Орталық генезді аменореяның диагностикалық критерийлері



Дата28.05.2023
өлшемі15.47 Kb.
#474432
101 амб гин


1

Орталық генезді аменореяның диагностикалық критерийлері



Диагностикалық критерийлерді бағалағаннан кейін аденомиозды жатыр миомасымен салыстырыңыз.



Науқас Н., 24 жаста, акушер-гинеколог дәрігеріне ақ бөлінді мен қатынастық қанды бөліну шағымымен қаралды. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Менструальды қызметі бұзылмаған. Жыныстық қатынас 23 жаста некелік өмірінде басталған, жүктіліктен қорғанбайды. 8 ай бойы жүктілік болмаған. Гинекологиялық аурулары жоқ. 3 ай бұрын бөлінді мен қатынастық қанды бөліну пайда болған кезде ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ағзаларында патология жоқ. Жатыр мойнын айнамен қарағанда - сыртқы ернеу айналасындағы сілемейлі қабаты ашық қызыл түсті, дәнді, іріңді сілемейлі бөлінділермен жабылған, өлшемі 2x2 см. Қынаптық тексеруде - пальпацияда жатыр мойнының қалыпты консистенциялы, сыртқы ернеу жабық. Жатыр мен қосалқыларында ешқандай ерекшеліктер жоқ. Бөлінді - қан аралас. Диагноз қойғаннан кейін жүргізу амалын жоспарлаңыз.



2

Гинекологиялық науқастарды аспапты тексеру әдістерін талдаңыз



Дәрі-дәрмекпен емдеу көрсеткіштерін бағалағаннан кейін эндометриялық гиперплазияға арналған препараттардың тізімін анықтаңыз



Пациент Б., 29 жаста әйелдер консультациясының дәрігеріне жыныс жолдарынан сұр түсті бөліністерге, жиі жағымсыз «балық» иісті, әсіресе жыныстық қатынастан кейін немесе етеккір кезінде келетін бөлінділерге, жыныс мүшелерінің күйдіру және қышыну сезіміне, дизуриялық бұзылуларға шағымданып келді. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты кішкене гиперемияланған, бөлінділер сұр түсті, жағымсыз иіспен. Бимануалды зерттеуде: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеу жабық. Жатыры дұрыс қалыпта, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Қосалқылар екі жақтан анықталмайды. Күмбездері бос, ауру сезімсіз. Диагноз қойғаннан кейін жүргізу амалын жоспарлаңыз.



3

Аномальды жатырдан қан кетуді емдеу принциптері



Эндометриялық гиперплазия. Хирургиялық араласуға көрсеткіштері. Түрлері мен енгізу шарттары.



Науқас 34 жаста, іштің төменгі жағының сыздап ауыруымен шағымданып, емхана акушер гинекологына қаралды. Анамнезінде: менструация 14 жастан, 4-5 күннен, соңғы 2 жылда - ауырсынумен ерекшеленеді, орташа, жүйелі түрде. 3 жылдан бері тұрмыста, жүктіліктен сақтанбайды, балалары жоқ. Бедеулік бойынша тексерілмеген. Бір жыл ағымында менструация алдында және менструация кезінде күшейген іштің төменгі жағының ауыруы мазалайды. Екі қолмен тексергенде: жатыр денесі мен оң жақ қосалқы ерекшеліксіз. Жатырдан солға және артқа қарай диаметрі 5 см-ге жететін құрылым анықталды, тығыздығы эластикалық, қозғалмайды, айналасындағы тіндермен біріккен, пальпацияда ауырады. УДЗ зерттеу мәліметтері: сол жақ аналық без аймағындағы құрылым: пішіні анық емес, қабықшасы қалыңдаған, бір камералы, өлшемі 5-6 см-ге жетеді. Диагноз қойғаннан кейін жүргізу амалын жоспарлаңыз.



4

Аралық пен қынаптың қабыну ауруларының диагностикалық критерийлері



Интегралдық Куперман индексі. Анықтау, есептеу.



38 жастағы пациент етеккірінің тоқтауына байланысты дәрігерге қаралды. Соңғы етеккірі 1,5 жыл бұрын келген. Сонымен бірге құйылулар күніне 15 рет мазалайды және түнде нашар ұйықтайды, тершеңдік болады. Етеккірі 13 жастан, ретті болған, орташа мөлшерде, ауру сезімсіз 36 жасқа дейін келген. Некеде тұрады, 5 рет жүкті болған, соның ішінде 2 рет мерзімді босанған, 3 рет медициналық түсік жасатқан. Жүктілік пен түсік ерекшеліксіз өткен. Объективті: дені сау, бойы 160 см, салмағы 62 кг, сүт бездері жұмсақ, патологиясыз. Гинекологиялық тексеруде патологиялық өзгерістер жоқ. Диагноз қойғаннан кейін жүргізу амалын жоспарлаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет