БОӨЖ 15
ОРЫНДАҒАН:ҚИТУЛЛАҰЛЫ Н
География ғылымының қазіргі кездегі өзекті проблемалары
Антропогендік фактор – адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. Т.б. жатады.Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық, электромагниттік өріс, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар т.б. Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отын – энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. Б. атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін. Жаңаша әсер – биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді. Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста география ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”, жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде. Бүкіл ғылымдардың жетістігі адамзаттың өсіп, өркендеуіне қызмет жасауы керек қой. Осыған орай бүкіл жаратылыстану ғылымдары бірігіп, өзін қоршаған ортадағы табиғатты сақтау, оның тепе-теңдігін үйлестіру мәселесін шешуге күш жұмылдыруы қажет. Жаһандық деңгейде табиғат қорларын тиімді пайдалану үшін қоршаған орта жайлы бұрынғы ғасырлар бойы жинақталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, табиғатты жүйелі түрде тиімді пайдалану, оны қорғаудың мәселелері жолға қойылуы тиіс. ХХ ғасырда табиғатты ысырап етпей игеру ғылымға жаңа бағыт берген, атақты табиғаттанушы, энциклопедист ғалым В.В.Вернадский ноосфера ұғымының негізін салды. Ол литосфераға, гидросфераға, атмосфераға және биосфераға қосымша ноосфера тұжырымдамасын ұсынып, адамның табиғатты сырапсыз пайдалануы негізінде жаһандық деңгейде туындап отырған проблеманы шешуге адамның ақыл-ой жүйесін бағыттайды. Бұл – бүгінгі таңдағы ғылымда, іс-жүзінде, әрбір қоғамда пайдалануға тиісті қағида.
Қазақстандағы география ғылымының атқаратын міндеті мен мақсатын нақты түсіндірмей, жерін тек қана атау ретінде (тау, қырат, үстірт, жазықтық, өзен, көл, кұм, шөл т.б.) қарастыру ғылымның өрісін шектейді. Сондай көзқарастың кең тарауынан байтақ қазақ жері табиғатының даму заңдылығын, оның қалыптасу еркшеліктерін көптеген ғалымдар елемей жүр. Олар жалпы экологиялық мәселенің маңызын түсінбей, тек өз саласының мүддесін қорғайды. Ғылымның қайсы болса да (ботаника, зоология т.б.) – табиғаттың туындысы. Тіршілік үшін белгілі бір географиялық орта керек. Ол географиялық ортаға өзіне тән қалыптасқан ауа-райы құбылысының өзгеруі, жыл мезгілінің ауысуы, күн сәулесінің таралу заңдылығы, тіршіліктің өсуі мен дамуы тәуелді. Олардың белгілі бір географиялық заңдылыққа бағынуы, температураның таралу заңдылығы батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі кез келген жердің алып жатқан географиялық орнына байланысты табиғатта үздіксіз жүріп жатады. Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз. Мысалы, бір кездегі ит мұрыны өтпейтін Оңтүстік Американың тропиктік ормандары оталып, Африканың қайталанбас табиғатындағы сирек кездесетін керіктердің, пілдердің, түйеқұстардың, арыстандардың азаюы, материк байлықтарының талан-таражға түсуі сол аймақтарда жарамсыз жерлердің молаюынан, шөлейтті аймақтардың ұлғаюынан табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына соқтырды. Жерорта теңізі аймағындағы зәйтүн шаруашылығы плантацияларында мол өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштарды молынан қолданылуы күрделі экологиялық мәселе тудырды. Соған байланысты қазір зәйтүн плантациялары оталуда.
Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адамның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.
Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.
Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.
Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына тән. Мақта және басқа да егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде оның шұғыл тартылуына жеткізді. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануын, т.б. экологиялық проблемаларды тудырып отыр.
Еліміздегі Арал апаты жаһандық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). Мүмкін Аралды құтқаратын күн де алыс емес шығар.
Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігі сақталғандықтан, өзгеріс көп елене қоймайды.
Ал мал шаруашылығы мен жайылымдыққа пайдаланылатын жерлердің жыртылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойластырылмай салынуы сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне көп мөлшерде зиян келтіреді. Оны тез түзете қою қиын.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы – алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады. Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар атқылауы, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.
Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлар тудыруда. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялы даму жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындарының ашылуы және игерілуі бұған өзіндік үлес қосты. Бұл қоршаған ортаның ластануын күшейтті.
Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп, 1700 жылы 620 млн. адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд-қа дейін өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд. болады деген болжам бар. Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген ашқарақ сұранысты тудырды. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) өзін-өзі қайта қалпына келтіре алмайтындай деңгейде пайдаланылуда. Бұл табиғаттың тозып, бүлінуіне соқтыратыны даусыз.
Үшіншіден, қалалар мен олардың тұрғындарының саны тез өсуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн. адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млн-ға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млн-ға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5%-ға өсті. Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді ұлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болуда.
Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қежіттілігіне жұмсап келген. Сонымен бірге адамдарда үнемі табиғатты “бағындыру” арманы болған. Қалай болғанда да адамның табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен ұштаса жүруі қажет. Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп беруде. Адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктері белгілі. Олар: ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу; ортаның ластануын барынша азайту; су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін өндірістік суды тазартып, қайта пайдалану; топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфералық газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру; жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру; жаңа технологияны пайдалану, т.б. Адамзат баласы мұндай әдіс-тәсілдерді қолданған жағдайда жер шарының тыныштығы мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Мамандар арасында да, экономистер мен экологтерді қоса алғанда, экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижесін бағалау кезінде қарама-қайшы, бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық, экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде құлық аз. Табиғаттың үйлесімді құрылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан үдерістерге араласуға болмайтындығын адамзат баласы түсінген болса, табиғатпен жақсы қарым қатынас орнату тәсілін табуға болатын еді.
Каспий мұнайын өндіруде шетелдіктер қазір тек табыс көзін ойлап отырғаны белгілі, ондағы итбалықтың, теңіздің басқа да жануарларының жылма-жыл қырылып жатқаны табиғатқа үлкен зиян келіп тұрғанынан екенін ешкім ойлап жатқан жоқ.
Қазақстанда табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы экологиялық жағдайдың шиеленісуімен үздіксіз ұлғаюда. Дамудың жаңа сатысы – ғылыми-техникалық прогрестің негізіндегі жоғары технологияға ауысу табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асуы тиіс. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты мұқият жүргізуді талап етеді.
Қоршаған ортаның ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Әлемдік қоғамдастықпен қатар қазақстандықтардың да қалыпты салт-тұрмысы экологиялық жағдайларға қарай алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдай экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.
Экологияның нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Оған ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер мысал бола алады.
Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып, кейбір жағдайда экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің шөлге айналуы мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көлік, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.
Солтүстік Қазақстан бойынша, құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га, техногенді ластану 2,5 млн. га жерді, жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отырса, 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануға көміліп отыр. Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда техногендік, өндірістік ластану, жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиоактивті және зымыран-ғарыш қалдықтарымен ластану жоғары деңгейге жетуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдай Арал өңіріне тән Әмурдария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га қара сексеуіл орындарының құрып кетуі тағы бар.
Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Капшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарының егілуі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқтырды. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай елінің алып қоюы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы әбден мүмкін. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына көп қолайсыздық туғызуда.
Әлемде климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.
1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 500-ге жуық ядролық сынақ жарылыстары жасалды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйеге айналдырды. Одан миллиондаған адам тұратын елді мекендер әлі зардап шегіп отыр. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққаны анықталған.
Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасы қолдап отырған экологиялық білім беру ісін жүйелі түрде іске асыру қажет. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді жоғары деңгейге көтеру парыз.
Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар ғылымда жоқ емес. Оларды пайдалану табиғатты сақтауда, шығынды азайтуда едәуір көмектесе алар еді. Кез келген құрылысын, шаруашылық нысандарын, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардың экологиялық шығынының бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет. Бұл ретте олардың жергілікті тұрғындардың денсаулығына тигізетін зардабы басты назарда болуы тиіс.
Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл – өндіріс орындарының топырақты, ауаны ластауын болдырмау үшін жергілікті жер ерекшеліктерін ескермегендіктен туындаған мәселе. Бұл орайда атом стансаларын жобалау кезінде адамдардың қауіпсіздік жағын қорғау жан-жақты есептелуге тиіс.
Шаруашылыққа байланысты болжаулардың қажеттілігі ірі су алаптарының (Арал теңізі, Балқаш көлі) тартылуы, климаттың өзгеруі, техникалық фактор негізінде топырақ, жер беті қабаттарының бүлініп бұзылуы, биік таулардағы (Іле, Жоңғар Алатаулары) мұздақтармен байланысты жағдайлар, апатты құбылыстар, мемлекетаралық өзендерді (Ертіс, Іле) пайдалану жағдайы әлемдік мәселелерді шешуде өзек болып тартылуы тиіс. Мемлекетаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша түрлі ұсыныстар мен болжаулар халықаралық, мемлекетаралық деңгейде есептеліп, ескерілуі қажет.
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп – тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз. Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |