Орысша: нефть ағылшынша: oil



Дата26.04.2024
өлшемі2.98 Mb.
#499909
Мұнай


МҰНАЙ
қазақша: мұнай
орысша: нефть
ағылшынша: oil
Ертеректе «тас майы» деп аталған мұнайдың болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.
Saudi Arabia
Kuwait
Iran
Irak
United Arab Emirates
Algeria
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Алғашқы қазақ мұнайы 1899 жылы қарашада Атырау облысындағы Қарашүңгіл кен орнында өндірілді. Қазақстанда мұнай өндіру 1992 жылы 25,8 млн тоннаны құраса, 2012 жылы 80 млн тоннаны құрады.
Қазақстан – әлемдегі мұнай өндіруші елдердің бірі. Қазақстанда мұнай өндіру Иран, Кувейт, Мексика, Норвегия, Сауд Арабиясына қарағанда 19 ғасырдың аяғында, әлдеқайда ерте басталды.
Мұнай өндіру
Мұнайды жер бетінде және су астынан өндіреді
Ол үшін мұнайды сорып шығаратын арнайы қондарғылар орнатылады.
Жер қойнауынан өндірілген мұнай ішкі мұнай деп аталады.
Мұнайды судан және қоспалардан тазартып, тауарлық мұнайға айналдырады.
Тазарту процесі мұнай тазарту зауыттарында жүргізіледі.
Мұнайды өңдеу
Термиялық крекинг
Катализдік крекинг
Риформинг
Гидрокрекинг
Басқада процестер
Мұнайдың құрамы
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары(құрамындағы күкіртке байланысты), тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнайдың құрамына: парафиндер, циклді көмірсутектер және ароматты көмірсутектер кіреді
Қазақстан мұнайы парафиндерге(Ембі), нафтендерге(бес және алты мүшелі циклоалкандар, Жетібай) және ароматты көмірсутектерге(Прорва) бай.
Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучуксинтетикалық талшықтарпластмасс, жуу құралдарынпластификаторбояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метанэтанпропанбутанпентангексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этиленпропиленбутадиенацетилен.
Пайдасы
Қопарғыш заттар
Жолды өңдеуге
Резинка, краска, лак, еріткіштер
Отын, май, жанар май
Косметика, жуғыш заттар
Тамақ өнеркәсібі
Улы заттар
Дәрі-дәрмек
Мұнай
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет