен Өзбекстанның егістік алқаптары сусыз қалмақ. Шырғалаңы бітпейтін суға байланысты Кіндік Азиядағы саяси ойынның түрі осындай.

Мінеки, мұндай су тапшылығы келе жатқан жағдайда Қызылорда облысы тұрғындарының ауыз суын Сырдария өзенінен біртіндеп жерасты су көздеріне көшіру қажеттілігі туындауда. Бірінші кезекте тереңде жатқан су гидранттарын пайдалану арқылы таза ауызсуға қол жеткізу көзделіп отыр. Облыс орталығында Қызылжарма жерасты су көздерін пайдалану және Қызылорда қаласынан 60 ұңғы қазу үшін жобалау жұмыстары басталды. 2007 жылы республикалық бюджеттен 2,8 млрд.теңге бөлініп, 7 елді мекенде ауызсу жүйелерін жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілсе. өткен жылы республикалық трансферттен және облыстық бюджеттен 3,4 млрд.теңге қаражат бөлінді.

Облыс бойынша 16 елді мекен ауызсумен қамтамасыз етілмек. Ал Қызылорда қаласына ауызсу жүйесін жөндеуге және кеңейтуге 1 млрд.теңгеден астам қаржы қаралған. Алдағы уақытта «Арал-Сарбұлақ» топтық су жүйесіне – Арал және Қазалы аудандарының 40 елді мекені, «Октябрь» топтық су құбырына – сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының 21 елді мекені, «Жиделі» топтық су құбырына – Жаңақорған, Шиелі аудандарының 20 елді мекені қосылады.

Облыстағы 147 ауылдық округтің ішінде 89 елді мекен ғана аяқсумен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы облыс бюджетінен 11 су шаруашылығы нысандарына, елді мекендерге аяқсу жеткізетін бірінші кезекте тұрған 12 каналдарды тазалауға, 15 елді мекенге 16 насос қондырғыларын орналастыруға 289 млн.теңге қарастырылып, іске асыру жоспарланып отыр.

Мұның бәрі сайып келгенде судың жетіспеушілігін болдырмаудың іс-шаралары ғана. Ал жалпы келешекте тек ауыз су ғана емес, аяқсудың да жетіспеушілігі басталса, ол азық-түлік өнімдері көлемінің азайып кетуіне тірейді. Оның мысалы – қазірдің өзінде еліміз Қызылқұм күріш алқабында мақта өсіруге көшіп, Қызылорда облысындағы күріш егісін 110 мың гектардан 70 мыңға қысқартуға мәжбүр болды.

Соған қарамастан, бізде әлі күнге дейін ауылшаруашылығы егіс алқаптарын арықтар арқылы суаруды тоқтатар емес. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздің республикада гектарға 13-15 мың текшеметр су жұмсасақ, өркениетті елдер 5 мың текшеметр ғана су пайдаланады немесе Шардарадан біздің облысқа 10 млрд.текшеметр су тиесілі болса, оның 2,2 млрд.текшеметрі дариядағы су шығынына кететінін білеміз. Болашақта бізге дариядан буланып шығатын су шығынын да, дария сағасынан басқа жаққа ағып кеткен, екі жағалауы мен дария табанына сіңген суды да есептейтін кез келді.

Әйтсе де, Орталық Азиядағы бес мемлекеттің қара суға байланысты қабақтар қыртысы әзір жазыла қоймайды-ау. Негізінде, бұл – халықаралық келісім жолы арқылы шешілуге тиіс мәселе.

Суды бөліп пайдалануға байланысты ең алғашқы халықаралық жанжал Үндістан мен Пәкістан арасында туындап, соғыс өрті бұрқ ете жаздағанда, халықаралық қауымдастық трансшекаралық өзендерді теңдей – 50 де 50 етіп пайдалану турасында шешім қабылдаған. Осы шешім бойынша, Қазақстан Сырдарияны Өзбекстанмен, Ертісті Ресеймен және Қытаймен бөлісе алады. Қазір Ауғанстанның (қазір Әмудариядан 2 текше шақырым су пайдаланса, келешек 9 текше шақырым болмақ) өзі су проблемасымен бас қатыра бастады.



Осы орайда Халықаралық қауымдастық Ауған елінің егіс шаруашылығын тірілтуге қаржы салуды ойластыруда. Ал оны тірілтудің жалғыз жолы – сумен қамтамасыз ету. Егер әлемдік қауымдастық қолға алса, халықаралық келісім бойынша Ауғанстан да 50х50 тәртібін пайдалануға құқылы. Бұл жағдай көрші елдерді, оның ішінде Қазақстанды да алаңдатады. Себебі, аймақтағы онсыз да қалыптасып отырған су тапшылығы одан сайын күшейе түспек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет