Орманды отырғызу және себу



Дата13.10.2023
өлшемі383.67 Kb.
#480711
Орманды отырғызу және себу

Орманды отырғызу және себу

Әділханова Гүлсана 21-06

Жоспар:

  • 1.Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру
  • 2. Орманды отырғызу
  • 3. Орман ағаштарын отырғызу тәсілдері

1 Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру. Екпелерді тұқым себу арқылы құру тиімді әрі жұмысы аз, питомник құруды қажет етпейді, жас өсімдіктердің ауыстырылып отырғызылатын тамыр жүйесі болмағандықтан механикалық зақымданбайды. Бірақ екпелерді себу әдісі арқылы табысты өсіру бірнеше факторларға байланысты болады:

  • 1 Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру. Екпелерді тұқым себу арқылы құру тиімді әрі жұмысы аз, питомник құруды қажет етпейді, жас өсімдіктердің ауыстырылып отырғызылатын тамыр жүйесі болмағандықтан механикалық зақымданбайды. Бірақ екпелерді себу әдісі арқылы табысты өсіру бірнеше факторларға байланысты болады:
  • тұқымның шығу тегі мен сапасына;
  • топырақ дайындау сапасына;
  • экологиялық факторлардың бар болуы мен маңызына;
  • агротехникалық күтімнің жиілігі мен мұқият жүргізілуіне.
  • Өскіндер пайда болғаннан кейін, ылғал, жылу мен ауадан басқа, жас өсімдіктің өсуіне шартты түрде жарық пен топырақтағы қоректік заттар қажет. Қарағай,шырша және балқарағайдың жас өскіндеріне күн көзінің толық түсуі қауіпті болғандықтан, олар көлеңкелеуді қажет етеді.
  • Қазақстанда екпелерді себу арқылы құру ірі тұқымды ағаш түрлеріне (емен, жаңғақ) жүргізіледі, сонымен бірге пістелер, тамыр жүйесі ауыстырып отырғызуды көтермейтін ағаштар жатады. Емен мен грек жаңғағында кіндік тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сондықтан, олардың екпелерін себу арқылы құру олардың биологиясына сәйкес келеді. Отырғызу кезінде тамыр жүйесін кесу кіндік тамыр жүйесінің қалыптасу тенденциясын бұзады.
  • Шөлді жерлерде сексеуіл екпелері себу арқылы құрылады, үсіктерден қорғау үшін тұқымдар 5см дейінгі әр түрлі тереңдікте көміледі, бірақ отырғызу жұмысы да жақсы нәтиже береді. Бұл үлкен көлемді екпе орман жұмысын қажет етіп, қатаң қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылық техникаларымен нашар қамтамасыз етілген орман шаруашылығы мекемелеріне сексеуіл сеппелерін отырғызу қиынға тиеді.
  • Әуеден сексеуіл тұқымдарын себу кезінде 5-7кг тұқымды аумағы 300 га кем емес учаскеге сеуіп, ұшу жолағының арақашықтығы 20-24 м болып алынады. Тұқымдарды көму жүргізілмейді.

2 Орманды отырғызу


Екпе ормандарды құруды отырғызу әдісі арқылы жүргізу себумен салыстырғанда, көп жағдайда сенімді әрі экономикалық жағынан өзін ақтайды. Отырғызудың артықшылығы сол, екпе орман отырғызылатын аумаққа жас өсімдіктер егіліп, тамыр жүйесі аз зақымдалып, топырақ қабатына терең отырғызылады.

Екпеледі өсірудің отырғызу әдісі барлық орман өсетін аймақтарда жақсы нәтиже береді. Қазақстан жағдайында отырғызу әдісімен екпелерді құру барлық ағаш және бұта түрлеріне жүргізіліп, пісте, грек жаңғағы мен кәдімгі емен ағаштарын да қамтиды.

  • Екпеледі өсірудің отырғызу әдісі барлық орман өсетін аймақтарда жақсы нәтиже береді. Қазақстан жағдайында отырғызу әдісімен екпелерді құру барлық ағаш және бұта түрлеріне жүргізіліп, пісте, грек жаңғағы мен кәдімгі емен ағаштарын да қамтиды.
  • Екпелерді құру кезінде әр түрлі көшет материалдары қолданылады, бірақ негізгі түр ретінде екпе орман өндірісінде сеппелер көп қолданылады: самырсын, май қарағай, шыршаның – 3-4-жылдықтары; қарағай, балқарағайдың - 2-жылдықтары; жапырақты ағаштардың – 1-2-жылдықтары.
  • Отырғызудың жақсы мерзімі –ерте көктем. Бұл кезеңде топырақта ылғал жеткілікті болып, жаңа тамырлардың өсуі басталады. Жылы кезең ақырындап басталып, өсімдіктің физиологиялық жағдайы жақсарады.
  • Күзде қылқанды ағаш түрлерін отырғызу жоғарғы бүршіктері жинақталғанда, ал жапырақты ағаш түрлерін жапырағы сарғайған соң отырғызады.
  • Сеппелер мен тікпелерді топыраққа отырғызу тереңдігін белгілеу үшін егілетін ағаш түрінің ерекшелігін білу керек. Мысалы, қарағай, емен, өрік ағаштары терең отырғызуды жеңіл көтереді, ал самырсын, шырша, майқарағай, қайың, алма, алмұрт ағаштарына қиын тиеді.
  • Емен, жаңғақ, сексеуілді себу арқылы ормансыз алаңдарда екпе құрған кезде, олардың жақсы өсуін қамтамасыз ету үшін тиімді шара ретінде табиғи екпе ағаштардан алынған топырақ микорезін енгізу болып табылады

3 Отырғызу тәсілдері

  • . Отырғызудың негізгі екі тәсілі қолданылады – қолмен және механикаландырылған. Қолмен отырғызу тәсілі топырақты жарым-жартылай алаңшалап өңдегенде
  • Колесов семсері арқылы тамыр жүйесін қысу, күрекпен, сирек Розанов бұрғысы арқылы жүргізіледі.
  • Қазіргі кезде екпе орман өндірісінде көбіне механикаландырылған отырғызу қолданылады. Бұл үшін орман отырғызу машиналары қолданылады. Олар қолмен немесе автоматты түрде беріліспен сеппелер мен тікпелерді отырғызады (МЛУ-1А, СЛ-2М, МС-1/2, ЛМД-81, ССН-1 және ба).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет