Сабақтың тақырыбы : 4-ке көбейту және бөлу



Дата07.07.2016
өлшемі53.5 Kb.
#183241
түріСабақ
«Математика» сабағы 3-сынып

«Математика 3-сынып» электронды оқулығы

Ә.Ахметов орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Абдрахманова Г.Н.


Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу.
Мақсаты: 1) Санды 4-ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру,көбейту және бөлу амалдарына есептер шығаруға машықтандыру.Өзін-өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.

2) Білім білік дағдыларын кеңейту, ой-өрістерін,шығармашылығын, қиялдау қабілеттерін дамыту.

3) Өзгені тыңдап,өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: ойын сабақ
Әдісі: ойландыру,көрнекілік, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, интерактивті тақта , тапсырмалар, т.б.
Сабақ барысы:

І.Психологиялық дайындық.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Мысал 6 .Жұпта тексеру.


-Балалар,бүгін біз математикадан алған білімімізді тиянақтап, «Баспалдақ» арқылы жоғары көтеріліп, «білім шыңына» жетуіміз керек.

Біліміңді байқа


Білгенге маржан

Тез есепте


Кім шапшаң?



Ойлан,тап

Меңгере біл


1-баспалдақ «Біліміңді байқа» Интерактивті тақтада 2-ге,3-ке көбейту және бөлу жағдайларына «математикалық домино» ойыны беріледі

2*3= 6*3= 18:2= 9*3= 27:3= 9*2= 18:3= 6:3= 2


2-баспалдақ. «Білгенге маржан»

ІІІ.Жаңа сабақ.

Электронды оқулықтан «Көбейту»бөлімін ашып түсіндірме батырмасын басып жаңа сабақты түсіндіру.№1 тапсырманы орындату.




3-баспалдақ. «Тез есепте»

Интерактивті тақтада берілген кестені тез есептеп толтыру.




Көбейткіш

4

4

4

4

4

4

Көбейткіш

2

4

6

5

3

8

Көбейтіндінің мәні









































4-баспалдақ «Кім шапшаң»

Мысал №4,5 Бос орынға тиісті санды қой:

:4 :3 *2 :6


36



Сергіту сәті:

Бір топ бала өзеннен,

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды,

Тиді әркімге 3 балық

Сынайыншы мен сені

Бала саны қанша еді? (15:3 = 5 бала)
5-баспалдақ «Ойлан тап»

Мысал № 7, 9


ІV.Сабақты бекіту
6-баспалдақ «Меңгере біл»

Интерактивті тақтадан тапсырма орындау

6*4 4*9 5*4 9*4

16:4 32:4 36:4 28:4

4*8 4*7 7*4 4*4

Жұп болып нәтижелерін тексеру.


V.Үйге Мысал №8
VІ Бағалау


Тақырыбы: Санды және әріпті өрнек (көбейту және бөлу).
Мақсаты: 1) Оқушыларға көбейту және бөлу амалдарындағы санды және әріпті өрнек туралы түсінік беру

2) Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс-әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой -өрісін дамыту.

3)Ұйымшылдыққа,қамқаолыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ыдыстар ағаштар, жемістер, интерактивті тақта, электронды оқулық
Түрі жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру,көрнекілік, ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

1,2,3 шебер бала біз

4,5,6 жалқаулық артта қалды

7,8 еңбек пен білім егіз

9,10 тапсырманы орындаған жөн

-Олай болса берілген тапсырмаларды орындап, сабаққа белсене қатысып отырайық
ІІ. Машықтандыру тапсырмасы (интерактивті тақтада)

1.6 қызғалдақ гүлдерінен бірдей 2 гүлшоқ жасалды. 1 гүлшоқта неше гүл бар?

2.8 ойыншық 4ұлға бірдей етіп таратылды.Әр ұл неше ойыншықтан алды?

3.10 шыршы әрбір үйдің жанына 2 шыршадан отырғызылды.Неше үйдің жанына шырша отырғызылды?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Электронды оқулықты ашып «Санды және әріпті өрнек» деген бөлімнен «түсіндірме» батырмасын басып жаңа сабақты түсіндіру.


ІV. Түсініктерін бекіту жаттығулары

1.Ойын «Жаңылма»

Интерактивті тақтада мысалдар жазылған, «Санды өрнек», «Әріпті өрнек» деген тұсқа апарып орналастыру.


5*2 а+3 16:4 х*2= 4 6*3 45-7

12-в а-5 = 2 а*6 Х*5 = 20

Сергіту сәті

Алыс,алыс жерлерден,

Келеді бізге керуен

Керуен бізге не әкеледі?

Керуен бізге.......... әкеледі.

V.Танымдық тапсырмалар

1 Суреттегі берілген ыдыстардағы сандар мен таңбаларды пайдаланып санды және әріпті өрнек құрастыру.

2.№ 3,4 есепті шығару
VІ Кел, ойнайық. (интерактивті тақтада)

Аңдарға тиісті жемісін тауып жеуге көмектесу.Оқушылар тақтадан жемістің үстіндегі жазылған өрнекті шығарып, тиісті аңның жанына жинақтайды.



Топтық тапсырма .Электронды оқулықтағы «Санды және әріпті өрнек» бөліміндегі №1 тапсырманы орындау.
VІІ Сабақты бекіту.

Оқушылар интерактивті тақтада жазылған өрнектерден өздеріне тиістісін жазу.

1-қатар «санды өрнек»

2-қатар «әріпті өрнек»

А+2 2*6 Х-5 10 4+5 65-50 а+8 16
5*4 12:6 Х*2 14 24:6
«Үндемес ойыны»

Интерактивті тақтадағы өрнектерге мұқият қарап отыру.Санды өрнек болса бір рет шапалақтау, әріпті өрнек болса екі рет шапалақтау


VІІІ.Сабақты қорыту
ІХ Үйге № 6
Х Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет