1-қосымша
Мектеп сайттарында «Қош келдің, Әз-Наурыз»
атты ең үздік бет байқауының
ЕРЕЖЕСІ
-
Жалпы ереже
-
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» байқауы (әрі қарай - Байқау) қазақ тілі мен
әдебиеті және информатика пәндері бойынша оқушылар арасында Қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.
1.2. Байқаудың міндеттері:
- балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық қызметке белсенді қатысуға тарту;
- оқушыларға патриоттық тәрбие беру;
- балалар шығармашылығын қолдау және ынталандыру, байқау жұмыстары авторларының шығармашылық жетістіктерін насихаттау;
1.3. Байқау Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.
-
Байқаудың номинациялары және бағалау критерийлері
2.1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Наурыз нақыштары» номинациясы – кез-келген графикалық редакторларда салынған өзіндік суреттер (оқушының аты-жөні, сыныбы, мұғалімнің аты-жөні толық жазылады).
«Наурыздың жауһаз сырлары» шығармашылық номинациясы – байқаудың тақырыбына сәйкес өзіндік ой-толғау, шығарма, тақпақ-өлең, эссе мазмұнында болу керек (оқушының аты-жөні, сыныбы, мұғалімнің аты-жөні толық жазылады).
2.2. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау келесі өлшемдер бойынша сарапталады:
- көркемдік деңгей;
- байқаудың тақырыбына сәйкестігі;
-
Байқауды өткізу тәртібі
3.1. Байқау 2015 жылдың 2 - 18 наурыз аралығында өткізіледі.
3.2. Байқаудың жеңімпазын іріктеу 2015 жылдың 19 - 31 наурыз аралығында жүзеге асырылады.
3.3. Байқауға қала мектептерінің барлығы қатысуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |