Қоршаған ортаның мониторингі


Сумен қамтамассыз етуді ұйымдастыру және жер ресурстарын қорғау



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#133987
1   2   3   4

8.2 Сумен қамтамассыз етуді ұйымдастыру және жер ресурстарын қорғау

Кәсіпорынды сумен қамтамассыз ету КГП «Ертіс Сервис» су құбырларының жүйесінен тасымалданатын шаруашылық су арқылы жүзеге асырылады. Су сапасы бойынша СЕмН №3.01.067.97 «Ауыз су. Ауыз сумен қамтамассыз етудің орталықтандырылған жүйесі суының сапасына қойылатын гигиеналық талаптар. Сапаны бақылау» талаптарына сәйкес келеді. Шаруашылық ауыз суының жылдық шығыны – 30 м3.

Кәсіпорын Ертіс өзенінің табиғатты қорғау аумағында орналасқандықтан, өзенге қарсы орналасқан жағы бойынша жобалық иілу қарастырылған. Бұл Ертіс ауданы архитекторының 10.07.02 ж. №1-11-149 анықтамамен расталады. Қорыта келгенде, Ертіс өзенінің суы өндірістік ауданнан жаңбырлы ағызындылармен ластануы байқалмайды.

Өндірістің шаруашылық – тұрмыстық ағызынды сулары толтырылмалы сыйымдылыққа бағытталады.

Кәсіпорында қалдықтардың келесі түрлері қалыптасады:


  • тұрмыстық;

  • жағылатын жылу агрегаттарынан күл және шлак;

  • ағаш ұста шеберханасы учаскесінен ағаштың қалдықтары;

  • астықтық.

Қызметтік бөлмелер мен территорияларды тазалаудан шығатын тұрмыстық қалдықтар қоқыс контейнерлеріне жиналып толуына қарай 05.05.2004 жылдың №31 келісім шартына сәйкес ауылдық КГП «Ертіс Сервис» қоқыс үйіндісіне шығарылады. Тұрмыстық қалдықтардың жылдық мөлшері 3,0 м құрайды деп ойластырылады. Қалдықтар улы емес және қауіптіліктің V классына жатады.

Жағылатын жылу агрегаттарында жағылатын Майкүбі көмірінен пайда болатын шлак пен күл өнеркәсіптің ғимараттарын құру мен өнеркәсіптік ауданның солтүстік территориясын себуде қолданылады. Аталмыш қалдықтардың мөлшері жылына 10,6 тоннаны құрайды, қалдықтар улы болып келеді және қауіптіліктің IV классына жатады.

Ағаш ұста шеберханасы учаскесінен ағаш ұста шеберханасының бұйымдары жасау кезінде шығатын өндірістік қалдықтар, ағаш жоңқасы мен үгіңді кәсіпорын қызметшілерімен өздерінің қажеттіліктеріне қолданылады. Ағаш қалдықтарының жылына жобаланатын мөлшері – 1 тонна. Қалдықтар улы болып келеді және қауіптіліктің IV классына жатады.

Өндірістің қалдықтарымен топырақтың ластануын болдырмау үшін кәсіпорында астық шаңының шығарылуы орнында ауаны шаңсыздандыру жүйесі орнатылған. Астық тазарту құрылғыларынан, астықты төгу пунктерінің аспирациялық жүйелерінен, элеваторлардың астық кептіргіштері мен СОБ–1, СОБ–2 кептіргіш – тазартқыш башнялардан шығатын өндірістік (астықтық) қалдықтар құрылғылардың бункерлерінде жиналады және халықтың жануарларына жем үшін қолданылады. Қалдықтар улы емес және қауіптіліктің V классына жатады. Астықтың 3 - 4 % қоқысы және астықты қайта өңдеудің 9000 тонна мөлшерінде жылына қалдықтардың мөлшері 360 т/жыл құрайды.

Өндірістің қалдықтары бойынша берілгендер 14 кестеде көрсетілген.

Кесте 14 – Өндірістің қалдықтары




Қалдық пайда болатын технологиялық сұлбаның түйінді, оның атауы

Қалдықтардың мөлшері

Физикалық жағдайы (қатты, сұйық, пастатәрізді)

Қалдықтардағы химиялық ластаулар мен қосылыстар, олардың құрамы мен қауіптілік классы

Периодтылығы (қалдықтарды әкелу тәртібі)

Қалдықтарды сақтау тәсілдері

Қалдықтарды жою, залалсыздандырудың жобалық тәсілдері (немесе қалдықтар жіберілетін кәсіпорындар)

Тәулік

Жыл

Бөлмелер мен территорияларды жинаудан шыққа тұрмыстық қалдықтар

0,012 м3/тәул

3,0 м3/жыл

Қатты

V

Жинау графигі бойынша

Контейнер

Ауылдық қоқыс орны

Жағу агрегаттары. Шлак және күл

0,059 т/тәул

10,6 т/жыл

Қатты

I V

Жағылатын период кезінде, күнделікті

Контейнер

Өздік қажеттіліктер. Теририторияны себу, құрылыс

Ағаш өңдеу станоктары. Ағаш қалдықтары

0,025 т/тәул

1,0 т/жыл

Қатты

I V

Жұмыс периоды кезінде, күнделікті

Контейнер

Халықтың іске асыруы

Негізгі өндіріс. Астық қалдықтары

1,0 т/тәул

360 т/жыл

Қатты

V

Күнделікті

Бункер

Халықтың іске асыруы



Материалдарды оқып студенттерге берілген кәсіпорын бойынша ҚОӘБ жүргізу және келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

1 Ұйымдастырылмаған және ұйымдастырылмаған тастаулар деген не?

2 Астық кептіргіштер мен ағаш өңдеу станоктарының тастауларын есептеуде қандай параметрлер ескеріледі?

3 «Зерно Приир­тышья» ЖШС кәсіпорнымен тасталатын заттар қандай классқа жатады?

4 Шаңның адам организміне әсері.

5 Кәсіпорында қолданылатын сумен қамтамассыз ету және суды шығару жүйесі.

6 Өндірістің қалдықтары мен оларды жою, қоймалау.
9 Қоғамдық мониторинг
Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстардың қызметін оқып білу.

Көптеген еуропалық елдерде, АҚШ, Жапония, Ресей, Қазақстан және т.б. саясаттық жасыл партиялар бар. Әртүрлі жасыл елдерді біріктіретін едәуір танымал халықаралық ұйым болып - «Гринпис» табылады. Жасылдардың платформасы қоршаған ортаның ластануын шектеуді, екінші ретті ресурстар мен энергияның дәстүрлі емес түрлерін қолдануды мақсат етіп қояды, экологиялық білімнің мәселелерімен айналысады.

Қазақстанда қоғамдық бірлестіктер өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырулары тиіс. Қоғамдық бірлестіктер:

- экологиялық бағдарламаларды өңдеу мен насихаттауға, азаматтардың мүдделерін қорғауға, қоршаған ортаны қорғау облысында ерікті түрде оларды белсенді қызметке қатыстыруға;

- экологиялық бақылауды іске асыруға;

- қоршаған ортаны қорғау облысында мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдармен өзара әрекет ету мен әріптес болуға;

- қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жоспар мен бағдарламаларды дайындау үрдісінде қатысуға құқылы. Келесі сұрақтар бойынша тәжірибе сабақтарына дайындалу қажет.

Бақылау сұрақтары
1 Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау жағдайына қоғамдық бақылау жүргізуде қоғамдық ұйымдардың рөлі.

2 Ядролық полигондарды жабу бойынша сұрақтарды шешуде Невада – Семей қоғамдық қозғалыстың рөлін ашып көрсету.

3 Қайта ендірілетін өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылықтық тағайындалған объектілердің жобаларына сараптау жүргізудегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі қандай?

4 Павлодар облысында қандай экологиялық қоғамдық ұйымдар бар?


10 Экологиялық мониторинг бағдарламасындағы халықаралық әріптестік
Мақсаты: «Жер» планетасында қоршаған ортаны қорғау бойынша сұрақтарда халықаралық әріптестіктің рөлін бағалау, биосфераға халықаралық қоғамдастықтың қандай бақылау жүргізетін оқу және бұл сұрақтармен қандай ұйымдар айналысатының анықтау.

Негізгі стратегия қазіргі замаңғы жағдайда биосфераға ғаламдық антропогендік әсердің болмауы мүмкін емес және табиғатты шын мәнінде қорғау тек қана табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен осы облыста халықаралық әріптестік жүргізу кезінде ғана мүмкін. Әлемдік қоғамдастықтың мүлтіксіз табысы болып қоршаған ортаның мониторингі мен ғаламдық жүйені құру табылады. Бүкіл адамзаттың мүддесінде тірі табиғатты қорғау, осы облыста мемлекеттік басқаруды, заңнама мен бақылауды жетілдіру мақсатында құқықтық және әкімшілік байланыстарды тиімді қолдану мен дамыту үлкен мәнге ие.


Бақылау сұрақтары
1 Адамзаттың қауіпсіз өмір тіршілігіндегі халықаралық әріптестіктің рөлі.

2 Әлемдік қауымдастықтағы қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қандай ұйымдар шешеді?

3 Халықаралық қоғамдастық қоршаған ортаның жағдайына қандай бақылаулар мен зерттеулер жүргізіледі.

4 Қоршаған ортаның мониторингін жүргізуде бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның рөлі.

5 Бүкіләлемдік денсаулықты қорғау ұйымының мақсаттары мен тапсырмалары қандай?

6 Қоршаған орта мен халық денсаулығының сапасы мәселелерін қамтитын халықаралық конвенциялар мен келісім шарттар.



Әдебиеттер
1 Белов С. В. Охрана окружающей среды. – М. : Высшая школа, 1991. – 320 с.

2 Бурлибаев М. Ж., Волчек А. А. Гидрометрические измерения и гидрометрические расчеты для водохозяйственных целей. – Алматы, 2001. – 254 с.

3 Виноградов Б. В. Проблемы мониторинга окружающей среды. – Геодезия и картография, 1991. – № 4, 157 с.

4 «Временная методика расчета плановых показателей по охране атмосферного воздуха зерноперерабатывающих предприятий и элеваторов», «Министерство хлебопродуктов СССР». – М., 1989. – 43 с.

5 Газета «Экологический курьер». – 2007. – № 2.

6 Земельный кодекс РК. – Алматы, 2003. – 68 с.

7 Инструкция о порядке составления отчетов по охране воздушного бассейна по форме 2 –ТП (воздух) на предприятиях отрасли хлебопродуктов Республики Казахстан. Государственная акционерная компания «Астык». – Алматы, 1994. – 54 с.

8 Информационный экологический бюллютель Павлодарского территориального управления. – Павлодар, 2006. – 48 с.

9 Иванов Н.И., Фадин И.М. Инженерная экология и экологический менеджмент. – М. : Логос, 2004. – 520 с.

10 Мамыров Н.К. Экономика природопользования. – Алматы, 2003. – 459 с.

11 Никольская А.Н., Федорова А.И. Практикум по экологии и охране окружающей среды. – М. : ВЛАДОС, 2003. – 288 с.

12 Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – М. : Гранд, 2000. – 317 с.

13 Орлова В.В. Гидрометрия. – М. : Гидрометиздат, 1996. – 432с.

14 Руководство по контролю загрязнения атмосферы. – Ленинград : Гидрометиздат, 1979. – 448 с.

15 Салова Т.Ю., Громова Н.Ю. Основы экологии. – СПб.: Лань, 2004. – 331 с.

16 Сборник нормативных актов «Охрана окружающей среды». – Алматы : ЮРИСТ. 2005. – 220 с.

17 «Сборник методик по расчету выбросов в атмосферу загрязняющих веществ различными производствами». – Алматы, Минэкобиоресурсов, 1996. – 76 с.

18 Степановских А.С. Охрана окружающей среды. – М. : ЮНИТИ, 2001. – 315 с.

19 Тимонин Л.С. Инженерно-экологический справочник в 3-х томах. – М. : Высшая школа, 2003. – 289 с.

20 Тищенко Н.Ф. «Охрана атмосферного воздуха. Расчет содержания вредных веществ и их распределение в воздухе». Справочник. – М. : Химия, 1991. – 126 с.

21 Трушина Т.П.Экологические основы природопользования. – Ростов на Дону : Феникс, 2003. – 512 с.

22 Тулеубаев Б.А. Радиоэкологическая мониторинговая сеть водосборной площади бассейна реки Иртыш. Вестник КазНУ, серия географическая, – 2004. – № 4.



А қосымшасы

(анықтамалық)


Қазақстан Республикасы бойынша халық қоныстанған жердің ауасындағы жеке қоспалардың рұқсат етілген шекті концентрацияларының мәні


Қоспалардың атауы

РШК мәні, мг/м3

Қауіптілік класстары

Максималды бірлік

Ортатәуліктік

Көмірсутек тотығы

5,0

3

4

Азот тотығы

0,4

0,06

3

Азот диоксиді

0,085

0,04

2

Өлшенген заттар

0,5

0,15

3

Фенол

0,01

0,003

2

Формальдегид

0,035

0,003

2

Қорғасын

0,001

0,0003

1

Аммиак

0,2

0,04

4

Күкірт диоксиді

0,5

0,05

3

Күкіртсутегі

0,008

-

2

Хлор

0,1

0,03

2

Фтор сутегі

0,02

0,005

2

Озон

0,16

0,03

1

Хлор сутегі

0,2

0,1

2

Хром (IV)

-

0,0015

1

Б қосымшасы

(анықтамалық)


Атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы қалаларының басымдылықтары тізімі


Қала

АЛИ

Ауаның ластануына әсер ететін өнеркәсіптер салалары

2006 жыл


2007

жыл



2008 жыл


Алматы

12,1

12,6

13,3

Автокөлік, энергетика

Қараганды

10,7

7,5

7,6

энергетика, көмір шығарушы, автокөлік

Шымкент

10,7

11,2

11,9

түсті металлургия,

химиялық,



мұнай өңдеуші

Ақтөбе

9,7

9,5

8,5

қара металлургия, химическая

Теміртау

8,9

8,6

9,6

черная металлургия, химиялық

Өскемен

6,5

7,2

7,9

түсті металлургия, энергетика

Риддер

7,6

7,4

7,5

түсті металлургия, энергетика

Тараз

7,6

7,5

7,2

химиялық

Жезқазған

5,8

5,2

6,8

түсті металлургия, энергетика

Семей

4,0

4,6

4,2

энергетика, құрылыс материалдары

Глубокое ауылы

4,6

3,0

4,7

түсті металлургия

Ақтау

3,5

4,3

4,5

химиялық

Петропавловск

4,2

4,3

4,3

энергетика, аспап жасау

Астана

4,7

4,5

8,1

энергетика, автокөлік

Қостанай

2,9

3,1

3,2

энергетика

Балхаш

2,8

3,8

3,0

түсті металлургия, энергетика

Атырау

2,3

2,4

3,3

мұнай өңдеуші

Екібастұз

1,3

1,2

1,2

энергетика, көмір шығарушы

Павлодар

1,7

1,9

1,9

мұнай өңдеуші, энергетика

Орал

0,8

0,7

2,4

энергетика

Қалалар бойынша орташа

5,62

5,52

5,93




Б қосымшасының жалғасы
Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексінің қарқындылығы



В қосымшасы

(анықтамалық)


Жер бетіндегі суларды ластайтын заттардың РШК


Атаулары

Балық шаруашылығында суды пайдаланатын су қоймалары үшін РШК, мг/л

Шаруашылық – ауыз су және коммуналды - тұрмыстық суды пайдалану үшін РШК, мг/л

Қауіптілік классы

Хром (3+)

0,005

0,5

3

Темір (жалпы)

0,1

0,3

3

Цинк (2+)

0,01

1,0

3

Сынап

0,00001

0,0005

1

Кадмий

0,005

0,001

2

Мышьяк

0,05

0,05

2

Бор (3+)

0,017

0,5

2

Мыс (2+)

0,001

(табиғи фонға)



1,0

3

БПК5

3 мг Ог/л

3 мг Ог/л

4

Фенолдар

0,001

0,001

4

Мұнай өнімдері

0,05

0,3

4

Фторидтер

0,05 (0,75 жалпы құрамынан жоғары емес)

1,5

2

Нитридтер

0,08 (0,02 N бойынша)

3,3

2

Нитраттар

40,0 (9,1 N бойынша)

45,0

3

Тұзды аммоний

0,5









Мазмұны





Кіріспе

3

1

Экологиялық мониторинг

4

1.1

Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы

5

1.2

Павлодар облысы мен Павлодар қаласының экологиялық жағдайы

8

2

Атмосфералық ауа мониторингі

9

2.1

Атмосфераның ластануын қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру

9

2.2

Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу

10

3

Жер бетіндегі сулардың мониторингі

14

3.1

Қаланың суды қолдану мониторингінің бағдарламасын өңдеу

14

3.2

Судың органолептикалық бағасын анықтау бойынша тәжірибе жұмысы

16

4

Жер асты сулардың мониторингі

18

5

Жер ресурстарының мониторингі

19

5.1

Теоретикалық бөлімі

19

6

Қоршаған ортаның сапасын мөлшерлеу

20

6.1

Жер беті су қоймаларына рұқсат етілетін шекті тастауларды есептеу

20

6.2

Табиғи судың санитарлық жағдайын бағалау бойынша тапсырма

25

7

Шаруашылық әрекеттің әр түрлілігінде мониторингті ұйымдастырудың ерекшеліктері

26

7.1

Өндірістік мониторинг бағдарламасы

26

7.1.1

Өндірістің атмосфералық ауа мониторингі

27

7.1.2

Мониторинг водных ресурсов

27

7.1.3

Жер ресурстарының мониторингі

27

7.2

Мұнайды қайта өңдеуші зауыт пен ферроқорытпа зауытының мониторингі

28

8

«Зерно Прииртышья» ЖШС-нің қоршаған ортаға әсер етуін бағалау

28

8.1

Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған көздердің аспирация жүйесін есептеу

30

8.2

Сумен қамтамассыз етуді ұйымдастыру және жер ресурстарын қорғау

36

9

Қоғамдық мониторинг

40

10

Экологиялық мониторинг бағдарламасындағы халықаралық әріптестік

41




Қолданылған әдебиеттер тізімі

42




А қосымшасы - Қазақстан Республикасы бойынша халық қоныстанған жердің ауасындағы жеке қоспалардың рұқсат етілген шекті концентрацияларының мәні

44




Б қосымшасы - Атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы қалаларының басымдылықтары тізімі

45




Б қосымшасының жалғасы -Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексінің қарқындылығы

46




В қосымшасы - Жер бетіндегі суларды ластайтын заттардың РШК

47







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет