Орындаған: Бақытова Нұршат Тобы: юр-21 Тексерген



Дата18.02.2022
өлшемі294.92 Kb.
#455486
Бақытова Нұршат ЮР-21 (Тұрғын үй құқығы)

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті Тарих,экономика және құқық факультеті Құқықтық пәндер кафедрасы

Тақырыбы:

Тұрғын үйге қол сұқпаушылық


Орындаған: Бақытова Нұршат

Тобы: ЮР-21

Тексерген: Кумарова.У.К

Орал, 2022 жыл

ҚР Конституциясының 25-бабы

  • Тұрғын үйге қол сұғылмайды.
  • Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.
  • Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

К І Р І С П Е

Мемлекеттік егемендіктің нығаюымен және адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттемелерді орындаумен байланысты Қазақстан Республикасында азаматтың құқықтары мен бостандықтарына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» - деп көрсетілген . Жалпы адамзаттық құндылықтың басымдылығы туралы Конституциялық ереже Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет құру негізінен алынған.

Қазақстан Республикасы  Конституциясының 25-бап 1-тармағына сәйкес «тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны тексеруге және тiнтуге заңмен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi».

Тұрғын үйге қол сұғылмау - заң негізінде сонда тұратын адамның еркінен тыс үйге кіруге тыйым салынатынын білдіретін конституциялық қағида. Яғни, адамдардың тұрғын жайында лауазымды тұлғалар және басқа да адамдар тарапынан заңсыз кіру, тінту және тағы басқа да әрекеттер жасаудан мемлекет арқылы қорғану құқығы.

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықтың тікелей объектісі (ҚР ҚК-нің 149-бабы) Қазақстан Республикасының Конституциясының 25-бабымен кепілдендірілген адам мен азаматтың тұрғын үйге қол сұғылмауға деген конституциялық құқықтары мен бостандықтары болып саналады.

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықтың тікелей объектісі (ҚР ҚК-нің 149-бабы) Қазақстан Республикасының Конституциясының 25-бабымен кепілдендірілген адам мен азаматтың тұрғын үйге қол сұғылмауға деген конституциялық құқықтары мен бостандықтары болып саналады.

Тұрғын үйге қолсұғылмаушылықты бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 149-бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу ретінде тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кiру түсіндіріледі. 

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 149-бап 2-тармағы, тұрғын үйге заңсыз басып кіруді саралаудың белгілері:


а) күш қолданып не оны қолданамын деп қорқыту

ә) адамдар тобы жасаған;

б) түнгi уақытта; 

в) заңсыз тiнтуге ұласа жасалған әрекет; 

г) сол сияқты тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау

Халықаралық құжаттар

Адам және азаматтың басқа да конституциялық құқықтары мен бостандықтарымен қатар тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы тек егеменді Қазақстан шеңберінде ғана қорғалмайды. Бұл маңызды халықаралық мәселе төменде аталған халықаралық құжаттармен реттеледі:

  • 1948 жылғы Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы, ол адамның құқықтары мен бостандықтарының қатарына тұрғын үйге қол сұғылмау құқығын да белгілейді;
  • 1966 жылғы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» Халықаралық Пактінің 17 бабында тұрғын үйге баса-көктеп немесе заңсыз қол сұғылуға жол берілмейтіндігі көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет