Орындаған: Жолдыбай Г. Рахматулла А, Жиенбаева М. Қабылдаған


А.Хасенова етістіктерді 6 семантикалық топқа бөледі



бет4/11
Дата15.02.2024
өлшемі42.16 Kb.
#491956
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
дыбыс-сес, қозғалу етістіктері 2

А.Хасенова етістіктерді 6 семантикалық топқа бөледі:

  1. Объектімен тікелей байланысты іс-əрекетті білдіретін етістіктер: іш, же, майла, бол, ұр, соқ, жүр, көр, оқы т.б.

  2. Субъектінің қозғалысының беталыс, бағытын білдіретін етістіктер: кел, кет, түс, шық, ұш, самға, жинал, тара т.б.

  3. Субъектінің қалпының сапасының өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер: ұйықта, оян, азай, көбей, ұзар, қысқар, өл, ауыр

  4. Бейнелеу етістіктері: адырай, бақырай, маңыра, мөңіре, жалтылда.

  5. Ішкі объектілі салт етістіктері: қозда, бұзаула, гүлде, жапырақта т.б.

  6. Көмекші етістіктер: еді, деп, шығар т.б. [ Ж.Ж.Манапбаева журнал «ҚазҰУ хабаршысы»- Алматы, 2012 ж . 8-11 беттер]



Қозғалу етістіктері
М.Оразов бұл топтағы етістіктердің жалпылауыш семасы қозғалысқа түскен заттардың не адамның бір орыннан екінші бір орынға өткендігін, орын ауыстырғандығын білдіреді. Бұл етістіктер де 9 кіші семантикалық топқа біріктірілген:
1.Бағыт-бағдарды білдірместен жалпы қозғалысты білдіретін іс-әрекеттер: жүру, шабу, секіру, сүңгу, еңбектеу, сырғу, жорту, желу, сүңгу, малту, ағу, жүзу, қалықтау, самғау, құлау, құлдилау, т.б
2.Қимылдың обьектіге жақындағанын білдіретін қозғалу етістіктері: кел, жақында, жанас, қапталда, маңайла, т.б
3. Қимылдың обьектіден алыстауын білдіретін қозғалыс етістіктері: кет, жөне, зыт, қаш, табаныңды жалтырат, ұзақта, алыста, жоғалту, жөнелту, т.б
4. Қимылдың жоғардан төмен қарай бағытталуын білдіретіндер: түсу, құлдилау, төмендеу, төгілу,т.б
5. Қимылдың төменнен жоғары қарай бағытталуын білдіретін етістіктер: шығу, өрмелеу, өрлеу, т.б
6.Белгілі бір кедергімен қозғалатын қозғалу етістіктері: кіру, шығу, өту, асу, аттау, секіру, т.б
7. Қимылдың жылдамдылығымен байланысты қолданылатын етістіктер: шабу, желу, жүгіру, зырлау, тaбаны жерге тимеу, т.б
8.Қимылдың орындалу тәсілдерімен байланысты қолданылатын қимыл етістіктері: жорғалау, аяғының ұшын басу, ентелеу, балпаңдау, талтаңдау, аяғын майда басу, елпеңдеу, т.б
9.Сұйық заттардың қозғалуымен байланысты етістіктер: ағу, тамшылау, сорғалау, атқылау, құйылу, жосылу, төгілу, т.б [М.Оразов «Қазақ тілінің семантикасы» Мектеп, 1980-ж 33-б].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет