Тест. 9-сынып.Қазақ тілі
1.Біріңғай жіңішке дауысты дыбыстан
тұратын сөздерді атаңыз.
а)Кел,теңіз в)Көмек,жұмыс с)Мұғалім,шәкірт
д)Жайлау,жібек е)Мейрам,жұмбақ
2.Мақалды аяқтаңыз.Тазалық- ... кепілі.
а)Байлық в)Өлкесі с)Денсаулық
д)Шаңырақ е)Жанұя
3.Түбір сөзді белгілеңіз
а)Оқушы в)Тазалық с)Балалық
д)Сатушы е)Ауыл
4.Көмекші есімді белгілеңіз
а)Үйдің в)Тұзды с)Халық д)Іші е)Қаласы
5.Күшейтпелі шырайда тұрған сын есімді табыңыз.
а)Көркем в)Ең терең с)Төмендеу
д)Салқын е)Қысқы
6.Қазақстан Республикасының Конституция күнін көрсетіңіз
а)1 Қыркүйек в)9 Мамыр с)16Желтоқсан д)25 Қазан е)30 Тамыз
7.Етістік нені білдіреді екенін белгілеңіз.
а)Қимылды, іс-әрекетті в)Заттың сапасын с)Заттың атын д)Заттың мөлшерін
е)Заттың санын
8.Тұйық етістікті белгілеңіз.
а)Көмектесемін в)Үйренді
с)Тыңдау д)Кетті е)Аудар
Жалқы есімді көрсетіңіз
а)Отбасы в)Адам с)Көкшетау д)Көше е)Теңіз
10.»Мөлдір» сөзі қай сөз табына жатады.
а)Есімдік в)Етістік с)Зат есім
д)Сын есім е)Үстеу
11.Сан есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркесін табыңыз.
а)Ұзақ жол в)Кітап оқыдым с)Жүз теңге д)Оқыған бала е)Алтын сағат
12.Синоним сөздерді табыңыз.
а)Үлкен,биік,аласа в)Аласа,кішкентай
с)Жәрдем, көмек д)Сұлу,жақсы е)Жақсы,жаман
13.Баяндауыш қай сөз табынан болып тұрғанын көрсетіңіз.
Екеуі кітапханадан шықты.
а)Сан есім в)Сын есім с)Зат есім
д)Есімдік е)Етістік
14.Тіл дыбыстарын қай сала зерттейді?
а)Лексика в)Фонетика с)Морфология
д)Синтаксис е)Грамматика
15.Есептік сан есімді табыңыз?
а)Он бесінші в)Алтау с)Мыңдаған
д)Жетпіс жеті е)Бес-бестен
16.Осы шақтағы етістікті табыңыз?
а)Оқиды в)Барған с)Келіп отыр
д)Айтыпты е)Сөйлейді
17.Күшейтпелі шырайды табыңыз?
а)Қоңырқай в)Қызғылт с)Тап-таза д)Өте үлкен е)Сапалы
18.Тура мағынадағы сөзді белгілеңіз?
а)Суық мінез в)Ашық терезе
д)Көркем мінез е)Жылы қабақ
19.Синоним деген не?
а)Қарама-қарсы сөздер в)Ұқсас мағыналы сөздер с)Жазылуы бірдей сөздер
д)Біріккен сөздер е)Қос сөздер
20.Тұрақты сөз тіркесін қалай атайды?
а)Неологизмдер в)Сөйлем с)Фразеологизмдер д)Синонимдер е)Антонимдер
21.Көңіл-күй одағайын табыңыз?
а)Кешіріңіз в)Ойбай с)Рахмет
д)Алақай е)Кеш жарық
22.Термин сөзді көрсетіңіз.
а)Фонетика в)Мектеп с)Нарық
д)Бай е)Шағын
23.Лексика нені зерттейді?
а)Сөз мағынасын в)Сөз таптарын
с)Сөз тіркесін д)Үндестік заңын
е)Сөйлем мүшелерін
24.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.
а)Немесе в)Кейде с)Яғни д)Және е)Сондықтан
25.Өкініш одағайын белгілеңіз
а)Алақай в)Қап с)Тәйт д)Шіркін
е)Моһ-Моһ
26.Күрделі етістікті көрсетіңіз
а)Жазған в)Жазып отыр с)Жазатын д)Жазбақпыз е)Жазбайды
27.Тұйық етістікті көрсетіңіз
а)Бағала в)Бағалаймын с)Бағалама
д)Бағаламау е)Бағалаңыз
28.Абай туралы кім роман жазды?
а)М.Шаханов в)А.Байтұрсынов с)Ә.Марғұлан д)Қ.Сәтбаев е)М.Әуезов
29. «Қазақ» газетінің редакторы кім болды?
а)М.Дулатов в)А.Байтұрсынов
с)Б.Майлин д)М.Жұмабаев е)Ж..Аймауытов
30.Салалас сөйлемнің неше түрі бар?
а)2 в)5 с)6 д)3 е)4
Тест.9-сынып. Сын есім
1.Сын есімнің салыстырмалы
шырайдағы формасын көрсетіңіз.
а)Әдемі в)Ең әдемі с)Әдемі ме?
д)Әдемі емес е)Әдемілеу
2.Сөйлемдегі сын есімнің ролін көрсетіңіз.
Менің ұлым өте ақылды
а)Бастауыш в)Баяндауыш с)Анықтауыш
д)Толықтауыш е)Пысықтауыш
3.Күшейтпелі сын есімді табыңыз.
а)Сары ала в)Белгілі с)Үлкенірек
д)Табыскер е)Аса көрнекті
4.Туынды сын есімді көрсетіңіз.
а)Жиі в)Жақын с)Қиын
д)Көрікті е)Жарық
5.Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
а)Алты адам в)Адам үшін с)Адал адам
д)Адамның өмірі е)Адамды қуанту
6.Етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтарды көрсетіңіз.
а)-Ған,-ген,-қақ,-кек,-ақ,-ек в)Лы,-лі,-ды,ді
с)Ғы,-гі,қы,-кі д)Дай,-дей е)Тай,-тей
7.Сапалық сын есімді табыңыз.
а)Ыстық күн в)Орманды өлке с)Ыстық шәй
д)Таныс өлке е)Су ағаш
8.Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.
а)Ұзындау в)Әп-әдемі с)Сүйкімді
д)Қатты е)Қысқа
9.Салыстырмалы шырайдағы сын есімді табыңыз.
а)Жақындау в)Жақында с)Жақын
д)Жақын емес е)Өте жақын
10.Сын есімнің сұрақтарын белгілеңіз.
а)Қандай?қай? в)Кім?не? с)Қайдан?
д)Не істеді? е)Қашан?
11.Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
а)Ақылды в)Семіз с)Қызыл күрең
д)Жұмсақ е)Тәтті
12.Сын есімнің неше шырай түрі бар?
а)2 в)4 с)3 д)5 е)6
13.Дара сын есімді көрсетіңіз.
а)Үлкен-кіші в)Жасыл с)Қызыл ала
д)Ең төмен е)Тым жақын
14. Жай шырайдағы сын есімді көрсетіңіз.
а)Әп-әдемі в)Көкпеңбек с)Тым ұзын
д)Ұзындау е)Белгілі
15.»Сұлу» бұл қай сөз табынан?
а)Есімдік в)Үстеу с)Етістік
д)Сын есім е)Зат есім
16. «Мықты» деген сөзге синоним
болатын сөз.
а)Жуас в)Күшті с)Сабырлы
д)Ақылды е)Көне
17.Сын есімді белгілеңіз.
а)Қоңыр,қараңғы в)Қар,аспан с)Тұман,бұлт
д)Бес,алты е)Көктем,жаңбыр
18. «Айлалы»- бұл қай сөз табынан?
а)Зат есім в)Үстеу с)Сын есім
д)Зат есім е)Есімдік
19.Сын есімнің жай шырайын табыңыз.
а)Ақтау в)Тар с)Көгірек д)Үп-үлкен е)Ең жақсы
20.Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
а)Сұр в)Қалпақты с)Жылдық д)Қарлы е)Боранды
21.-Ырақ,-ірек жалғаулары келесі сын есімдерге дұрыс келе ме?
а)Жақсы,әдемі в)Жылы,жиі с)Жаман,үлкен
д)Ұқыпты,ескі е)Жылы,тар
22. «Мөлдір» сөзі қай сөз табына жатады?
а)Есімдік в)Етістік с)Зат есім
д)Сын есім е)Үстеу
23.Қатыстық сын есімнің жұрнағын көрсетіңіз.
а)-Дай,-дей. в)-Қы,-кі с)-Ған,-ген
д)-Дікі,-нікі е)-Мыз,-міз
24.Мейрам өте көңілді,қызықты өтті. Сөйлемдегі көңілді,қызықты деген сөздер сөйлемнің қай мүшесіне жатады?
а)Анықтауыш в)Пысықтауыш с)Толықтауыш
д)Бастауыш е)Баяндауыш
25 «Қандай»? деген сұраққа жауап беретін сөздерді көрсетіңіз.
а)Аяқ киім в)Жетеу с)Күту керек д)Нәзік е)Тон
26. «Құнды» сөзінің синонимін табыңыз.
а)Жақсы в)Бағалы с)Бай д)Ірі е)Ұсақ
27.Қосарланған сын есімді көрсетіңіз.
а)Қысқы в)Қарлы с)Ғылыми-әдеби
д)Өткір е)Қатты
28.Сын есімді сөз тіркесін табыңыз.
а)Біздің мектеп в)Жүз теңге с)Жаңбырлы күз
д)Ешкім білмейді е)Оқушы жазды
29.Қай сөз сын есімге жатпайды?
а)Жақсы в)Ащы с)Сұлу
д)Таулы е)Жауады
30.»Жарық» деген сөздің антонимін табыңыз.
а)Қараңғы в)Биік с)Жақсы д)Жасыл е)Таза