Зеңбілмен тасымалдау



бет1/5
Дата21.09.2023
өлшемі199.13 Kb.
#478131
  1   2   3   4   5
Зеңбілмен тасымалдау


Зеңбілмен тасымалдау
Зеңбілмен тасымалдауда зақымдалу аз кездеседі. Стандартты санитарлы зеңбіл 2 бөренеден, серіппелі құлыптан және аяқшалардан 2 болат кернегіштен, ауыспалы брезентті матадан және қайыстан тұрады. Зеңбілдің ұзындығы 2,1-2,2 м, ені 55-60 см, салмағы 9,5-10 кг. Қазіргі уақытта жеңілденген зеңбілдер түрі жасалған салмағы 7,5 кг. Зеңбілді келесі әдіспен жазады: екі тасымалдаушы қайысты тартып, ұстағыштан керіп тізесімен тіреп кернегіш шертпек шыққанша зеңбілді ашады да түзулеп жазады. Әрбір тасымалдаушы кернегіш құлыптарының дұрыс жабылғандығын тексереді: тасымалдаушылар бір сәтте құлыпты ашып, кернегішті өздеріне қарай тартып зеңбілді ашады, аяқтарын үсіне қаратып аударады.
Зеңбілге мүмкіндігінше төсемше немесе мықты жапқыш салған жөн, тек жапқыштың бір шеті (ұзындығына) зеңбілдің үстін жауып, ал келесі шеті қасында тұруы қажет. Науқасты зеңбілге жатқызғаннан кейін келесі жарты жапқышпен жабамыз. Науқасты зеңбілден түсірген кезде жапқыш шеттерінен ұстап түсіруге ыңғайлы. Жылдың суық мезгілінде науқасқа бас киім кигізіп, аяқтарын жылы жабу керек. Шок жағдайындағы науқасты қосымша жылытуды ұмытпаған жөн.
Зеңбілде ессіз жатқан, шок жағдайындағы, басми қанайналымы бұзылған, жедел миокард инфарктісімен науқастарды, сонымен қатар жүктілік асқыныстары бар жүкті әйелдерді (эклампсия, түсік қаупі бар болған сәтте және т..б.), сан сүйегінің жарақаты кезінде (сынықтар, кең көлемді жарақаттар), құрсақ қуысының ауыр хирургиялық немесе гинекологиялық аурулармен, бас-ми жарақаттарымен, омыртқа жарақат зақымдалуларымен тасымалдайды


Науқастарды зеңбілмен тасымалдау:
Егер тасымалдау кезінде біреуі шаршағанды сезсе, тез арада келесі тасымалдаушыға хабарлауы керек, себебі шаршаған саусақтар кенеттен жазылып кетуі мүмкін. Тасымалдау уақытында артында келе жатқан тасымалдаушы науқастың жағдайын үнемі бақылап, халін сұрап отыруы керек.
Науқасты зеңбілге жатқызу үшін екі тасымалдаушы науқастың астына қолдарын қояды: біреуі басына және арқасына, келесісі – жамбас және тізе астына; бір сәтте көтеріп зеңбілге жатқызады. Баспалдақпен көтеріп және түсіргенде зеңбілдің бас және аяқ жағын көтеру арқылы горизонтальді деңгейін ұстап тұруы керек. Науқас қолдары тұлға бойымен орналасады. Баспалдақпен төмен түсіргенде науқас аяғымен бағытталып тасымалданады. Артқы тасымалдаушының қолы жазылған шынтақпен, ал алдыңғы тасымалдаушы иығына салып тасымалдайды.
Баспалдақпен жоғары көтергенденауқастыбас жағымен бағытталған күйінде горизонтальді қалыпта тасымалдаймыз. Алдыңғы келе жатқан тасымалдаушының қолы шынтықта жазылған, ал артқы тасымалдаушы иығында орналасқан. Жедел қан жорғалтқанда немесе АҚҚ өте төмен жағдайда керсінше тасымалдайды.
Әртүрлі жарақаттар науқасты тасымалдауда қажетті қалыпты талап етеді, себебі жарақаттану әсерін азайту мақсатында (кесте 5).
Кесте 5.
Жарақатына байланысты зардап шегушінің тасымалдау кезіндегі оптимальді қалпы

Жарақат түрлері

Науқас қалпы

Ессіз жағдайда

Тұрақты қырымен жатқан қалып (басын артқа)

Бастың алдыңғы бетінің және беттің жарақаттары

Арқасына жатқан қалып (басын артқа)

Омыртқаның зақымдалуы

Арқасына жатқан қалыпында (қатты төсеніште)

Жамбас сүйектерінің сынығы

Арқасына жатқан қалыпында (тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүккен қалпында)

Аяқтарының сынығы

Арқасына жатқан қалыпында

Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер

Арқасына жатқан қалыпында (тізе буыны жартылай бүгілген)

Бас сүйегінің қарақұс аймағының жарақаты

Ішімен жатқан қалыпында

Арқаның, бөксенің және аяқтың сыртқы бетінің жарақаты

Ішімен жатқан қалыпында

Бас сүйегінің бет бөлігінің жарақаты

Отырған қалпында

Кеуде қуысының жарақаты

Жартылай отырған қалпында

Қабырғалар сынығы

Отырған немесе жартылай отырған қалпында

Қолдардың жарақатында

Отырған қалпында

Соққылар, тырналулар және кесілген жаралар

Отырған қалпында



Науқасты тасымалдайтын каталка (зеңбіл)
Каталкада тасымалдау – ыңғайлы және аяу әдісі болып табылады. Науқасты каталкаға ыңғайлы қалыппен орналастырып, науқас қолдарын тасымалдау кезінде ығысып кетпеуі үшін кеудесіне немесе ішіне қойып тасымалдайды. Каталкадағы науқас қалпы дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына әкеледі, науқастың күш жұмасауын талап етпейді. Артқы тасымалдаушы науқас жағдайын үздіксіз бақылауына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет