Норвегия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық білдіруде
Ү.ж. 6 наурызда ЭКСПО-2017 Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Норвегия Корольдігіне іс-сапары болып өтті.
Іс-сапар шеңберінде Р. Жошыбаев Норвегия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Мортен Хоглундпен кездесу өткізді. Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сонымен қатар, екі жақты қатынастардың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылап, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамудың қажеттілігін атап өтті.
Р.Жошыбаев баламалы және жаңартылған энергия көздері бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Норвегияның көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде М.Хоглунд ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, планетаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін Астана алаңы Норвегия үшін ерекше қызығушылық танытандығына тоқталды.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 Комиссары Норвегияның Сауда, индустрия және балық шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дилек Айханмен келіссөздер өткізді. Екі жақ энерготиімділік, жасыл экономиканы дамыту, жаңа технологиялар салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатындықтарын білдірді.
Р. Жошыбаев сұхбаттасушыны Астанадағы көрмеге дайындық барысымен хабардар етті және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атынан Норвегия Корольдігінің Премьер-министрі Эрне Сольбергке арналған шақыру-хатын табыс етті.
Норвегиялық тарап ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық білдіріп, әлемдік таңдаулы зерттемелерді көрсетуге, сонымен қатар, баламалы энергетика саласында әріптестік қатынастарды орнатуға ЭКСПО-2017 көрмесінің ыңғайлы алаң болатындығына сенімді екендіктерін атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 Комиссары Норвегияның «Nordic page» атты жетекші баспасына сұхбат берді. Сұхбат барысында көрмеге шетелдік мемлекеттердің қатысуы, визалық саясатты жетілдіру және Қазақстанның туристік әлеуеті сөз болды.
Норвегия заинтересована в участии в «ЭКСПО-2017»
6 марта т.г. состоялся визит казахстанской делегации во главе с Комиссаром ЭКСПО-2017 – Первым заместителем министра иностранных дел Республики Казахстан Рапилем Жошыбаевым в Королевство Норвегия.
Р. Жошыбаев провел встречу с Государственным секретарем МИД Норвегии МортеномХоглундом. Стороны обсудили актуальные вопросы международной политки, а также текущее состояние и перспективы развития двусторонних отношений, подчеркнув необходимость их дальнейшего развития и укрепления в политической, торгово-экономической и культурно-гуманитарной сферах.
Р. Жошыбаев отметил важность участия Норвегии в ЭКСПО-2017, являющейся одним из мировых лидеров по развитию альтернативных и возобновляемых источников энергии. М. Хоглунд, в свою очередь, отметил, что тема ЭКСПО-2017 «Энергия будущего» представляет особенный интерес для Норвегии, способствующей продвижению диалога по вопросам обеспечения энергетической и экологической безопасности, устойчивого развития планеты.
Комиссар ЭКСПО-2017 также провел переговоры с Государственным секретарем Министерства торговли, индустрии и рыбного хозяйства Норвегии Дилек Айхан. Стороны выразили заинтересованность в активизации торгово-экономического сотрудничества, включая развитие отношений в сфере управления водными ресурсами, энергоэффективности, развития зеленой экономики и новых технологий.
Р. Жошыбаев информировал собеседника о ходе подготовки к ЭКСПО-2017 и вручил от имени Премьер-министра Республики Казахстан Карима Масимова письмо-приглашение, адресованное Премьер-министру Королевства Норвегия Эрне Сольберг.
Представители норвежской стороны выразили заинтересованность в участии в выставке в Астане и отметили, что ЭКСПО-2017 станет действенной площадкой для демонстрации и обсуждения лучших мировых тенденций и разработок, а также формирования партнерских отношений в отрасли альтернативной энергетики.
По итогам визита Комиссар ЭКСПО-2017 дал интервью ведущему изданию Норвегии «Nordic page», где рассказал об участии зарубежных стран в выставке, совершенствовании визовой политики и туристическом потенциале Казахстана.
Norway is interested in participating in the "EXPO 2017"
On March 6, a Kazakh delegation headed by Commissioner of Expo 2017 - First Deputy Foreign Minister Rapil Zhoshybayev visited the Kingdom of Norway.
Zhoshybayev met with State Secretary in the Norwegian Ministry of Foreign Affairs Morten Hoglund. The parties discussed topical issues of international policy, as well as the current state and prospects of bilateral relations, stressing the need for their further development and strengthening in political, economic, cultural and humanitarian fields.
Zhoshybayev underlined the importance of the participation of Norway, one of the world leaders in the development of alternative and renewable energy sources, in the EXPO-2017. M. Hoglund, in turn, stressed that the theme of EXPO-2017 "Energy of the Future" was of particular interest to Norway promoting a dialogue on issues of energy and environmental security and sustainable development of the planet.
The EXPO 2017 Commissioner also held talks with State Secretary of the Ministry of Commerce, Industry and Fisheries Dilek Ayhan. The sides expressed interest in intensifying trade and economic cooperation, including the development of relations in the field of water management, energy efficiency, the development of a green economy and new technologies.
R. Zhoshybayev briefed the interlocutor on the preparations for EXPO 2017 and presented an invitation letter on behalf of Prime Minister of Kazakhstan Karim Massimov addressed to Prime Minister of the Kingdom of Norway Erna Solberg.
Representatives of the Norwegian party expressed interest in participating in the exhibition in Astana and noted that the EXPO-2017 would be an effective platform to display and discuss the best international trends and developments, as well as establish partnerships in alternative energy industry.
Following the visit, the EXPO 2017 Commissioner gave an interview to the leading publications in Norway «Nordic page», speaking about the participation of other countries in the exhibition, improvement of the visa policy and the tourism potential of Kazakhstan.
Достарыңызбен бөлісу: |