Оразгүл хасенқызы мұхатова



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата24.07.2023
өлшемі0.49 Mb.
#475799
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
treatise18760

ҮЛГІ  
 
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНООГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ 
 
Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ 
Халықаралық ұйымдардың құжаттарымен жұмыс істеудің
техникасы және технологиясы 
Орындаушы__________________ ____________________"_____" 
__________2013 ж. 
  /қолы/ /Аты, жөні/
Ғылыми жетекшісі________________ ________________
__________________
/атағы, дәрежесі/
/қолы/ /Аты, жөні/


"_____" ___________2013 ж.
Қорғауға жіберілді: 
Кафедра меңгерушісі 
__________________________ ______________
______________________ 
/ атағы, дәрежесі / /қолы/
/Аты, жөні/
"______" __________2013 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы - 2013 


 Диссертацияның құрылымын құрастыру және парақтарын нөмірлеу 
«Мазмұны», «Нормативті сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілер мен 
қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» 
аталатын диссертацияның құрылымдық элементтері оның атаулары қызметін 
атқарады. 
Диссертацияның негізгі бөлімін бөлімдерге, тарауларға, тараушаларға бөлу 
қажет. Тараушалардың өздерін қажет жағдайда шағын тараушаларға бөлуге 
болады. Диссертация мәтінін тараулар мен тараушаларға бөлгенде әрбір 
бөлімнің атауы аяқталған ақпаратты қамтуы тиіс. Бөлімдердің, тараулар мен 
тараушалардың атаулары болуы керек. Атаулар нақты, әрі тарау мен 
тараушаның мазмұнын анықтап тұруы тиіс. 
Бөлімдердің, тараулардың, тараушалардың атаулары азат жолдан бас 
әріптермен соңында нүкте қойылмай, асты сызылмай жазылуы керек. Егер 
тараудың немесе тараушаның атауы екі сөйлемнен тұратын болса, онда 
олардың арасына нүкте қойылады. 
Диссертацияның беттері араб цифраларымен нөмірленуі, барлық мәтін өспелі 
сандар арқылы белгіленуі тиіс. Бет саны парақтың ортасында төменгі жағында 
нүктесіз қойылады.
Диссертацияның мұқаба беті оның жалпы парақ санына енеді. Мұқабасына 
нөмір қойылмайды. Жеке парақтарға берілген иллюстрациялар, кестелер, 
диаграммалар, карталар, т.б. диссертацияның жалпы бет санына енгізіледі. АЗ 
форматындағы иллюстрациялар мен кестелер бір бет болып саналады. 
Диссертацияның бөлімдері жұмыстың өне бойына араб цифрларымен, нүкте 
қойылмай, азат жолдан басталыпнөмірленуі тиіс. Тараушалар әрбір тараудың 
шеңберінде жеке жеке нөмірленуі қажет. Тараушаның нөмірі тараудың 
сандарынан құралады, араларына нүкте қойылады. Тараушаның атауының 
соңына нөмір қойылмайды. Магистерлік диссертация кем дегенде үш тараудан 
тұруы қажет, ал тараушалар екі немесе үш тараушадан құралуы тиіс. 
Егер тараулар траушаларға бөлінбесе, онда нөмір әрбір тараудың көлемінде 
қойылады. Мұндай жағдайда да тараудың атауынан кейін нөмір қойылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет