Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Ағызып құятын эстакадаларын ұстау тәртібі



бет9/22
Дата14.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#136063
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

5-тарау. Ағызып құятын эстакадаларын ұстау тәртібі
      849. Ағызып құятын эстакадалар мұнайға төзімді шлангілермен немесе ұзындығы оларды вагон-цистерналарының түбіне дейін түсіруді қамтамасыз ететін құбырлармен жабдықталады. Шлангілерде статикалық электрдің жиналуына жол берілмейді.
      850. Ағызып құятын құрылғылары тура орналасқан, темір жол арқылы мұнай және мұнай өнімдері локомотивтерін ағызып құюмен байланысты емес қозғалысқа жол берілмейді.
      Қозғалыс тек ұшқын тудырмайтын, айналыс темір жолдарымен ғана жол беріледі.
      851. Көлік құралдарын ағызып құюға жеткізуге тек төгіліп қалған  ұйықтықтардан алаңшалар мен темір жолдарын ұқыпты түрде тазартқаннан кейін ғана жол беріледі.
      852. Мұнай және мұнай өнімдерін құятын ағызып құю операциялары кезінде, сондай-ақ вагон-цистерналарын асырып құюға немесе сыртына төгуге жол берілмейді.
      853. Құю аяқталғаннан кейін құю тік бағанасының құю шлангын ішінен сұйықтық толық ағып кеткеннен соң цистернаның люк мойнынан көтереді.
      Сұйықтық деңгейі өлшенгеннен кейін цистернаның люк қақпағы герметикалық (төсемдерге) жабылады. Қақпақ соғылмай, ақырын жабылады.
      854. Ағызып құю операцияларын найзағай кезінде жүргізуге жол берілмейді.
      855. Вагон-цистернаға құю кезінде ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құюды тоқтату қажет. Ағуды жою мүмкіндігі болмағанда цистерна мұнайдан немесе мұнай өнімдерінен босатылады және жіберу станциясына қайтарылады.
6-бөлім. Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
      856. Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерінде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берілмейді. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгілері орнатылады.
      857. Жарылыс және өрт қауіпті цехтер аумағына кіру және автомашина, трактор, көтергіш көлік және құрылыс механизмдерін орнатуға тек осы цехтердің, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауіпсіздік шаралары көрсетілген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол беріледі.
      858. Жарылыс қауіпі және газ қауіпті жерлерде темірмен тағаланған аяқ киіммен жұмыс істеуге жол берілмейді.
      859. Доңғалақтармен жүретін, А және Б санатты жарылыс қауіпі цехтерде орналасқан көлік арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемі қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көміледі.
      860. Өрт кезінде өнеркәсіптік канализация желісі бойынша оттың таралуына жол бермеу үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемінде 0,25 метр биіктікте болуы тиіс.
      861. Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөліктерінде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етеді.
      862. Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берілмейді.
      863. Өртену және жарылу қауіпі бар өнімдерді канализация жүйесіне шығаруға жол берілмейді. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.
      864. Канализацияға шығарғанда өндірістік ағын сулардың температурасы 400C аспауы тиіс. Жалпы ағын температурасы 350C аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндірістік ағын суларын шығаруға жол беріледі.
      865. Жарылыс қауіпі өндірістік үй-жайларда орнатылған желдеткіш жүйелерінің металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.
      866. Желдеткіші бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берілмейді.
      867. Жанғыш және жарылыс қаупті газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      868. Авариялық механикалық желдеткішті іске қосу газ талдағыш тетігі әсерінен автоматты түрде болуы тиіс, бұдан басқа, өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
      869. Авариялық механикалық желдеткішті газ талдағыш тетіктердің әсерімен автоматты іске қосу қамтамасыз етіледі және бұдан басқа өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
      870. Өндірістік үй-жайда өрт шыққан жағдайда ішіндегі желдеткіш жүйелері сөндіріледі.
      871.  Өрт, жарылыс қауіпті өндірістері бар үй-жайларды жылыту үшін ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольді жылу тасығыш ретінде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.
      872. Өрт шыққанда және оның таралу қауіпі болғанда ауамен жылыту жүйелері дереу сөндіріледі.
      873. Ауамен жылытуды үйлестіру желдеткішімен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.
      874. Темір жол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге қосылған болуы тиіс. Құю-ағызу фронттары шегінде темір жол рельстері бір-бірімен темір электр арқылы қосылуы және электр тарту желісін жерге қосуға қатысы жоқ жерге қосу құрылғысына қосылады.
      875. Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиіс. Жерге қосу өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы метр иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші қолданылады.
      876. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангілерінің металл ұштықтары мен тез көтергіш құрылғылары шлангінің сыртына немесе ішіне оралған, иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткізгішінің бір шетін өнім өткізгішінің металл бөлшектеріне жалғайды. Ашық әдіспен құю ұштықтары ұшқын қауіпсіз материалдардан жасалған шлангілермен жүзеге асырылады.
      877. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді.
2-тарау. Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі
      878. Фланецті қосулардың саңылауы арқылы өнімге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
      879. Ағып түсетін өнімнің тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газын жіберіледі және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.
      880. Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттері өртенбейтін материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.
      881. Ішін тексеру, тазарту және жөндеу үшін ашуға жататын аппараттар өнімдерден босатылып, іске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндірілуі, инерт газымен булануы немесе үрленуі және желдетілуі тиіс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудің ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттілігі жеке, кез келген жағдайға арналған өндірістік нұсқаулықтарымен белгіленеді.
      882. Ыстық өнімді мұздатқыш арқылы өткізбей сынама іріктеу шүмектерін пайдалануға жол берілмейді. Бұру түтіктері және мұздатқыштың түтіктері жарамды жағдайда ұсталады.
      883. Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берілмейді.
      884. Өндірістік үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкін жұмыстарды жүргізуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берілмейді.
      885. Іске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексеріледі, автоматты көрсеткіштер немесе температура мен қысымды реттегіштер, сұйықтық деңгейін өлшегіштердің дұрыстығы тексеріледі.
      886. Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештерді өрт сөндіру бөліміне бүркеуді қосқанда дабыл беретін, бу немесе инерт газының бүркеуін тудыратын құрылғылармен жабдықталады.
      887. Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәріздес отынның жеткізілуі тоқтағанда немесе қысымы белгіленген нормалардан төмендегенде іске қосылатын дабылмен жабдықталады.
      888. Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берілмейді.
      889. Пештің ішінде болуы ықтимал тұтануларды сөндіруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейін беріледі.
      890. Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнімді төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айыру белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реті нұсқаулықта қарастырылады.
      891. Пештен ыстық сұйықтықты түсіруге арналған авариялық ыдыс үнемі бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсірер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы беріледі.
      892. Құбырларда үрлеме мен тесіктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етілген шегін асырғанда пешті пайдалануға жол берілмейді. Құбырлар күйіп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пешті пайдалану дереу тоқтатылады.
      893. Пеш аумағының газдану қауіпі төнгенде дереу бу өшіру жүйесін өшіріп, пештің форсункаларын сөндіріп, өртке қарсы қызметі шақырылады.
      894. Қос көзді тетіктері бұзылған құбырлы пештерді пайдалануға жол берілмейді.
      895. Қос көзді тетіктердің тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткенде ғана тартуға болады.
      896. Құбырлы пештердегі қос көзді тетік шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есіктерінің болуы байқалады.
      897. Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсіптік канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты беті болуы тиіс. Алаңша жанғыш өнімдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі.
      898. Құбыр кеңістігінде сияқты, құбыр арасындағы кеңістікте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
      899. Ауамен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткіштерді қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.
      900. Колонна аппараттарының люктерін жоғарғысынан бастап ашу қажет.
      901. Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын іске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкін. Автоматты түрде іске қосқанда қосарлы қолмен іске қосу қарастырылады.
3-тарау. Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі
      902. Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгілеумен және өнімнің қозғалыс бағытымен қамтамасыз етіледі.
      903. Газ құбыры, өнім құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгілері қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнінде шаралар қолданылады.
      904. Газдың немесе мұнайдың кемуі бар құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметі мен газдан қорғау қызметін шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнінде шаралар қабылданады.
      905. Құбыр жолдарында тұйық учаскелердің болуына жол берілмейді.
      906. Жарылу өртену қауіпі бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
4-тарау. Құйып ағызатын темір жол эстакадаларын ұстау тәртібі
      907. Темір жол цистерналарын ағызып құю үшін ақырын, жұлқымай және соқпай шығарылады.
      908. Темір жол цистерналарын құйып ағызуға шығарғанда екі бос немесе жанғыш емес жүктері бар вагондармен (платформалармен) жабылады.
      909. Құйып ағызу құрылғыларының аумағында темір жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға жол берілмейді.
      910. Осы мақсатта тек ағаштан жасалған немесе соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған төсемдер қолданылады.
      911. Темір жол цистерналарын іріктеу, оларды тіркеу және тіркеуден ажырату өнімді құйып ағызу бекеттерінен тыс жүргізіледі.
      912. Құю, ағызу эстакадасының, құйып ағызуға арналған жеке тіреуіштерінің екі жағынан, бір төрт білікті вагон қашықтығында, құрамды құйып толтыруға жеткізгенде арғы жағына локомотивтердің өтуіне тыйым салатын дабыл бақылау бағандары орнатылады.
      913. Темір жол цистерналарына құйып ағызу операциялары локомотивті эстакада аумағынан кемінде 100 метр қашықтыққа алып кеткеннен кейін жүргізіледі.
      914. Жанғыш заттары бар цистерналарға шлангілерді және басқа да құралдарды қосқанда цистерна люктерінің қақпақтарын жапқанда соғуға болмайды. Құйып ағызу операциялары кезінде соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған құрал қолданылады.
      915. Сұйытылған көмірсутекті газдарды құю және ағызу үшін ұлттық стандартқа сәйкес резина матадан жасалған жеңдер қолданылады. Тұрақты құбыр жолдарын құрастыру үшін резина матадан жасалған жеңдерді қолдануға жол берілмейді.
      Ескерту. 915-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      916. Құйып ағызу операциялары кезінде цистерналарды асырып толтыруға болмайды.
      917. Эстакаданың орауында табылған ағу дереу жойылады. Ағуды жою қиынға түскен жағдайда сол ағу байқалған тіреушіктер ажыратылады. Құю үстінде цистернада ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құю дереу тоқтатылуы қажет. Ағу көп болғанда немесе оны қысқа мерзімде тоқтату мүмкіндігі болмаған жағдайда цистерна құйылған өнімнен дереу босатылады. Құйып ағызу эстакадасы аумағында цистерналарды жөндеуге жол берілмейді.
      918. Тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарға және сұйытылған жанғыш газдарға арналған құйып ағызу құрылғылары бөлек ұсталады.
      919. Өнімді құю немесе ағызу жүргізілмеген кезеңде цистерналарды эстакадалардың құбыр жолдарына қосылған түрде ұстауға жол берілмейді.
      920. Құйып ағызу құрылғылары тікелей орналасқан темір жолдардың бойымен локомотивтердің қозғалуына жол берілмейді.
      921. Құйып ағызу операцияларын жүргізгенде темір жол эстакадаларынан 100 метр радиуста от жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      922. Темір жол құйып ағызу эстакадасы тізімдеме бойынша алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
      923. Құйып ағызу эстакадасы шегінде темір жол эстакадалары мен эстакаданың металл құрылыстарын тұрақты орнатылған лафетті оқпандарынан жеткізілетін сумен суландыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
      924. Құйып ағызу эстакадасының қайырмалы шағын өткелдері жасырын болттары бар ағаш жастықтармен жабдықталады.
      925. Эстакадаларды жарықтандыруды жарылыстан қорғалып орындалған тұрақты етіп қарастырылады.
      926. Құю ағызу операциялары кезінде жергілікті жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалып орындалған түрдегі аккумуляторлы шамдар қолданылады.
5-тарау. Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі
      927. Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерін бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемі жарамды күйде ұсталады.
      928. Сұйықтықтың деңгейін бақылап тұру үшін сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейін бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейін компрессордың қабылдауына оның түсуіне жол берілмейді.
      929. Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемі тексеріледі. Газдың кемуі байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс істеп тұрған компрессорда газдың кемуін жоюға жол берілмейді.
      930. Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгінділер мен күйіктерден үнемі тазартылады.
      931. Жарық беру құрылғылары жұмыс істеген немесе электр энергиясын авариялық сөндіру кезінде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.
      932. Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупі төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсіріп, авария орнына газ жеткізу тоқтатылады.
      933. Жалпы сыйымдылығы үш тәуліктік қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетімен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.
      934. Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткіш құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
      935. Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелері компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауіпсіз жерлердегі басқару пульттерінде орналастырылуы тиіс.
      936. Газ моторының тұтандырғыш білтесінің түйісуінде ұшқыны бар компрессордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
      937. Компрессор ішінде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берілмейді.
      938. Компрессорды іске қосқанда пайдаланылған өнімді шығару жүйесінде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшін пайдаланылған өнімді шығару жүйесін қысылған ауамен үрлегеннен кейін магнетоны қосу және отын газы жеткізіледі.
      939. Өрт, жарылыс қауіпті өнімдерді айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бір рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.
      940. Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнімді үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнімді құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.
      941. Сорғыштармен жұмыс істегенде үйкелетін бөлшектерін, сондай-ақ сорғыштардың мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасы үнемі бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.
6-тарау. Алау шаруашылығын пайдалану тәртібі
      942. Алау қашықтықтан жағылады.
      943. Барлық қолданыстағы алаулар кезекші оттықтармен қамтамасыз етіледі.
      944. Алаудың айналасындағы аумақ кемінде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгілерімен көрсетіледі.
      945. Алау аумағының қоршалу шегінде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берілмейді.
      946. Алау құбырына кіргізер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жететін от бөгеушілер орнатылады.
      947. Магистралдық алау құбыры жолында шырақтың оқпанынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор қарастырылады. Алау құбыр жолының сепаратор жағына қарай еңкіш болуы қамтамасыз етіледі.
      948. Жалпы алау жүйесіне:
      1) жабдықты үрлегеннен кейін құрамында төменгі тұтану шегінен 50%-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инерт газын;
      2) аппараттар мен құбыр жолдарынан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инерт газын;
      3) шіруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейім және алау газ құбырының өткізу қабілеттілігін шектеуге қабілетті өнімдерді бұруға жол берілмейді.
7-бөлім. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
      949. Газ және бу ауасы жарылыс қауіпті қосылымдарды түзуге қабілетті заттар мен материалдар қолданылатын, өндірілетін немесе сақталатын өндірістік және қойма үй-жайларында ауа ортасының жай-күйін бақылау үшін автоматты газ талдағыштар орнатылады. Сериямен шығарылатын газ талдағыштар болмаған жағдайда ауа ортасын мерзім сайын зертханалық талдау жүзеге асырылады.
      950. Жабдықтан қалдықтарды пневматикалық, механикалық немесе осы операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өндірістік үй-жайға тозаңның бөлінуі болдырмайтын өзге де құрылғылармен шығарылады.
      951. Автономды сорғыш желдеткіші және (немесе) қалдықтардың пневмокөлігі бар жабдықтың электр схемасында жабдықтың жұмыс органдарын 2-5 секунд іске қосуға қатысты осы жүйелерді іске қосуды автоматты түрде ілгерілейді және 25-30 секунд уақыт шамасында жұмыс органдары тоқтағаннан кейін оларды автоматты түрде ажыратылады.
      952. Кәсіпорын аумақтары мен өндірістік алаңдар күн сайын жанғыш қоқыс пен қалдықтардан тазартылады. Кәсіпорын аумағында жанғыш қалдықтарды, кесінділерді, қырқындыларды, талшықтарды, торларды, тозаңдарды ашық әдіспен сақтауға жол берілмейді. Оларды жинау үшін бір-бірінен 100 метрге аспайтын қашықтықта қақпақтары бар металл жәшіктер орнатылады. Қалдықтар арнайы жабдықталған автомобильдер мен тозаңдануды болдырмайтын ыдыстар пайдалана отырып жүйелі түрде шығарылады. Брезентпен жабылмаған талшықты материалдарды тасымалдауға жол берілмейді.
      953. Жазғы уақытта ғимараттар мен құрылыстарға іргелес алаңдар мен өртке қарсы аралықтар шөптерден мерзімді түрде тазартылуы тиіс. Шабылған шөп кәсіпорын аумағында кептіруге және маялауға (арнайы бөлінген орындардан басқа) жол берілмейді.
      954. Шикізатты, жабдықты және өзге материалдарды ғимараттарға тікелей жақын сақтауға жол берілмейді.
      955. Қажет болғанда шикізатты, жабдықты және материалдарды арнайы жабдықталған ашық алаңдарда немесе шатырлар астында сақтау алаңдары мен ғимараттардың, құрылыстардың арасындағы аралықтарды сақтаған жағдайда сақтауға болады. Жанбайтын материалдардан жасалған, ауданы 1200 м2 дейінгі бөлек тұрған шатырларды салуға болады.
      956. Аумақтарды көгалдандыру үшін гүлденген кезде ұлпа, талшықты заттар мен салбыраған тұқым бөлетін ағаштарды отырғызуға, сондай-ақ оларды өртке қарсы аралықтарға отырғызуға жол берілмейді.
      957. Барлық өндірістік үй-жайлар үнемі таза ұсталуы және шикізатпен, дайын өніммен және жабдықпен асыра толтырылмауы тиіс. Сақталатын шикізат пен дайын өнім мөлшері өнімнің ауысымдық қажеттілігінен (тәулік бойы өндіріс үдерісінде – тәуліктік) аспауы тиіс.
      958. Өндірістік және әкімшілік ғимараттардың жертөле үй-жайлары мен цоколдық қабаттарында жарылыс қауіпті заттарды, газ баллондарын, целлулоидтарды, тез жанғыш киноүлдірді, пластмассаларды лактарды, сырларды, өрт қауіптілігі жоғары (Г4, В4, Д4, Т3, Т4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды,, химикаттарды, полимерлік және өзге де материалдарды қолдануға және сақтауға жол берілмейді. Оларды орналастыру үшін жергілікті мемлекеттік өрт бақылау органдарымен келісілген арнайы үй-жай (орын) бөлінеді.
      959. Арнайы киім уақытылы жуылуы және жөнделуі қажет. Кәсіпорын әкімшілігі әрбір цех (өндірістік операция) үшін майланған арнайы киімді сақтау мен жаңасына ауыстырудың нақты тәртібін (жуу, майын кетіру, жөндеу мерзімділігін) белгілейді.
      960. Цех қоймалары үшін ТТС, ЖС, химикаттарды бір мезгілде сақтаудың ең жоғарғы шекті саны белгіленеді. Заттарды сақтаудың нормалары көрсетілген тақтайшалар көрінетін жерлерде, қоймалардың жанында ілінеді.
      961. Өндірісте қолданылатын жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар саны ауысымдық қажеттіліктен аспайтын (үш ауысымдық жұмыс режимінде – тәуліктік) герметикалы жабылған металл ыдыста сақталады.
2-тарау. Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі
      962. Кәсіпорындарда негізгі цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелері әзірленеді.
      963. Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикізатты алғаш қайта өңдейтін цехтерде – ауысымда кемінде бір рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткізгіштері, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлік, дренчерлік, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның ішінде жабындар аптасына кемінде бір рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның ішінде сығылған ауамен үрлеуді) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсіпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргізу үшін жауаптылар тағайындалады.
      964. Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады.
      965. Технологиялық жабдықтың барлық жіктері мен қосқыштары сенімді тығыздалады, бұл ретте өндірістік және қойма үй-жайларындағы ауа өткізгіштердің жіктері мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.
      966. Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгіштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.
      967. Жабдық сүзгіштерінің жанатын материалы мерзім сайын, бірақ жылына бір реттен жиі емес оттан қорғау құрамымен өңделеді.
      968. Зығыр түткіш, иіру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтерінің жұмыс істейтін үй-жайларында тозаң қосылымы шекті мөлшерден ауына жол берілмейді.
      969. Рециркуляциялау кезінде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиісті сүзгіштерде екі сатылы тазартылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет