3. Бұлшық ет қабаты. m. Obliguus abdominis externus, m. Obliguus abdominis internus және m. transverses abdominis құрсақтың алдыңғы қабырғасының бүйір бөлігінде жатыр және m. rectus abdominis, m. pyramidalis құрсақтың алдыңғы қабырғасының ішкі жағында жатады
4. Fascia transversa (s. endoabdomialis) m. transverci abdominis-тің артқы бетіне жабысып жатады, осы бұлшық еттің төменгі жиегіне жақын шандыр қатаяды және шап өзегіне ұрық шылбыры өтетін үлкен емес тесік бар. Fascia transversa құрсақтың алдыңғы қабырғасымен құрсақтың ақ сызығына бағытталып, онымен бірігіп кетеді. Бұл жерде тек қана кіндік аймағында Fascia umbilicalis деп аталады.
5. Іш пердесінің алдында жатқан майлы клетчатка қабаты әр түрлі дамыған. Семіз адамдарда құрсақтың алдыңғы қабырғасының бүйір бөліктерінде қалыңдығы бірнеше сантиметрге жетеді. Бұл қабат артынан іш пердесінің артындағы клетчатка қабатына ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |