Зертханалық жұмыс №6
Метилен көктің элодеи торларында қорлануы.Заттар және құрал-жабдықтар: 1) элодеидің жапырағы, ұзындығы 10 см-дей; 2) метилен көктің ерітіндісі 1:50000 (20 мг 1 л су үшін); 3) 1 М KNO3 ерітіндісі капельницада; 4) пинцет; 5) пробиркалармен штатив (2 дана); 6) микроскоп; 7) заттық және жапқыш шыны; 8) фильтрлі қағаз.
Жұмыс барысы: Метилен көктің ерітіндісімен екі шыны түтікті толтыру. Бір пробиркаға 2-3 элодеидің жапырағын салу, екіншісін бағалау үшін қалдыру керек. 2-3 сағаттан кейін (немесе 1 тәулік соң) бақылауға қалдырыған элодеяны күшейте түскен өзгертуін салыстыру (жарықта көру). 1 М KNO3 ерітіндінің тамшысы бар заттық шыныға 1-2 қарқынды боялған жапырақтарды салып, жапқыш шынымен жауып, 15-20 минуттан кейін микроскопта бақылау. Плазмолизденген жасушаның суретін салу.
Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Тірі жасушаның қызыл бейтарап бояумен бояу
Құрал жабдықтар:1)Пияздың пиязшығы, әртүрлі өсімдіктердің жапырақтары; 2) Тамызғышта 0,02%-тік қызыл нейтральды ерітіңдісі; 3) 1М тамызғышта 3 KNO3 ерітіңдісі; 4)скальпель; 5)лезвия бритвасы; 6) препаральдік ине; 7)микроскоп;8)заттық және жабынды шыны; 9)шыны таяқша; 10) стақан сумен; 11)фильтірлі қағаз; 12)түрлі түсті қарындаш.
Жұмыс барысы: 2-3 жай пиязшықтың кескіні немесе әртүрлі өсімдіктің жапырағы және қызыл нейтральді дайындап, жабынды шынымен жаппай (таза ауада тез боялады). 10-15мин-тан кейін (одан көп емес) фильтірлі қағазбен сорып алып, кескінге бір тамшы су тамызып, микроскоп арқылы қарау.Суды ауыстырып, 1М KNO3 ерітіңдісі арқылы микроскоппен үлкейтіп қарау.Плазмолиз жасушасының суретін салып алу. Қай бөлігі боялғанын анықтау.
Қорытынды жазу.
Зертханалық жұмыс № 9
Тақырыбы:Мочевинаға әр жастағы жасушалардың өткізгіштігі.
Керекті құрал-жабдықтар:
1.Элодей жапырағы; 2.1М мочевина ерітіндісі; 3.капельница; 4заттық және жапқыш шыны ; 5.пинцет; 6.препаровальдық ине; 7. фильтірлік қағаздың қиығы; 8. вазелин.
Жұмыс барысы:
1М мочевина ерітіндісінің 1-үлкен тамшысын заттық шыныға тамзамыз және оған өсуін тоқтатпаған элодей жапырағын салып сағатты белгілеу. Препаратты жапқыш шынымен жауып, микроскоп арқылы байқау. Төменгі және жоғары жапырақ бөліктеріндегі дөңес плазмолиздің пайда болу жылдамдығының әр түрлілігін байқау.
15-20 мин бойы байқауды жалғастыру. Мочевина ерітіндісінің құрғап кетпеу үшін жапқыш шыныға жаңа тамшыларды тамызамыз.Жапырақтардың әр түрлі зоналарының жасушасында диплозмолиздің пайда болу уақытын белгілеу.
Қорытынды: Сұрақтарға жауап беру.
1.Плазмолиздің пайда болуының себебін түсіндіру.
2.Әр түрлі жапырақ зоналарының жасушаларында диплазмолиздің түрлі жылдамдығын түсіндіру.
3.Цитоплазманың тұтқырлығы және өткізгіштігі арасында байланыс бар ма?
8.Өздік жұмыстардың тапсырмалары
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
1. Фотосинтез - биоэнергетиканың негізі.
2. Жарық энергиясының өсімдіктердегі органикалық заттар энергиясына өзгеруі.
-
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.
-
Жоғары сатыдағы өсімдіктер онтогенезінің кезеңдері.
-
Өсімдіктердің өсуіне сыртқы орта факторларының әсері.
-
Тамыр қысымы.
7.Транспирация—су ағынының жоғарғы жылжытқышы екендігі.
8.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су режимінің ерекшеліктері.
9.Минералдық элементтердің өсімдіктерде кездесу мелшері.
10.Азот. Биосферадағы азоттың айналысы. Азоттың өсімдіктер үшін тиімді түрлері. Ауадағы азотты фиксациялау (бекіту).
11 .Өсімдіктердің реттеуші жүйелері.
12.Жарық энергиясын таңдап, сіңіруі және оның біртіндеп электрлік, химиялық және биологиялық энергияларға (макроэнергиялық байланыстарға) айналуы.
13.Аммиакты ассимиляциялау жолдары.
14.Хлоропластар пигменттері фоторецепторлар екендігі. Олардың химиялық табиғаты мен фотоактивтілігі арасындағы байланыстылық.
15.Биологиялық мембраналар және олардың атқаратын қызметтері.
161.Өсімдіктердің тыныс алуы жөніндегі А.Н.Бах пен В.И.Палладиннің теориялары.
17.Өсімдіктер қимылы. Өсімдіктер қозғалысының түрлері.
18.Өсімдіктердің қорғану тетіктері (механизмдері). Өсімдіктердің төменгі қолайсыз температураларға төзімділігі.
19.Өсімдіктер клеткасының түрлі иондарды сіңіру тетіктері (механизмдері).
20.Микроэлементтер (марганец, бор, молибден, кобальт, мыс және т.б.)
21.Фосфор. Өсімдіктер үшін тиімді фосфордың түрлері.
22.Эукариоттар фотосинтездік системасының пигменттері. Хлорофилдер, каротиноидтер, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері.
23. Хлорфилл молекуласы агрегациясындағы (топтасуы) магний атомының орны мен оның спектрдың қызыл сәулесін сіңірудегі маңызы
24.Өсімдіктер клеткасыңың субклеткалық құрылымдары.
25.М.С.Цветтің хроматографиялық әдісімен бвлініп алынған а мен б хлорофилдері.
26.Күкірт. Биосферадағы күкірттің айналымы. Күкірттің өсімдіктер үшін тиімді түрлері.
27.Фотосинтездің фотохимиялық фазасы.
28.Өсімдіктердің қалпына келу (регенерация) жолдары.
29.Ауруларға қарсы өсімдіктер төзімділігі
30.Судың осмостық турде сіңірінуі.
31.Гликолиз.
32.Фотосинтез экологиясы.
33.Ди- және трикарбон қышқылдарының циклы (Кребс циклы).
34.Тотығу аркылы фосфорилдену. Митчелл теориясы.
35.Фотосинтездің - С3 және С4 жолдары.
36.Ксилемалық транспорт. Ксилемді шырынның құрамы. Флоэмалық транспорттың тетігі (механизмі).
37.Тропизмдер.
38.Жасыл өсімдіктің космостық рөлі.
39.Реттеудің гормондық системасы.
40.Фотосинтездің екі фазасы.
41.Глюкоза тотығуының пентозофосфатшқ жолы.
42.Қанттың тікелей тотығуы.
43.Су потенциалы.
44.Мембрандық потенциалдың - электрлік және химиялық компоненттері.
45.Әртүрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің осмостық потенциалын өлшеу әдістері.
Әдебиеттер: [5],[8], [13].
Әрбір тақырыпқа арналған СӨЖ жұмыстары
Реферат жазу
Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау
Рефератты орындау үшін материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде 10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4 өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20 мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында нүктесіз қойылады.
Рефераттың аттестациясы.
Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:
1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі
2. Ғылым әдебиетті қамту
3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі
4. Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау
10. СӨЖМ консультация графигі (СӨЖМ СӨЖ-ден 25% құрайды)
Барлық сұрақтарға консультациялар ағымды семестрге СӨЖМ графигі бойынша.
11. Оқитын студенттердің білімін тексеру кестесі
Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100 балмен бағаланады
Студенттің өздік жұмыстрының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі
-
№ р/н
|
СӨЖ түрі
| Есеп беру түрі |
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі.
|
1
|
Дәріс сабақтарға дайындық
|
|
Сабаққа қатысу
|
10
|
2
|
Тәжірибелік жұмыстарға дайындық
|
конспект
|
ТЖ-ға жіберу
|
20
|
|
Зертханалық сабақтар
|
Жұмыс жасау
|
Қорытынды жазу
|
20
|
3
|
Бақылау шараларына
дайындалу
|
тест
|
МБ1,МБ2
|
5
|
4
|
Аудиториялық сабақтарға кірмейтін тақырыпты дайындау
|
Конспект
|
Ауызша
|
5
|
Барлығы
|
60
|
Достарыңызбен бөлісу: |