ДИКТАНТ СУ-ТІРШІЛІК КӨЗІ Су- түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын бірден-бір минерал. Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде болады. Су буға айналады. Будан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ боп жерге жауады.
Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адам, өсімдік пен жануар денесінің бір бөлігі судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды.