Орындаған: Жайгалиева А. А. Тобы



бет1/10
Дата03.01.2022
өлшемі33.47 Kb.
#451127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ішперде


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина

университеті


Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Хирургиялық аурулардың негіздері

Тақырыбы: Ішперденің алдыңғы қабырғасының анатомиялық құрылысы

Орындаған: Жайгалиева А.А.



Тобы: 404 Б

Тексерген: Есенбаев Д.Б.

Ақтөбе 2018ж.

Жоспары:

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  • Ішпердеге жалпы сипаттама;

  • Құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасының анатомиялық құрылымы;

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Ішперде, peritoneum, тұйық сірлі қапшық болып табылады, ол тек әйелдерде ғана жатыр түтігінің өте кішкентай құрсақ тесігі арқылы сыртқы ортамен қатынасады. Кез келген сірлі қапшық сияқты ішастар екі: қабырғақасылық, париеталды, peritoneum parietale, және висцералды, peritoneum visceralе, жапырақшалардан тұрады. Біріншісі құрсақ қабырғасын астарлайды, екінші жапырақша ішкі ағзаларды жауып, біраз жер бойы олардың сірлі қабықшасын түзеді. Екі жапырақша бір-бірімен тығыз жанасып жатады, жарып ашылмаған құрсақ қуысында олардың арасында ішастар қуысы, cavitas peritonei, деп аталатын тар саңылау ғана жатады, ондағы сұйықтық шамалы мөлшерде, сол арқылы олардыңбірінің жанында бірінің жылжуын жеңілдетеді. Операция кезінде, немесе, өлікті жарып ашқанда, немесе зиянды сұйық жиналғанда екі жапырақша ажырайды да, ішастар қуысы нағыз азды-көпті көлемділеу түрге келеді. Ішперденің париеталды және висцералды бөліктері бір-бірімен өзара беттесіп, саңылау түрінде орналасқан қуыс , ішастарлық қуысты түзеді. Аралығында қозғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің қозғалысын жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтық орналасқан. Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байланысты келесі түсініктерді ажыратамыз:

  • Интраперитонеальды – мүшенің барлық жағынан жабылуы

  • Мезоперитонеальды –мүшенің 3 жағынан жабылуы

  • Экстраперитонеальды -мүшенің 1 жағынан жауып орналасуы

Құрсақтың алдыңғы қабырғасының қабаттары: тері, тері асты клетчаткасы, беткі шандыр, lamina thompsoni, бұлшық ет қабаттары, fascia transversa, іш пердесінің алдындағы майлы қабат /lamina adipose langenbeci/ және қабырғалық /париетальды/ іш пердесі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет