Терінің физиологиялық функциялары



Дата20.11.2022
өлшемі18.03 Kb.
#465267
DOC-20221118-WA0037.


Терінің физиологиялық функциялары 
• Қорғаныштық: 
механикалық – қысымға, созылуға, соғылуға және т.б. қарсы тұру; 
күн сәулесінің
зақымдау әсерінен қорғау;
 терінің электрлік токқа қарсы тұруы;
химиялық және инфекциялық агентердің енуіне қарсы әсері; 
• Рецепторлық
орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) беріліп, сезімге 
айналатын қоршаған ортаның әсерін қабылдайтын кең 
рецеторлық аймақпен қамтамасыз етіледі.
• Терморегуляциялық 
– жылу өндіру мен жылу беру арасында-
ғы балансты сақтайды. 
• Секроторлық 
функциясын, эндокриндік және нерв жүйесімен 
реттелетін тер және май бездері қамтамасыз етеді.
• Экскеторлы 
секроторлы функциясымен байланысты; дерма 
тері қосымшалары арқылы іске асады. 
• Заттек алмасу 
алмасудың улы өнімдерін ұстап қалады. Терінің 
құрамындағы ферменттер ақуыз, майлардың, көмірсулардың
катаболизмін іске асырады.
• Тыныстық 
– тері арқылы 20 % оттегі қанға түсіп, көмірқышқыл 
газы шығарылады.
• Эндокриндік 
– тері, метаболиттері стреоидтарға ұқсас әсер 
ететін холекальциферол (витамин D2) гормонын түзеді. 
Иммундық 
– теріде барлық түрлі иммунокомпетентті және фагоцитарлы жасушалардың қасиеті бар, барлық белгілі 
лимфокиндер және цитокиндер түзеді. Тері шеткі, бірақ өте 
маңызды иммундық мүше болып келеді, ал эпидермис тимустың функциялық және морфологиялық аналогыболып  
келеді.

2. Терінің негізгі қызметі. 
Тері ағзаның күрделі физиологиялық қызметтер кешенін 
атқаратын сыртқы жамылғысы. Ол белсенді түрде су, минерал, 
май, көмірсу, дәрумен, энергетикалық сияқты зат алмасу 
процесстеріне қатысады. Тері көмірсу, токсиндер, айналыстағы 
иммундық кешендер, антиген мен антидене және басқа да жалпы 
және тіндік зат алмасу өнімдерінің жинақталған улкен қоры. Тері 
ағзаның барлық өмірлік маңызды процестеріне қатыса отырып
мынадай арнайы қызметтерді атқарады: иммундық, қорғаныш, 
секреторлық, рецепторлық және т.б. 
Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын - емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді. Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.

Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.

Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек болады. Теріде болатын ерекше жасушалар күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин) бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.

Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Шаш, түктер, тырнақ - эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер - шаш деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі - сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен қантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк қалтасына майлы бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді), теріні майлап тұрады.

Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады

Іріңді кеселдер немесе пиодермиялар – терінің жұқпалы қабынулы дерттерінің тобы. Пиодермияны көбіне стафилокктар мен стрептококктар шақырады. Сау теріде бұл бактериялар ешқандай ауру тудырмай тіршілік ете алады. Бірақ белгілі бір жағдайларда: түрлі микрожарақаттарда, тері қышуымен бірге жүретін дерматоздарда (қышыма, есекжем), тері ластанғанда, иммунитет төмендегенде, созылмалы кеселдерде, тер құрамы өзгеріп және оның бөліністері артқанда (майлы тері) бактериялар өзін білдіреді.
Пиодермия бірнеше түрде өтеді. Фолликулит – бұл шаш фолликулаларының қабынуы. Терінің бетінде іріңдіктер мен папулалар пайда болады. Егер ол емделмесе фурункулға өтеді, ол тығыз, қатты ауыратын буылтық. Буылтықтың ортасында «іріңді өзек» болады. Бірнеше фурункул бір-бірімен қосылса, бұл енді карбункул деп аталады. Ол кейде дене қызуының жоғарылауымен және жалпы хәлдің нашарлауымен бірге жүреді. Тіндердің шектеулі қабынуы туындағанда – абсцесс пайда болады. Ол шұғыл хирургиялық араласуды талап етеді.
Гидраденит – тер бездерінің қабынуы. Импетиго мен эктиманы стафилокктар мен стрептококктар тудырады. Импетиго – бұл көпіршік, одан соң жалақ (эрозия), кейінірек қабыршақ түзілуімен сипатталатын беткейлі зақымдану. Ал эктима тереңірек, ойық жара мен оған тығыз орналасқан қабыршақ бар зақымдану. Безеулік кесел болса бұл май бездерінің қабынуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет